4. Ядролық түрленудің сипатына байланысты өтетін реакциялар Мыс. Түрлену кезінде нейтрон, зарядталған α бөлшектер, протон, т.б. бөлінуі мүмкін.
Көптеген ядролық реакциялардың механиздерін түсіндіруде 1936 ж Бордың айтқан мынадай жорамалы негізгі роль атқарады. Онда реакция мынадай екі жолмен жүретіндігі айтылады., х+а → с у+в, мұндағы х пен у реакцияларындағы алғашқы және соңғы ядролар, ал а- атқылаушы, в- ұшып шығатын бөлшектер, с- реакция аралық ядро. Элементтерді нейтрондар арқылы атқылау жасанды радиоактивті элементтердің изотобын алуға болады. 3Li6 + 0n1 → 1H3 +2He4 ядролық реакцияның нәтиежесінде алынған өнімдер радиоактивті болып келеді. Сондықтан оларды жасанды радиоактивті заттар д.а. 13Al27+2α4 → 15P30+n1
Кейбір ауыр элементтердің ядроларын нейтрондармен атқылағанда олар екі бөлікке бөлініп, 2-3 нейтронмен сәулелер шығарады және өте көп энергия бөлінеді. Уран ядроларының бөлінетіндігін 1938ж неміс ғалымдары Ган және Штрасман ашқан. Олар уранды нейтрондармен атқылағанда периодттық жүйенің орта бөлігінде барий, криптон және т.б элементтердің пайда болатындығын тапты. 92U235+0n1 → 54Xe139 + 38Sr95+20n1