Практикалық жұмыс №11



бет2/3
Дата22.11.2023
өлшемі450,79 Kb.
#192996
1   2   3
Байланысты:
Практикалық тапсырма 11 Радиациялық қауіпсіздік

Сыртқы сәулелену адам ағзасына сырттан ионизациялық сәулелердің әсер етуін айтамыз.Мысалы, ғарыштық сәулелер, табиғи радиоактивті көздер, атмосферада, суда және т.б .
Ал ішкі сәулелену деп сәуленің адам ағзасына тыныс мүшелері, ішек-қарын, тері мүшелері арқылы енуін айтамыз
Радиоактивті сәулелер адам организміне агрессивті фактор ретінде әсер етеді. Оның әсері уақытқа және сәуле шығару көлеміне, радиацияның ағзаға енуіне байланысты, сонымен бірге сәулелену қарсы иммундық жүйенің күші жеткіліксіз.
Сәулелену ауруларын зерттеу кезінде, радиациямен зақымданған дәрежеге сүйеніп, оның негізгі шекарасын және ағзада қандай мүшеде патологиялық өзгерістер болғандығын анықтай алуға болады:
•асқазан - ішек тракты;
• Орталық жүйке жүйесі ;
• Қанайналым жүйесі ;
• Жұлын.
Адамға радиацияның әсер етуі уақытқа байланысты сәулелік аурулардың 2 түрі болады: Асқынған немесе өткір созылмалы
Өткір радиация — ядролық жарылыс кезінде тарайтын радиоактивті сәулелер (гаммасәулелер мен нейтрондар). Ядролық жарьшыс кезінде пайда болып, лезде жанжаққа тарайтын, көзге көрінбейтін және адамдар сезінбейтін сәуле ағыны. Өткір радиацияға атом жарылысы энергиясының 10-15 пайызы кетеді. Өткір радиацияның әсері 10-15 секундқа созылады да, ол организм клеткаларын иондап, оған зиянды биологиялық әсерін тигізеді. Оның әсерінен тірі клеткалар кобею мүмкіншілігін жояды да, сәуле ауруына шалдығады. Аурудың дәрежесін радиоактивті сәулелендірудің молшері арқылы біледі, оны рентген көрсетеді.
Асқынған сәулелік ауру. Асқынған сәулелік ауру ең соңғы қысқа уақыт ішінде( 1гр) болған радиациялық сәуле өту кезінде туындайды. Бұл мөлшер сындарлы және адам ағзасында аурудың пайда болуына және асқынуына, кейде науқастың өліміне алып келеді.
Патогенезі
Өтпелі радиация клетка ішілік суды иондайды, сондықтан ол организмнің барлық тіндері мен ағзаларын қамтиды. Клетка ішіндегі құрылымдар зақымданады, хромосомдар мен ДНК жіптері үзіледі.Бұл тіндердің өмірін қысқартады.
1 кезең — алғашқы реакция кезеңі — алынған сәуле дозасына байланысты орталық нерв жүрекқан тамыр жүйелерініңқызметтері өзгеруімен қатар, қан қүрамында уақытша ақ түйіршіктер көбейеді. Өте көп иондаушы сәуленің дозасы шок туғызып, соның салдарынан адам есін жимай өліп кетуі мүмкін. Аурудың алғашқы белгісі 1—2 сағаттан соң байқалып 48 сағатқа дейін созылады. Содан соң екінші сәуле ауруы кезеңі басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет