18. Қандай жағдайларда мына реакция 4Ғе + 3О2 ↔ 2Ғе2О3 үшін тепе-теңдік оксидтің айрылуы жағына ығысады?
19. Н2 + І2 ↔ 2НІ реакциясының белгілі бір температурада тепе-теңдік константасы 50-ге тең. 1моль І2 затының 90%-ын НІ затына айналдыру үшін сутегінің қандай мөлшерін алу керек? Жауабы: 1,548моль.
20. Метанол мына реакция нәтижесінде алынады СО + 2Н2 ↔ СН3ОН(с), ▲Н° = − 127,8 кДж. Егер а) температураны б) қысымды көтерсе, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
21. Гомогенді жүйенің N2 + O2 ↔ 2NO тепе-теңдік константасы
К = 4,1×10-4 болса, тепе-теңдік концентрациялары N2 және NO сәйкесінше 0,10 және 0,05моль/л болса, оттегінің тепе-теңдік концентрациясы қанша болады? Жауабы: 61моль/л.
22. Гомагенді жүйенің N2 + 3H2 ↔ 2NH3 тепе-теңдік константасы К = 0,1 болса, тепе-теңдік концентрациялары Н2 және NН3 сәйкесінше 0,20 және 0,08моль/л болса, азоттың тепе-теңдік және алғашқы концентрацияларын анықтау керек. Жауабы: 8моль/л және 8,04моль/л.
23. С + СО2 ↔ 2СО ▲Н° = + 119,8 кДж, осы гетерогенді жүйедегі тепе-теңдік қалай өзгереді: а) СО2 қосса; б) С қосса; в) температураны көтерсе;
г) қысымды көтерсе; д) катализатор қатыстырса; е) СО-ны жүйеден шығарса?
24. 4940С температурада 2NО + O2 ↔ 2NO2 жүйесінің тепе-теңдік константасы 2,2 болса, NО және O2 заттарының тепе-теңдік концентрациялары сәйкесінше 0,020 және 0,030моль/л болса, олардың алғашқы концентрацияларын анықтау керек. Жауабы: 0,0251 және 0,0326моль/л.
25. Қайтымды реакция үшін ▲G298 а) 5,714кДж/моль; б) – 5,714кДж/моль болса, 250С температурада тепе-теңдік константасы қанша болады?
Достарыңызбен бөлісу: |