Әрекеттесуші массалар заңы: химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал.
Мынадай реакцияны қарастырайық:
aA+bB→cC+dD
Мұнда А, В, С, D – газ және сұйық күйдегі заттар, ал а, в, с, d – реакция теңдеудегі стехиометриялық коэффициенттер.
Осыдан әрекеттесуші массалар заңы математикалық түрде былай бейнеленеді:
υ=k⋅CAa⋅CBb
мұнда СА және СВ – А және В заттардың молярлық концентрациялары, k – пропорционалдық коэффициенті немесе берілген реакцияның жылдамдық константасы.
Вант-Гофф ережесі: гомогенді жүйелерде химиялық реакциялардың жылдамдығы әрбір 10 градусқа көтергенде шамамен 2-4 есе артады.Вант-Гофф ережесін, математикалық теңдеуі жылдамдықтардың қатынасы арқылы өрнектеледі:
υT2υT1=γT2−T110∘C
мұнда υT1 – бастапқы температурадағы реакция жылдамдығы;
υT2 – соңғы температурадағы және соңғы реакция жылдамдығы;
Т1 және Т2 бастапқы және соңғы температуралар;
γ – температуралық коэффициент, ол – температураны 10˚C - ға жоғарылатқанда белгілі реакция жылдамдығының неше есе өсетінін көрсететін сан, 2≤γ≤4
Катализ: катализаторлардың әсерінен химиялық жылдамдықтың өзгеруі.
Катализаторлар, өршіткілер – химиялық реакцияның жылдамдығын өзгерте алатын, бірақ реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін заттар.
Осы бөлім бойынша тест тапсыру
СҰРАҚТАР
Химиялық реакцияның температуралық коэффициенті 2 - ге тең болғанда, реакция 80∘C - да 8 минутта аяқталады. Берілген реакция 60∘C - да қанша уақытта аяқталады?
Химиялық реакцияның температуралық коэффициенті 2-ге тең болғанда, реакция 80∘C = да 8 минутта аяқталды. Мына реакция 140∘С - да қанша минутта аяқталады:
A(r) + 2Bг(г)= 3Dг(г)гомогенді реакция біраз уақыт басталғаннан кейін А және D заттардың концентрациясы 0,6 моль/л және 1,2 моль/л сәйкесінше тең болды. А заттың бастапқы концентрациясын табыңыз.
A + B → AB реакцияның жылдамдығы 0,2 моль/л·с, ал 60 секунд өткеннен кейін түзілген өнімдерінің біреуінің концентрациясы мынадай болады:
A + B → AB реакция теңдеуінде А затының бастапқы концентрациясы 0,3 моль/л, ал 10 секунд өткеннен кейін 0,2 моль/л болса, реакцияның орташа жылдамдығын табыңыз.
Температураны 40∘C - ға көтергенде реакция жылдамдығы 100 есе артады. Реакцияның температуралық коэффициентін есептеңіз.
Реакцияның температуралық коэффициенті 2,5 - ге тең. 40∘C - да реакция жылдамдығы 1 моль/л·с – қа сәйкес болды. 80∘C - ға температураны жоғарылатқанда реакция жылдамдығы қандай болатынын анықтаңыз.
Егер алюминий оксидінің түзілу жылуы шамамен 1671 кДж, ал темір (ІІІ) оксидінің – 741 кДж мөлшеріне сәйкес болса, темір (ІІІ) оксидінен темірді алюминотермиялық тәсілмен тотықсыздану кезінде бөлінетін жылудың мөлшері.
Массасы 7,8 г бензол жанғанда 316,93 кДж жылу бөлінсе, бензолдың жану реакциясының жылу эффектісі.
Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша кДжC3H8+5O2=3CO2+4H2O+2240кДжкөлемі 336 л пропан жанғанда бөлінетін энергияның мөлшері.
Мына реакция үшін 2H2+ O2→ 2H2O оттектің концентрациясын 3 есе өсіргенде реакция жылдамдығы ...
Мынадай реакцияның барысында: Hг2(г)+ Iг2(г)⇆ 2HIг(г) йодсутектің тепе-теңдік концентрациясы [HI]= 0,2 моль/л-ге тең болса, йодтың және сутектің тепе-теңдік концентрациялары [J2], [H2] сәйкесінше.
Белгілі бір температурада жабық ыдыста мынадай гомогенді реакцияның барысында: COг(г)+ H2Oг(г) ⇆ Hг2(г)+ COг2(г)тепе-теңдік кезінде жүйедегі заттардың тепе-теңдік концентрациялары: [СО]T−T = 0,08 мольлмольл, [Н2О]T−T = 0,32 мольлмольл, [Н2]T−T = 0,16 мольлмольл, [СО2]T−T = 0,16 мольлмольл тең болады. Тепе-теңдік константасы (Кт-т), көміртек (ІІ) оксиді мен судың бастапқы концентрацияларын ([СО]бб, [Н2О]бб) табыңыз.
Мынадай реакцияда: C3H8+ 5O2= 3CO2+ 4H2O + Q оттектің концентрациясын 2 есе жоғарылатқанда реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
Мына реакцияда: N2+ 3H2 ⇆ 2NH3+ Q тепе - теңдікті тура реакцияның бағытына қарай ығыстыру үшін қажетті жағдай.
Мынадай гомогенді реакцияда 2SOг2(г)+ Oг2(г)⇆ 2SOг3(г)+ Q жүйесінде күкірт (IV) оксидінің концентрациясын 2 есе төмендеткенде жылдамдық қалай өзгереді?
Берілген гомогенді жүйеде: 2SO2+ O2⇆ 2SO3+ Q а) SO2 –ң концентрациясын 3 есе өсіргендегі; б) оттектің концентрациясын 4 есе өсіргендегі реакцияның жылдамдығын табыңыз.
Мына реакцияның: 2H2Sг(г)+ SOг2(г) →t Sқ(қ)+ 2H2Oг(г) жылдамдығын 9 есе арттыру үшін күкіртсутектің концентрациясын не істеу керек?
FeOқ(қ)+ Hг2(г) жүйесінде тепе-теңдікті бастапқы заттар түзілуі реакция бағытына қарай ығысады.
2NOг(г)+ Oг2(г)⇆ 2NOг2(г)+ Q жүйесіндегі химиялық тепе-теңдік өнімдер түзілу бағытына қарай ығысады.
Сутек пен оттектің қоспасының сутекпен салыстырғандағы тығыздығы 14. Осы қоспадағы оттек пен сутектің көлемдік үлесін табыңыз.
Сульфид ионын анықтайтын зат.
Химиялық реакцияның температуралық коэффициенттері ϒ = 2 және ϒ = 3. Температураны 50 градусқа көтергенде реакцияның жылдамдығы артады.
Мыс (ІІ) гидроксидімен анықталатын зат.
Массасы 24,12 г (жез) мыстың мырышпен құймасы концентрлі азот қышқылы әрекеттескенде,16,8 л (қ.ж.) газ алынады. Жездегі мырыш мен мыстың массалық үлестерін (%) есептеңіз.
40 г мыстың мыс (ІІ) оксидімен қоспасын сутекпен тотықсыздандырғанда 6 г су түзіледі. Қоспадағы әрбір құраушының массалық үлесі қандай?
I- ионын анықтау үшін қолданылатын элемент(-тер).
Ион алмасу реакциясы(–лары).
45 г этил спирті мен 6,6 г натрий әрекеттескенде түзілетін сутегінің (қ.ж) көлемін табыңыз.
Реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең. Реакция жылдамдығын 27 және 81 есе арттыру үшін температураны неше градусқа арттыру керек екенін табыңыз.
Ион алмасу реакциясы (-лары).
Химиялық ракцияға түсетін қосылыс (–тар).
Карбонат, сульфит, сульфат иондарын анықтайтын реактив (-тер).
Реакция іс жүзінде аяғына дейін жүретін реагент (-тер).
Fe3+, Cl− иондарының сапалық құрамын анықтайтын реактив (-тер).
KOH+ Cl2(суық ерітінді)→ реакция нәтижесінде түзілетін зат (-тар).
KOH+ Cl2(ыстық ерітінді)→ реакция нәтижесінде түзілетін зат (-тар).
Достарыңызбен бөлісу: |