Практикалық жұмыс Мақсаты: Негiзгi кестелердi құру



бет2/7
Дата12.12.2023
өлшемі34,59 Kb.
#196583
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Access практикалық тапсырмалар ИЕТ-9-20 тобы

Практикалық жұмыс
Мақсаты: Кестеаралық байланыстарды құру.

1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.


2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кiтапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.
3. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде Кестелер (Таблицы) панелiн ашыңыз. Онда бұрын құрылған Оқырмандар және Оқулықтар кестелерiнiң таңбашалары барына көзiңiздi жеткiзiңiз.
4. Аспаптар панелiнен Мәлiметтер схемасы (Схема данных) батырмасын iздестiрiңiз. Егер қиындықтар болса, меню жолындағы команданы табыңыз: Сервис Мәлiметтер схемасы (Схема данных). Мәлiметтер схемасы терезесiн ашу үшiн, осы тәсiлдердiң кез-келгенiн қолданыңыз. Осы терезенiң ашылуымен қатар бiр уақытта Кестелердi қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесi ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құратын кесте таңдауға болады.
5. Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар кестелерiн таңдаңыз -- Мәлiметтер схемасы терезесiнде осы кестелердiң өрiс тiзiмдерi ашылады.
6. SHIFT пернесiн басып тұрып Оқырмандар кестесiнен екi өрiстi ерекшелеңiз: Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы.
7. Осы өрiстердi Оқулықтар кестесiнiң өрiс тiзiмiне әкелiңiз. Тышқан
батырмасын жiберген сәтте, Байланысты өзгерту(Изменение связей) сухбат
терезесi шұғыл түрде ашылады.
8. Байланысты өзгерту(Изменение связей) терезесiнiң оң жақ панелiнен байланысқа қосылатын Оқырмандар кестесiнен Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы өрiстерiн таңдаңыз.

  1. Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесiн жауып, Мәлiметтер схемасы (Схема данных) терезесiнен пайда болған байланысты көрiңiз. Байланыс сызығын тышқанның сол жақ батырмасын шертiп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге және редакциялауға мүмкiндiк беретiн жанама меню ашылады.

  2. Мәлiметтер схемасы терезесiн жабыңыз программасын жабыңыз.


Лабораториялық жұмыс
Мақсаты: Таңдамаға сұранысты құру.

Бұл жұмыста көлемi 500 беттен, бағасы 150 теңгеден аспайтын кiтаптарды iрiктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.



  1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кiтапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет