Өзін-өзі тексеругеарналған сұрақтар 1. Гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін тепе-теңдік константасының теңдеуі;
2. Реакцияның жылу эффектісі мен тепе-теңдік константасының температураға тәуелділік байланысын көрсету керек;
3. Ле-Шателье принципін тепе-теңдіктегі жүйеге қолдану;
4. Гетерогенді тепе-теңдік деген ұғымды түсіндіру;
5. Гомогенді тепе-теңдік деген ұғымды түсіндіру.
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар 1. Химиялық тепе-теңдік деген не және ол қандай факторларға тәуелді? Ле Шателье принципінің мәні. Неге химиялық тепе-теңдік динамикалық болады?
2. Тепе-теңдік константасы деген не және ол қандай шамаларға тәуелді? Неге оның мәні реакция тереңдігін көрсетеді?
3. Неге реакция жылдамдығын, тепе-теңдік константасын есептейтін формулаларға қатты заттың концентрациясы кірмейді?
4. Әр химиялық тепе-теңдік қандай параметрлермен сипатталады? Бір параметрдің өзгерісі қандай өзгерістерге әкеледі?
5. Химиялық реакцияның тепе-теңдік константасының мәнін мына фактордың қайсылары өзгертеді: а) қысым өзгерісі; б) температура өзгерісі; в) катализаторды ауыстыру; г) реакцияласатын заттардың концентрацияларының өзгерісі?
6. Мына реакция үшін С(графит) + Н2О(бу) ↔ СО + Н2 тепе-теңдік константасы бірге тең болғандағы температура мәнін анықтау керек. ▲Н° және ▲S° температураға тәуелділігін есептемей, мәндерін анықтамадан алу керек. Жауабы: 983К.
7. N2 + 3H2 ↔ 2NH3; ▲Н° = − 92.4кДж тепе-теңдіктегі жүйеде қатысатын заттардың концентрациялары CN2 = 3моль/л; СН2 = 9моль/л; СNH3 = 4моль/л болса, анықтау керек а) сутегі мен азоттың алғашқы концентрацияларын; б) температураны көтергенде және в) реакция жүретін ыдыстың көлемін азайтқанда, тепе-теңдік қай жаққа ығысатынын.