Практикалық психология пәнінен лекциялар кешені №1 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы



Pdf көрінісі
бет16/65
Дата03.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#134248
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
Байланысты:
Практикалы психология п нінен лекциялар кешені №1 д ріс. Практи (1)
№4,2 Жасушаның ген. аппар, 5 апта Жас Ишки секция, 5 апта Реферат
Психологиялық сұраныс – 
клиенттің кеңес берушіге деген мотивтенген 
қатынасын белгілі бір бейнемен кӛрсету.
Сұраныстың келесідей түрлерін бӛлуге болады: 
а) эмоциялық және моральдік қолдау кӛрсетуге байланысты («дұрыс емес пе: 
менікі дұрыс па?», «мен жақсы адаммын ба?», «менің шешімім дұрыс па?»); 
б) талқылауға қатысу туралы («маған кӛмектесіңізші, ситуацияны дұрыс 
түсінгендігіме сенімсізбін»); 
в) мәлімет туралы («бұл туралы не мәлім»);
г) дағдыға үйрету туралы («мынау менің қолымнан келмейді, үйретіңізші»); 
д) позицияны құруға кӛмектесу туралы («егер ол менің кӛзіме шӛп салса, мен не 
істеуім керек?»). 
Практикалық психологтың қызметіне деген нақты сұраныс тапсырыс берушіге 
немесе клиентке байланысты. Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру 
ұғымының астарында кеңесшілердің, психотерапевттердің және ӛзгеше маманданған 
практикалық психологтардың қызметін пайдалану даярлығында кӛрінетін кәсіби іс –
әрекеттің аталмыш формасының қажеттігін тиімді қоғамдық мойындау жағдайы 
анықталады.
Жалпы бұндай тапсырыс күрделі ішкі немесе тұлғааралық мәселелерге 
қатысты кеңес қажет психикалық дені сау адамдардан түседі. Әрине психологқа 
мәселелерін ӛз бетінше шеше алатын, ӛмірін психологиялық зақымдайтын 
жағдайлардың пайда болуының алдын алатындай құра алатын адамдар келмейді. 
Алайда оның іс –әрекетіндегі немес ӛміріндегі экстремалды оқиғалар да кәсіби 
психологиялық кӛмекке деген қажеттілікті тудыруы мүмкін. 
Клиенттер және тапсырыс берушілер де психологтың қызметіне тікелей 
тапсырыс беретіндер болып табылады. Практикалық психологиядағы клиент бұл 
психологтан кӛмек алатын адам. Психологқа ӛзі, басқа адамдар немесе олармен ӛзара 


қатынастары жайлы психологиялық ақпаратты табыс ететін ересек адам немесе бала 
практикалық психологтың клиенті болып табылады. Ол ӛзін сол ақпараттың 
мазмұнына жауапты санайды, ӛйткені ол оның күйзелістері мен тиімсіз ойларының 
ӛнімі болып табылады. Сонымен бірге клиент психологиялық ақпаратты алушы да 
болып табылады, яғни дәл ол проблемасын психологқа артпай ӛзі шешуі тиіс.
Балаларға 
қатысты 
мұғалімдер, 
балаларына 
қатысты 
ата 
–аналар, 
қызметкерлеріне 
қатысты 
ұйымдардың 
басшлығы, 
аурулардың 
нақты 
категорияларына қатысты 
дәрігерлер, 
психологиялық 
сараптамаға 
мұқтаж 
айыпталушыларға қатысты сот органдары психологтың қызметтеріне тапсырыс 
берушілерге жатады. Жарнамашылар, қоғаммен байланыстар жӛніндегі құрылымдар 
және имиджмейкерлер де ӛзінше психологтың қызметіне тапсырыс береді. Олар 
ӛздерінен тәуелсіз «клиент» – тікелей сатып алушылармен немесе дауыс 
берушілермен қызметке бағдарланады.
Психологқа мектептегі білім жүйесінен келіп түсетін едәуір кеңнен танылған 
тапсырыстарды қарастырып кӛрелік. Мұғалімдердің және ата –аналардың тарапынан 
түсетін тапсырыстар кӛбінде кейбір балалар мен жас ӛспірімдердің оқығысы және 
қабілеттерін пайдаланғысы келмеуімен, барлық немесе нақты пәндер бойынша тӛмен 
үлгеріммен байланысты. Оқушылар ӛздерін нақты іскерліктер мен дағдыларды 
меңгеруге, есті дамытуға, сабақта анағұрлым зейінді болуға, уақыттарын орынды 
бӛлуге үйретуді сұрай келеді. 
Кӛптеген тапсырыстар жеке проблемалар жӛнінде болады: баланың 
мазасыздығы (әсіресе мектептегі), әртекті кешендер, баланың ӛз –ӛзіне сенімсіздігі, 
мінез –құлықтағы және ӛзгелермен ӛзара қатынастарындағы қиындықтар. Оқушылар 
психологтан құрдастарымен әсіресе қарама –қарсы жыныстағы құрдастарымен қарым 
– қатынастарындағы, мүғалімдермен және ата –аналарымен ӛзарақатынастарындағы 
қиындықтарды жеңуге кӛмектесуді сұрайды. Жоғары сыныптағы жас ӛспірімдер мен 
боз балалар нақты қасиеттерін қалай дамытуға болатынын, қандай мамандықты 
таңдауға болатынын сұрайды. Психологқа «қиын» сыныптармен тәрбие жұмысының 
бағдарламасын қалай құруға болатыны жӛнінде, нашар отбасыларындағы балаламен 
қалай жұмыс жасауға болатыны жайлы; сынып пен мұғалімнің, ата –аналар мен 
балалардың, ӛзара оқушылардың арасындағы дауларды қалай шешуге болатыны, 
мектеп пен ата –аналардың арасындағы қатынасты қалай реттеуге болатыны жайлы 
тапсырыстар келеді.
Психологқа келіп түсетін сұраныстардың бірқатары оқуда елеулі нәтижелерге 
жетпеген, ӛздерінің кәсіби қызығушылықтарын сезіне қоймаған, ӛздерін қабілетсіз 
сезінетін оқушыларға қатысты кәсіби бағдарға байланысты. Психологқа баланың 
дарындылығына орай оның оқу курсын тездетіп ӛтудің орындылына байланысты 
тапсырыстар да келеді.
Ұйымда қызмет ететін психолог тұрақты әрекет етіп отыратын әлеуметтік 
тапсырысты 
ӛзінің 
күнделікті 
міндеттерін 
бастамашылдықпен 
және 
шығармашылықпен орындауында жүзеге асырады. Ол ӛзінің жоспары бойынша 
жұмыс жасай отыра дара немесе топтық психологиялық проблемаларды анықтайды, 
оларды зерттеп, шешу жолдарын іздестіреді. Мәселен, психолог оқушылармен 
танысу үшін ағылшын тілі сабағына келеді. Оның назарын мұғалімнің әрбір сұрағына 
қолын кӛтеріп, менімді, ашық та қуанышты жауап беретін қыз назарын аулайды. 
Мұғалім аталмыш сыныптағы балаларды сиаттауда сол қызды ӛте қабілетті деп 
атайды. Алайда келесі математика сабағында ол ӛз ӛзіне ұқсамайтындай: пысықтығы 
жоғалып кетті, сұрақтарға селт етпейді, ал егер сұраса сенімсіз де жасқаншақтықпен 
жауап береді. Математика пәнінің мұғалімі қызды үлгерімі әлсіздердің қатарына 
жатқызады. Психологтың алдында: осындай соншалықты әркелкі оқудың негізінде не 
жатыр? деген сұрақ туындайды. Ендігі жолда ол тәжірибеден алынған 


вербалданбаған, кӛркемделмеген тапсырыстың негізінде психоло гиялық проблеманы 
құрастыруы қажет. 
Жалпы клиенттер тәжірибелеуші психологпен кездесуге кеңес алу немесе 
психотерапия сеанстарына ӛз бетінше келеді. Алайда кейбір жағдайларда (жабық 
мектептер, түрмелер, клиникалар) адамдарды психологқа олардың келісімінсіз 
бағдарлайды. Әрине осындай жағдайда ӛзара қолайлы қатынастарды қалыптастыру 
қиынға соғады.
Клиентке қарағанда тапсырыс беруші психолог пен клиент арасындағы делдал 
іспеттес. Кейде ол жақындарына, таныстарына немесе қоластындағыларына 
психологиялық кӛмектің қажет екендігін сезінетін алайда оны ӛз күшімен жасай 
алмайтын интуитивті психолог рӛліне енеді. Кейде ол нақты ұйымның басшысы 
ретінде ондағы сәйкес инновациялық немесе қайта ӛңдеу іс шараларының шешу 
жоспарларына енген диагностикалық және кеңес беруші іс шаралады және кеңес 
беруші іс шаралады бастамашысы болып табылады. Кейбір жағдайларда клиент пен 
тапсырыс беруші бір адам болып табылады. Ол психолотан жеке дара кӛмек
сұралып, топтық (тұлға аралық) психодиагностика мен кеңеске ұласатын, 
ӛзарақатынастардағы дау дамайлардың шешілуі болжайтын жағдайларда орын алады. 
Егер де адам психологқа: «Мен мұнда балаларыммен дұрыс араласу үшін және ол 
жайында талқылау үшін келдім» деп кӛмек сұрай келсе, психолог балалар 
проблеманың орталық үзбелісі болып табылса да олар жайлы тақырыпты елемей қоя 
алмайды.
Тапсырыс 
беруші 
психологқа 
клиенттің 
әлеуметтік 
мәртебесінің, 
проблемасының ӛзіндік нұсқасын ұсынады. Кейде ол кӛзделеген психологиялық 
кӛмектің мерзіміне, кӛлемдеріне және кейбір басқа да ерекшеліктеріне қатысты 
жағдайлар жӛнінде алдын ала ескертеді. 
Он тӛрт жасқа дейінгі бала психологиялық қызметтердің тапсыр беруші бола 
алмайды, ӛйткені ол құқықтық нормаларға сәйкес ӛз әрекеттеріне заңды жауап бере 
алмайды. Бұндай жағдай психологиялық ақпаратты ұсынуға және оны кімнің 
пайдаланатынын анықтауға қатысты құқықтық шеңберлерді қалыптастырады.
Сондай –ақ бұл практикалық психологтың диагностикалық зерттеулерінің 
нәтижесінде алған ақпараттың кімге және қандай мақсатпен қолданылатыны жайлы 
мәселе. Егер де клиент он тӛрт жасқа дейінгі бала болса, психологиялық ақпарат оған 
жауапты адамдарға хабарланады. Ата –аналар немесе қамқоршылар сірә ол ақпаратты 
баланың қызығушылықтарына орай пайдаланар.
Ересек адамға оның ӛзі пайдаланып, проблемасын қабылдап, шеше алатын 
психологиялық ақпаратты хабарлайды. Клиенттің психологиялық проблемасының 
шешімі қандай тиімді болса да, ол тек психологтың ойына ғана келсе, оны таңуға 
тырысудың қажеті жоқ. Мұнда адамдардың психологиялық мәдениеті нақты (алайда 
негізі емес) рӛл ойнайды. Ол практикалық психолог қызметіндегі психологиялық 
ақпаратты алу, ұсыну және пайдалану қиыншылықтарының алдын алады.
Нақты психологиялық міндет психологқа клиенттің немесе тапсырыс 
берушінің тарапынан түскен тапсырыстан пайда болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет