Практикалық жұмыс 5 Python-да жолдармен жұмыс Жұмыстың мақсаты



бет1/4
Дата30.12.2021
өлшемі91,04 Kb.
#106989
  1   2   3   4
Байланысты:
Практикалық жұмыс 8-9


Практикалық жұмыс 5
Python-да жолдармен жұмыс
Жұмыстың мақсаты: жолдармен жұмыс істеу тәсілдерімен танысу

Жол - өзгермейтін символдар тізбегін ұсынатын негізгі тип; str кілттік сөзі «string» – «жол» сөзінен алынған.


Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар мен әдістер

Функция немесе әдіс

Қызметі

S1 + S2

Конкатенация (жолдарды қосу)

S1 * 3

Жолды қайталау

S[i]

Индек бойынша қатынасу

S[i:j:step]

Бөліп алу

len(S)

Жол ұзындығы

S.join(тізім)

str тізбегінен берілген бөлгіш арқылы жолдарды қосу

S1.count(S[, i, j]) 

s1 жолындағы s ішкі жолының кіріс сандары. Нәтижесі сан болады. i арқылы іздеу басын, ал  j арқылы соңын көрсетуге болады.

S.find(str, [start],[end])

Жолда ішкі жолда іздеу. Бірінші сәйкестік нөмерін немесе -1 мәнін қайтарады.

S.index(str, [start],[end])

Жолда ішкі жолда іздеу. Бірінші сәйкестік нөмерін немесе ValueError мәнін қайтарады.

S.rindex(str, [start],[end])

Жолда ішкі жолда іздеу. Соңғы сәйкестік нөмерін немесе ValueError мәнін қайтарады.

S.replace(шаблон, алмастыру)

Алмастыру шаблоны

S.split(символ)

Бөлгіш бойынша жолдарды бөлу

S.upper()

Жолды жоғары регистрге түрлендіру

S.lower()

Жолды кіші регистрге түрлендіру

Төменде жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар мен әдістерді қолдану мысалының программасы келтірілген.




Сурет-1. Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар мен әдістерді қолдану программасы



Сурет-2. Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар мен әдістерді қолдану программасының нәтижесі


s1='Қыздар'

s2='программалау'

s3='программалау*программалау*программалау*программалау'

s4='информатика'

print('s1=', s1)

print('s2=', s2)

print('s3=', s3)

print('s4=', s4)

print('s1+s2=', s1+s2) #екі жолды қосу

print('s4*3=', s4*3) #жолды 3-ке көбейту, яғни жол 3 рет шығады

print('s1[2]=', s1[2])#2 индексімен берілген жолды шығару

print('s1[2,4]=', s1[2:4])#2 индекстен бастап 4 индекске дейін жолды бөліп алу

print('s3.count=', s3.count(s2)) #s3-тегі s2 жолының саны

print('s1.find("а")=', s1.find('а')) #s1-ден а санын табу

print('s3.index("п")=', s3.index('п')) #s3-тен п санын табу

print('s3.rindex("п")=', s3.rindex('п')) #п символнының соңғы орнын көрсетеді

print('s3.split(*)=', s3.split('*')) #* бөлгіші бойынша бөлу

print('s4.upper=', s4.upper()) #символдарды жоғары регистрге ауыстыру

print('s4.lower=', s4.lower())#символдарды төменгі регистрге ауыстыру



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет