Практикалық жұмы Санау жүйесі (2 сағ) Мақсаты


Мәліметтер шинасы. Адрестер шинасы. Ішкі регистрлер



бет16/33
Дата16.05.2020
өлшемі0,59 Mb.
#68987
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Байланысты:
Практикалық жұмыс Архитектура
Практикалық жұмыс Архитектура, Базарбек Гүлназ ТФП-212 тобы...., 1
Мәліметтер шинасы. Адрестер шинасы. Ішкі регистрлер.

Дербес компьютерлердің атақты шиналарының бірі болып - IBM PC бөлімдеріндегі алғашысы XT архитектурасының шинасы XT- Bus табылады. Салыстырмалы қарапайым, 20-разрядты (1 Мб) адрестік кеңістіктің ішінде 8-разрядты мәліметтермен ("8/20 разрядтылық" болып белгіленеді) алмасуды қамтамассыз етеді, 4.77 МГц жиілігінде жұмыс жасайды. IRQ жолдарын ортақ пайдалану жалпы жағдайда мүмкін емес. 62-контактілі алып-салғыштарда (разъемах) конструктивті жасалған. ISA (Industry Standard Architecture - өнеркәсіптік стандарт архитектура) - PC АТ (басқа атауы - АТ-Bus) түріндегі компьютерлердегі негізгі шина. XT-Bus-тың кеңейтілген түрі болып табылады, разрядтылығы - 16/24 (16 Мб), тактілі жиілігі - 8 МГц,шекті істеп шығу қабілеттілігі -5.55 Мб/с. Сонымен қатар, IRQ-ді бөлістіру мүмкін емес. Стандартты емес ұйымдастыру Bus Mastering мүмкін, бірақ ол үшін бағдарламаланған 16-разрядты DMA каналы қажет. 62-контактілі алып-салғыш XT-Bus түрінде конструктивті жасылған. Оған 36-контакілі алып-салғыш кеңейткіші тіркелінген.



EISA (Enhanced ISA - кеңейтілген ISA) – функционалды және конструктивті кеңейтілген ISA. Сыртқы алып-салғыштары ISA-дағыдай, және оларға ISA платалары да салынады, бірақ алып-салғыш түбінде қосымша бірқатар EISA контактілер болады, ал EISA платаларында қосымша контактілер қатары бар алып-салғыштың едәуір жоғары аяқты бөлігі болады. Разрядтылығы - 32/32 (адресті кеңістігі - 4 Гб), сонымен қатар 8 МГц тактілі жиілігінде де жұмыс жасайды. Шекті істеп шығару қабілеттілігі- 32 Мб/с. Bus Mastering-ті ұстанады – шинадағы кез келген құрылғылар тарапынан шинаны басқару режимі, шинадағы құрылғыларға рұқсат алуды басқаруға арналған арбитраж жүйесіне ие, құрылғылар параметрлерін автоматты түрде реттеуге мүмкіндік береді, IRQ және DMA каналдарын бөлістеру мүмкін.

МСA (Micro (Сhannel Architecture - микроканалды архитектура) – IBM фирмасының PS/2 компьютерлерінің шинасы. Басқалардың біреуімен де сыйыспайды, разрядтылығы - 32/32, (базалығы - 8/24, қалғандары – кеңейтушылер ретінде). Bus Mastering ұстанады, арбитраж бен автоматты конфигурацияға ие, синхронды (алмасу циклінің ұзақтығы қатаң белгіленген), шекті істеп шығару қабілеттілігі - 40 Мб/с. Конструктивті түрде тұтас бір үш секциялы алмалы-салмағыш (разъем) (VLB-дағыдай) көрінеді. Бірінші, негізгі секция - 8-разрядты (90 контактілі), екіншісі - 16- разрядты кеңейтуші (22 контакттілі), үшінші - 32- разрядты кеңейтуші (52 контакттілі). Негізгі секцияда дыбыс сигналдарын тасымалдауға арналған жолдар қарастырылған. Қосымша алмалы-салмағыштардың бірінің қасына бейне кеңейтуші (20 контактілі) алмалы-салмағыш орнатылады. EISA мен МСА көп жағдайда параллельді, EISA-нің пайда болуы бұл IBM-нің МCА архитектурасына меншігімен түсіндіріледі.

VLВ (VESA Local Bus - VESA стандартының локальды шинасы ) - 32-разрядты (ISA шинасына қосымша). Конструктивті түрде ISA алмалы-салмағыш болғанда қосымша алмалы-салмағыш болып табылады (МСА кесілді 116- контактілі,). Разрядтылығы - 32/32, тактлі жиілігі - 25..50 МГц, алмасудың шекті жылдамдығы - 130 Мб/с.Электронды түрде процессордың локалды шинасы түрінде жасалынған – процессордың көптеген шығатын және кіретін сигналдары аралық буферизациясыз VLB-платаларына беріледі. Осының салдарынан процессордың шығыс каскадына түсетін күш өседі, локалды шинадағы сигналдар сапасы нашарлайды және оның бойымен алмасудың сенімділігі төмендейді. Сондықтан VLB қондырылатын құрылғылар санына қатаң шектеу қояды: 33 MГц -те - үшеу, 40 МГц-те – екеу, және 50 МГц-те - біреу, сонымен бірге олардың барлығы жүйелік платаға етене енгізілген болғаны жақсы.

РCI (Peripheral Component Interconnect – сыртқы компоненттерді байланытыру) – VLB-нің EISA/MCA жағында дамуы. Басқалардың біреуімен де сыйыспайды, разрядтылығы - 32/32(кеңейтілген нұсқасы - 64/64), тактлі жиілігі - 33 МГц дейін (PCI 2.1 - 66 МГц дейін), істеп шығару қабілеттілі - 132 Мб/с дейін (66 МГц-гі 32/32 үшін 264 Мб/с және 66 МГц-гі 64/64 үшін 528 Мб/с), Bus Mastering ұстанады және автоматтандырылған конфигурация. Бір сегментегі шинаның алмалы-салмағыштар саны төртеумен шектелген. Сегменттер бірнеше болуы мүмкін, олар бір-бірімен көпірлер (bridge) арқылы байланысады. Сегменттер түрлі топологияда (бұтақ, жұлдызша және т.б.) байланысуы мүмкін. Қазіргі таңда ең танымал шина, сонымен бірге басқа да компьютерлерде қолданылады. Алмалы-салмағышы MCA/VLB-қа ұқсас, бірақ ұзынырақ (124 контактілі). 64-разрядты алмалы-салмағыштың өз кілті бар қосымша 64-контактілі секциясы болады. Оларға арналған карталар мен алмалы-салғыштардың барлығы 5В, 3.3 В сигналдар деңгейінен ұстанатындар мен әмбебаптар болып бөлінеді; бірінші екі тип бір-біріне сәйкес келуі керек, ал әмбебап карталар кез келген алмалы-салғышқа салынады.

PCMCIA (Personal Computer Memory Card International Association – дербес компьютерлерге арналған жады платаларын шығарушылар ассоциациясы) - NoteBook класына жататын компьютерлердің сыртқы шинасы Модулдың басқа атауы PCMCIA - PC Card. Барышна қарапайым, разрядтылығы - 16/26 (адрестік кеңістігі - 64 Мб), автоконфигурацияны ұстанады, құралғыларды компьютердің жұмыс жасау процессінде қосуға және айыруға болады. Конструктивтілі - миниатюрлі 68-контактілі алмалы-салмағыш. Ток төзінің контактілірі барынша ұзын етіліп жасалынған, бұл деген өз кезегінде компьютер тоғы қосылып тұрғанда картаны салып және қайта суыруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет