Нұсқа 10 1. A (> 1) саны берілген. 1 + 1/2 + … + 1/K қатарының қосындысы A дан кіші болатын K бүтін саны мен осы қосындының өзін шығару керек.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. Топтағы 20 студенттің Программалау 2 пәнінен бағалары белгілі. Орташа бағаны есептеу керек.
Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
Нұсқа 11 1. N (> 0) бүтін саны берілген. Квадраты N санынан аспайтын ең үлкен K бүтін санын табу керек: K^2 ≤ N. Түбірастыны есептеу формуласын қолдануға болмайды.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. Электр тізбегіндегі элементтер кедергісі белгілі. Барлық элементтер тізбектей қосылған. Тізбектің жалпы кедергісін табу керек.
Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
Нұсқа 12 1. Экранға 2 саны үшін оның 0-ден 20-ға дейінгі дәрежесін шығаратын программа құрыңдар.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. 101 және 102 топтың Программалау 2 пәнінен алған бағалары белгілі. Екі топтағы студенттер саны 101-топта 20, ал 102-топта19. Әрбір топтың орташа бағасын есептеу керек.
Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
Нұсқа13 1. Сенің туылған күніңе құрбың 1000 теңге сыйлады. Әрбір келесі туылған күніңде құрбың саған беретін сыйлықты 2 есе арттырып және оған сенің жаңа жасыңды қосып отырды. Сенің қанша жасыңда құрбыңның сыйлығы 10000 теңгеден асатынын анықтайтын программа құр.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. Алматы облысында 12 аудан бар. Ондағы әрбір ауданның тұрғындар саны (мың адам есебімен) мен көлемі (в км2) белгілі. Халықтың тығыздығын анықтайтын программа құрыңдар. Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
Нұсқа 14 1. y = -0.5x + x функциясының мәндер тізбегін шығаратын программа құрыңдар. (x) аргументінің мәні минимум, максимум және қадам бойынша беріледі. Мысалы, минимум 1, максимум 3, ал қадамы 0.5 болса, онда экранға x-тің 1-ден 3-ке дейін 0.5 қадаммен (1, 1.5, 2, 2.5, 3) берліген функция мәнін х-тің әрбір қадамы үшін шығаратын программа құрыңдар.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. Бір жасушалы амеба әрбір 3 сағат сайын 2 жасушаға бөлінеді. 3, 6, 9, ..., 24 сағаттан кейін қанша жасуша болатынын есептеуге арналған программа құрыңдар.
Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
Вариант 15 1. Енгізілген бүтін санның цифрларының қосындысы мен көбейтіндісін табыңдар. Мысалы, 325 енгізілсе, онда оның цифрларыныңқосындысы 10 (3+2+5), ал көбейтіндісі 30 (3*2*5) мәндеріне тең.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. Шаңғышы жаттығуын бастап, бірінші күні 10 км жүріп өтті. Әрбір келесі күн үшін ол жүріп өтетін жолды 10%-ға арттырып отырды. Келесілерді анықтау керек:
а) екінші, үшінші, ..., оныншы күнге шаңғышының жүріп өткен жолыныңұзындығы;
б) алғашқы 7 күнгі жаттығуда барлығы қанша жол жүріп өтті.
Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.