Жауабы: 0,634моль/л; 2,63МПа.
12. 2НІ ↔ Н2 + І2 реакциясында 448°С тепе-теңдік орнады. Осы температурада газдардың тепе-теңдік парциалды қысымдары
р(НІ) = 4,05×104Па, р(Н2 )=7,52×104 Па; р( І2) = 4,36×102 Па болған. Реакцияны
Кр және Кс есептеу керек. Жауабы: Кр = Кс = 0,02.
13. А + В ↔ С + ▲ реакциясының тепе-теңдік константасы бірге тең. А затының алғашқы концентрациясы 0,02моль/л болса, В затының алғашқы концентрациялары 0,02, 0,1 және 0,2моль/л болғанда, А затының қанша пайызы өзгеріске ұшырайды? Жауабы: 50%, 83,3%, 90,9%.
14. 2СО + О2 ↔ 2СО2 ▲Н° = − 566 кДж; 2Н2 + О2 ↔ 2Н2О,
▲Н° = − 483,6кДж; СаСО3 ↔ СаО + СО2, ▲Н° = 179кДж:
а) температураны төмендетсе, б) қысымды көтерсе; в) температураны көтерсе; г) қысымды азайтса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
15. Белгілі бір температурада мына гетерогенді реакцияның
ҒеО + СО ↔ Ғе + СО2 тепе-теңдік константасы 0,5, көміртегі(ІІ) және көміртегі(ІV) оксидтерінің алғашқы концентрациялары сәйкесінше 0,05моль/л және 0,01моль/л болса, олардың тепе-теңдік концентрациялары нешеге тең болады? Жауабы: 0,04моль/л; 0,02моль/л.
16. Мына гомогенді жүйеде 2SO2 + O2 ↔ 2SO3 көлемді 2 есе азайтса, тура және кері реакциялардың жылдамдықтары қалай өзгереді (санау керек)? Тепе-теңдік ығыса ма?
17. РСІ5 ↔ РСІ3 + СІ2, ▲Н° = 92,59кДж тура реакцияны жүргізу үшін
а) температураны; б) қысымды; в) концентрацияны қалай өзгерту керек?
Достарыңызбен бөлісу: |