Ежелгі Үнді тіл білімі.
Ежелгі үнділердің зертеулері жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырдан басталады.
"Веда" – өте ерте заманнан сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан тұратын үнділердің жазба ескерткіштері.
"Веда" тілін зерттеудің мақсаты – киелі жинақтағы үнділерге түсініксіз сөздер мен сөйлемдерді айқындау, қарапайым сөйлеу тілінің әсерінен қорғау, олардың айтылуы мен мағынасын өзгеріссіз сақтау.
"Веда" тілін зерттеу 4 бағытта жүргізілген:
Фонетика мен орфоэпияны зерттеу
Жырдың құрылысы мен өлең өлшемдерін зерттеу
Грамматиканы зерттеу
Жеке сөздердің тіркесін және оның мағынасын, яғни лексикасын зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: |