Практикалық жұмыс Мақсаты: Негiзгi кестелердi құру



бет4/7
Дата12.12.2023
өлшемі34,59 Kb.
#196583
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Access практикалық тапсырмалар ИЕТ-9-20 тобы

Отырар Кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запрос) панелiн ашыңыз. Конструктор режiмiнде сұраныс құру таңбашасына екi рет шертсенiз, үлгi бойынша сұраныстың бланкiсi ашылады.

  • № 8.4. зертханалық жұмыс бойынша Оқулықтар кестесiне негiзделiнген, келесi өрiстерден тұратын таңдамаға сұраныс даярлаңыздар:

    -кiтаптың аты мәтiндiк
    -кiтаптың авторы мәтiндiк
    -бағасы қаржылық
    -баспасы мәтiндiк



    1. Сұранысты iске қосқанда қолданушы қажеттi мәндi енгiзетiн хабар ала алатындай етiп Бағасы өрiсiнiң Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолын толтыру қажет.

    Қолданушының назарына арналған мәтiн тiк жақшаға алынуы қажет. Егер бiз бағалары 400-ден қымбат кiтаптарды iрiктеп алғымыз келсе >400 деп жазар едiк. Егер бағасы 100-теңгеден арзан кiтаптар қажет болса, онда <100 деп енгiзер едiк. Бiрақ бiз бағаны таңдау мүмкiндiгiн қолданушының өзiне берсек, онда < [Ең жоғарғы бағаны енгiз] деп жазуымыз қажет.

    1. Сұраныс (Запросы) терезесiн жабыңыз. Жабу кезiнде оны Оқулықтарды таңдау деген атпен сақтап қойыңыз.

    2. Отырар кiтапханасы:мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запросы) панелiн ашыңыз және Кiтаптарды таңдау сұранысын iске қосыңыз. Сонда экранда Параметрдiң мәнiн енгiз (Введите значение параметра) деген жазу бар терезе ашылады.

    3. Өзiңiз қалаған мәндi енгiзiп, ОК батырмасын басыңыз.

    Оқулықтар кестесiндегi енгiзiлген мәндерге байланысты сұраныстың нәтижесi – қорытынды кесте алынады.
    9. Мәлiметтер базасының барлық объектiлерiн жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.


    Лабораториялық жұмыс




    Мақсаты:Қорытынды сұраныс дайындау

    Оқулықтар кестесiне кiтапханадағы барлық оқулықтардың параметрлерiн енгiзе отырып түгел толтырсақ, онда барлық оқулықтардың орташа көлемiн және орташа бағасын бiлуге болады. Қандай да бiр сандық өрiстiң барлық жазбаларына қолднатын есептеулердi қорытынды сұраныс дейдi. Қорытынды сұраныста өрiстiң барлық ұяшықтары бойынша орта мәннiң шамасы мен мәндерiнiң қосындысын есептеуге, өрiстегi мәлiметтердiң ең үлкен немесе ең кiшi мәндерiн табуға және басқа да қорытынды функцияны орындауға болады. Қорытынды сұраныстар да, таңдамалы сұраныстар сияқты үлгi бойынша сұраныс бланкiсiнiң көмегiмен дайындалады.


    Айталық, кiтапханада оқулықтың үш категориясын: экономикалық, заң және техникалық болсын. Бiздiң мақсатымыз -- әрбiр категориядағы әдебиеттiң орташа бағасын анықтайтын қорытынды есептi шығару.

    1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft Access).

    2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосып, бұрын даярланған Отырар кiтапханасы базасын таңдаңыз да, ОК батырмасын шертiңiз.



    3. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет