Филологиялық кезең: басты ерекшелігі - грамматикалық ілімнің философия мен логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралуы. Бұл кезеңде – Александрия мектебі деп аталатын бағыт қалыптасты. Александриялық мектепті қалыптастырып, грамматика ілімін дамытушылар:Аристарх Самофракийский (б.д.д. 200-150 ж), оның шәкірттері Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол (біздің заманымыздың II ғасыры) болды.
Ежелгі Грек дәуірінен келе жатқан зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынас жөніндегі талас бұл дәуірде де болды. Бірақ бұл кездегі талас тілде белгілі бір заңдылық деген бола ма, жоқ па деген мәселе төңірегінде болды.