Мұнда көрсетілген типологиялық шағын белгілер дүние жүзіндегі тілдерді қамти алмайды. Осыны байқаған Шлегельдің туысы Август Шлегель 1818 жылы шыққан "Провансаль тілі туралы" атты зерттеуінде алдыңғы екеуі үстіне аморфты тіл дегенді қосады. Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді. Бірақ формасыз тіл болмайды, тек оның көріну жолдары әр тілде әр басқа болады. Сондықтан бұл жіктеу де толық емес. Ағайынды Шлегельдердің біраз кемшіліктерін ашып, типологиялық зерттеуді едәуір дамыта түскен ғалым - В.Гумбольдт. Ол тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеуге екі түрлі белгіні негіз етуді ұсынады:
Осы белгілерге сүйене отырып, Гумбольдт дүние жүзіндегі тілдерді 4 топқа бөлді, жоғарыда аталған 3 белгінің үстіне инкорпорациялы тілдегенді қосып, оған Америка индеецтері мен палеоазиат тілдерін жатқызады.