Жұмыс барысы: Microsoft Access программасын iске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft Access).
Microsoft Access терезесiнде Жаңа мәлiметтер базасы ( новая база данных )
ауыстырып – қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертiңiз.
Жаңа мәлiметтер базасының файлы (Файл новой базы данных)терезесiнде
\Менiң құжаттарым (Мои документы) қаптамасын таңдап алып, файлға Отырар кiтапханасы деп ат берiңiз. Файл типi ретiнде Microsoft Access мәлiметтер базасы алынғанын көресiз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа Отырар кiтапханасы мәлiметтер базасының терезесi ашылады.
Кестелер панелiн ашыңыз.
Конструктор режiмiнде кесте құру белгiсiне екi рет шертсеңiз кесте құрылымын даярлау бланкiсi ашылады.
Бiрiншi кесте үшiн төмендегiдей өрiстердi енгiзiңiз:
өрiс атауы өрiс типi -оқырманның аты-жөнi мәтiндiк
-кiтаптың аты мәтiндiк
-кiтаптың авторы мәтiндiк
-кiтаптың нөмiрi мәтiндiк
-кiтап алған уақыты мерзiм\уақыты
-бағасы қаржылық
Кiтаптың нөмiрi өрiсi мәтiндiк өрiс екнiне көңiл аударыңыз, өйткенi олардың сандық мағынасы жоқ. Кiтап нөмiрлерiн бiр-бiрiне қосуға, көбейтуге, салыстыруға болмайды.
Болашақ Оқулықтар кестесiмен байланыс орнату үшiн түйiндi өрiс беруiмiз қажет. Кiтаптың аты өрiсiн қайталанбайтын өрiс ретiнде таңдап алуыңызға болады. Бiрақ өте үлкен мәлiметтер базасында аттары әр түрлi кiтаптар кездесуi мүмкiн. Сондықтан бiз Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы өрiстерiнiң комбинациясын түйiндi өрiс ретiнде пайдаланамыз. Бланкiнiң жоғарғы бөлiгiндегi өрiстi ерекшелеп алыңыз (Shift). Тышқанның оң батырмасын шерту арқылы жанама менюдi ашыңыз және одан Түйiндi өрiс (ключевое поле) бөлiмiнiн таңдап алыңыз.
Конструктор терезесiн жабыңыз. Терезенi жабу кезiнде кестеге Оқырмандар деп ат берiңiз.
5-9 бөлiмдердегi амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесiн құрыңыз. Оған төмендегiдей өрiстер енедi:
өрiс атауы өрiс типi
- кiтаптың аты мәтiндiк
-кiтаптың авторы мәтiндiк
-баспасы мәтiндiк
-шыққан жылы мерзiм\уақыты
-кiтаптың нөмiрi мәтiндiк
-көлемi сандық
-бағасы қаржылық
Көлем өрiсiн шертiңiз. Бланкiнiң төменгi бөлiгiнде ондық белгiлер саны 0-ге тең қасиетiн берiңiз.
Бұл кестеге түйiндi өрiс енгiзбесе де болады -- берiлген тапсырмада ол талап етiлмейдi.
Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде құрылған кестелердi кезекпен ашып, оларға он шақты жазбалар енгiзiңiз. Жұмысты аяқтап кестелердi жабыңыз. Mikrosoft Access программасын жабыңыз.