Тақырыбы: Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті.
Сабақты өткізу түрі: біріккен сабақ, яғни жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты түсіндіру.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениетін түсіндіру.
Сабақты өткізу жоспары:
1.Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.
2. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы.
3. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер.
Қысқаша теориялық мәліметтер:Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауы. Антропогенез туралы жаңа мәліметтер. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. Глоттогенез түсінігі. Культурогенез тұжырымдамасы. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек).
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Қазақстан жерінде табылған ескерткіштер туралы айтыңыз.
2. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты зерттеулер жүргізген ғалымдар.
3. Ежелгі кезеңдегі діни түсініктер.
Үй тапсырмасы: тақырып бойынша баяндама, реферат дайындау
Бақылау сұрақтары:
1.Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктерін салыстырыңыз.
2.Жартасқа сурет салу өнері- петроглифтер .
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Таймагамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 266 б.
Толеубаев, А. Т. Раннесакская шиликтинская культура [Текст]: научное издание / А. Т. Толеубаев. - Алматы: ИП «Садвакасов А. К.», 2018. - 528 с.
Зайберт В.Ф. Ботайская культура. – Алматы: Қазақпарат, 2009. – 576 с.
История древнего Казахстана / Под ред. Байпакова К.М. - 2-е изд. - Алматы: Рауан, 1996. - 112 с.
Исмагулов О., Исмагулова А. Происхождение казахского народа. По данным физической антропологии.Алматы, 2017. – 196 с.
Харари Ю.Н. Sapiens. Адамзаттыңқысқашатарихы. – Алматы.: (Ұлттықаудармабюросы» қоғамдыққоры, 2018. – 368 б.
Китов Е.П., Тур С.С., Иванов С.С. Палеоантропология сакских культур Притяншанья (VIII – первая половина II в.до н.э.). – Алматы: «Хикари», 2019. 300 с.
№ 2-нші семинар сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |