Тіл философиясы.
Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Тіл ғылымы дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ол туралы алдыңғы тарауларда айтылды.
Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды.
Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты.
Тіл ғылымы тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы – Вильгельм Гумбольдт /1767-1835/.
Оның бұл салалардағы тұжырымдары толық та, айқын баяндайтын еңбектері - "Адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы" /1827/, "Ява аралығындағы Кави тілі туралы" /1836/ деп аталатын туындылары.
Гумбольдт тіл білімінің өзіндік философиялық қоры – тіл философиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |