Практикалық сабақ. Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы



бет2/2
Дата13.12.2021
өлшемі26,18 Kb.
#126069
түріСабақ
1   2
Байланысты:
tmvr

Психологиялық-педагогикалық диагностика – оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық сипатын зерделеуге бағытталған бағалау.

Педагогикалық диагностика психологиялық диагностикаға қарағанда педагогикалық үдерістің ішінде жүзеге асырылады.



Педагогикалық диагностика жылдам ақпарат алу арқылы маңызды оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

  • күрделену деңгейі әртүрлі бағдарламалар бойынша сынып құрамын, тәрбиеленушілердің жұмысын жоспарлауға мүмкіндік беретін, олардың оқуға дайындықтарының деңгейі жөнінде ақпараттар алу;

  • тәрбиеленушілердің мүмкіндіктерін бағалау, олардың ақыл-ойы, оқу әрекеттерінің қалыптасу деңгейі, оқытуды мотивтендірудің сипатын анықтау;

  • өзін-өзі тану негізінде жасөспірімдердің өздерін дамытуларын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, олардың танымдық қасиеттерінің дамуын, сынып ұжымындағы өзара қарым-қатынасты, тәрбиеленушілер мінезінің ерекшеліктерін зерделеу;

  • сынып ұжымындағы өзара қарым-қатынас, педагогикалық ұжымның жұмыстарын басқару, ұжымда жақсы психологиялық ахуалдың болуы, жеке тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің сипатын жетілдіру мақсатында тәрбиеленуші тұлғасының ерекшеліктері жөнінде ақпараттар алу;

  • төменгі және одан кейінгі сыныптардағы жекелеген тәрбиеленушілердің даму деңгейін диагностикалау және соның негізінде түзету жұмыстарын ұйымдастыру.

Тұлғаның шығармашылық әлеуетінің деңгейін тест арқылы анықтауға болады.

Психологиялық диагностика педагогтарға өздері жасаған құралдарын, яғни әдістерін пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Диагностиканың негізгі құралдарының бірі – тест. Көп жағдайда тесттер – сапалық және сандық тұрғыда зерделенетін, қасиеттерді бағалауға мүмкіндік беретін, стандартталған тапсырмалардың жиынтығы.

Сауалнама жүргізу. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының қатал логикалық құрылысы, сауалнама құрастырушы ұсынған алдын-ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады.

Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.



Тест (сынақ) жүргізу – педагогикалық үдерістің зерттеу сипаттамасын объективті өлшеуге мүмкіншілік беретін, қатаң бақылау жағдайында жүргізілетін барлық сынақтан өтушілерге бірдей мақсатты зерттеу. Ерекшелігі: дәлдігі, түсініктілігі, қарапайымдылығы.

Педагогикалық құжаттармен танысу əдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дəрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектептің әртүрлі жазба жұмыстарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие, білім игеру үдерісін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объективті жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.

Тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейі дегеніміз – тұлғаның барынша тұрақты қасиеттері мен түрлі іс-әрекеттердегі, ұжым мен өзіне қарасты білігі мен дағдыларының жиынтығы.

Тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейіне баға беру мақсаты – өзін-өзі тану, өзі-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту үдерісін ынталандыру, әрбір тәрбиеленушінің өзіне-өзі барабар бағалауын қалыптастыру. Бұл В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша, тәрбие берудің басты мақсаты болуы керек. 

Бастысы – тәрбиеленушілердің өмірлік жоспарлары, құндылық бағдарлары туралы терең білім негізінде тұлғаның қалыптасуына дұрыс бағыт беру.

Тәрбие іс-әрекетіндегі мониторинг – бұл тәрбие беру сапасын зерделеу және тұлға дамуындағы негізгі беталыстарды болжау. Рухани-адамгершілік тәрбие үдерісінің мониторингі – бұл бала тұлғасының қалыптасу және өмірлік маңызы бар негізгі, базалық құзыреттіліктерді меңгеру үдерісін үнемі бақылап отыру.

Сондай-ақ, көрсеткіштер – тәрбие үдерісінің қайсыбір жағының негізгі сипаттамасы. Көрсеткіштер критерий қырларының, оның бөліктерінің бірі және қайсыбір белгілер, «деңгейлер» қандай деңгейде дамығанын көрсетеді.

Ал, тәрбиелік – жинақталған түрінде адамның әлеуметтік қарым-қатынастарының жүйесін бейнелейтін, тұлға сапаларының жиынтығын сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері.

П.П.Блонский «Ғылыми психология очерктері» деген еңбегінде: «Адамның тәртібін өлшеуге болады. Барлық нәрсе өзгереді, сондықтан қанша өзгергендігін өлшеу керек» – дегендей, тәрбиеленушінің тәрбиелік деңгейі күн сайын, сағат сайын тексеріледі. Тәрбиеленушінің әрбір іс-әрекеті, тәртібі, үлкендермен қарым-қатынасы тәрбиелік деңгейін сипаттайды. Олардың тәрбиелік деңгейіне дұрыс баға беру үшін өмірдегі, сабақтағы, сабақтан тыс кездегі, қоғамдық пайдалы іс-әрекеттегі тәртібіне нақты баға беру керек. Ол үшін ұзақ уақыт және әртүрлі әдіс-тәсілді пайдалану қажет.

Қазіргі заман мектебі-күрделі жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекетік, мектеп алдында тұрған жалы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегеніміз мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың объектілері болып табылады. Қазіргі мектепті өзара айланысы бар, ішкі құрылым мен социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарылушы кіші жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.

Мектепті басқарудың басты мәні –педагогтардың оқыту мен тәрбиеде ең жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасында беделді азаматты тәрбиелеу мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогакалық басқарудың ең маңызды мәселесіне айналып отыр.

"Педагогикалық басқару" ұғымы "білім беруді басқару" ұғымынан кең, өйткені ол тәрбие мен оқытуды жүргізетін басқа мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, коғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесінің мекемелері, т.б.) қызмет етеді. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез-келген "адам – адам" жүйесінде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудын негізгі түріне бағынады-педагогикалық процесс субъекті іс-әрекетін басқару.

Педагогикалық басқарудың білім беру жүйесіндегі басты объектісі - өсіп келе жатқан ұрпақтың іс-әрекеті. Оларды оқыту мен тәрбиелеуді басқару не тікелей (мұғалімдер, тәрбиешілер аркылы), не жанама-мемлекеттік когамдық үйымдар аркылы жүргізіледі.

Басқару субъектісінің қызметтер жиынтығын басшылық дейді.

Білім беру мекемесін басқару іс-әрекетінің басқа мекемелер немесе өнеркәсіп орындарындағы басшылықтың жұмысынан едәуір айырмашылығы бар. К.Д. Ушинский былай деп жазған: ''Егер қаржы немесе әкімшілік әлемде олардың идеяларының орындаушыларға ұнайтын-ұнамайтынын ескермей, ұйғарыммен, жарлықпен қызмет етуге болатын болса, қоғамдық тәрбие беру әлемінде ашық айтылып, ашық қабылданған пікірден басқа идеяны жүзеге асырудың басқа амалы жоқ". М.И. Кондаков: "Мектеп жұмысын басқару өндірістік және коғамдық өмірдің басқа салаларын басқарудан айтарлықтай ерекше, өйткені мұнда күштерді орналастыру мен үйлестіру, байланыс пен өзара тәуелділік жүйесін жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие процесінің барлық, жақтарына бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету мәселелері басты мәнге ие болады", - дсйді.

Егер білім беру жүйесін қарайтын болсақ, педагогикалық, басқару мен басқарудың басқа түрлерінің үлес салмағы мен қатынасы әртүрлі екенін байқауға болады. Мектеп директоры, мұғалімдер деңгейінде педагогикалық басқару практикалық, қызмет-әрекеттеріндегі педагогикалық талаптарды тікелей жүзеге асыру ретінде толығырақ көрінеді. Педагогикалық басқаруға қызмет көрсету (мектептің материалдық, базасы, құрал-жабдықтар, оқу-тсхникалық құралдары. т.б.) маңызды, бірақ бағынушылық мәнге ие.

Әдетте, білім беру жүйесіндегі басқару туралы сөз еткенде, көбінесе, иерархиялық тұрғыдан: министрлікті, облыстық, аудан, қалалық білім беру басқармалары бірінші болып аталады. Оқу-тәрбие процесін тікелей басқару мектеп әкімшілігі деңгейінде, ең, бастысы, мұғалімнің жүзеге асыратып жұмыстарын ұмытпауымыз керек.

Мектепті басқару теориясы (мектептану) арасында ғылыми іс-әрекет пен практикалық іс-әрекет ретінде объектілері, басқарудың тәсілдері мен нәтижелерінде айырмашылықтар бар.

Мектепті басқару теориясының объектісі-барлық құрамды элементтерімен алынған жүйе. Практиканың объектісі-мектептің әртүрлі құрамдық топтарының іс-әрекеті (ұжым, сынып, жеке субъект).

Мектептегі практикалық басқару іс-әрекетінің бағыттары, құндылығы жағынан бірдей емес. Мектептің негізгі әлеуметтік міндеттеріне сәйкес, ол өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады, осыған байланысты, басқарудың барлық бағыттарының ішінде оқу-тәрбие жүйесін басқару бірінші орында болу керек.

Осылайша, педагогикалық басқару-практикалық іс-әрекет, ол-тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. Педагогикалық басқару теориясы-мемлекеттік және коғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.

Әдістемелік жұмыс-педагогикалық кадрлердің олардың идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіби, әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке-дара жүйелік жұмысынан құралған күрделі шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесін басқарудың, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениет пен өз еңбегінің сапасы мен нәтижесіне талабы негізінде тәрбиелеудің маңызды амал-тәсілі болып табылады. Оның стратегиялық бағыттарының бірі-білім беру тәжірибесіндегі оқушылардың танымдық, ойлау әрекетін белсендіретін, терең білім, білік және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелі әдістерді шығармашылық түрде меңгеру.

Мұғалімдерді мезгіл-мёзгіл аттестациялау олардың әдістемелік деңгейінің өсуінің шеберлігіне жағдай жасайды. Аттестациялау-білім беру мекемелері қызметкерлерінің мамандығының, педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейлерінің жалпы бағасы. Аттестация мақсаты-білім беру қызметкерлерінің кәсіби, мамандығының өсуін, еңбегінің нәтижелі болуына жағдай жасайтын, еңбек ақысын дифференцирлік бағалаудың тиімді жүйесін құру. Мұғалімдер аттестациясы педагогикалық еңбектің нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасының сараптамалық бағасы негізінде жүргізіледі.

Аттестацияның келесі принциптері: сараптамалық бағалардың еріктілігі, ашықтығы, жүйелілігі және тұтастығы, ол педагогикалық қызметкерлерге деген объективті, дұрыс, ұқыпты және игі ниетті қатынасты қамтамасыз етеді.



Аттестация нәтижесінде мұғалімге белгілі бір категория беріледі. Сондай-ақ, мұғалімнің мамандықты көтеру курсындағы педагогикалық білім алуы және ұстаздық іс-әрекеті де ескеріледі.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Бұзаубақова К.Ж., Елубаева М.С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі: Оқулық – Тараз: ИП «Бейсенбекова А.», 2019. - 320 б.

  2. Бұзаубақова К.Ж., Елубаева М.С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы – Тараз: ИП «Бейсенбекова А.», 2017. - 374 б.

  3. Шолпанқұлова Г.К. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» курсы бойынша практикум. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ «Ұлағат» баспасы, 2013. - 105 б.

  4. Калюжный А.А., Тажбаева С.Г., Алимбаева А.А. Классный руководитель. – Алматы, АГУ им. Абая, 2000.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет