мұндағы -бастапкы ядро-нысана, а-ұшып келе жаткан бөлшек,
-кұрама ядро, -ядро - ядролық реакцияның өнімі, b-реакция нәтижесінде ядродан ұшып шыққан бөлшек.
Егер a ≡ b онда ядродан бөлшектер шашырайды: Eb = Eaкезінде серпімді.Eb≠ Eaсерпімсізшашырайды. Егер де шығарылған бөлшек қармап алынған бөлшекпен b ≠ a тен болмаса онда ядролық рекация тура мағынады жүреді.
16-билет. Динамика
Дене қозғалысының пайда болу себептерімен салдарын қарастырып, қозғалыстың қасиеттерін сипаттайтын механика бөлімі динамика деп аталады. Динамика механиканың негізгі тарауы, ол Ньютон заңдарына негізделеді. Бұл заңдар оған дейінгі ғылымдардың және Ньютонның өзінің бақылауларының ғылыми тұжырымы ретінде оның 1687 ж. шыққан «Табиғи философияның математикалық бастамасы» деген еңбегінде келтірілген. Онда динамиканың негізгі мақсаты- материалдық нүктенің оны қоршайтын денелермен әсерлесуі белгілі болса, оның қозғалыс заңын анықтау, яғни оның координаттары уақыттың функциясы ретінде өрнектелетіндігі айтылады.
“Егер денеге сырттан күш әсер етпесе, онда ол тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы күйін сақтайды”. Біздің дәуірімізге дейінгі 4-ғасырдан бастап, жиырма ғасырға созылған уақыт бойы гректің ұлы ойшылы Аристотельдің және оның жолын қуушылардың идеясы үстемдік етті. Олардың көзқарасы бойынша дене тұрақты жылдамдықпен қозғалу үшін, оған үнемі басқа дене әрекет ету керек деп есептелінді: дененің табиғи күйі тыныштық деп саналды. Алғаш рет итальян ғалымы Галилео Галилей (1564-1642) ғасырлар бойы қалыптасқан бұл қағидадан бас тартты. Ол өзінің жүргізген тәжірбиелері негізінде Аристотель мен оның жолын қуушылар ілімінің жалған екендігін дәлелдей білді. Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, немесе түзу сызықты және бір қалыпты қозғалысын жалғастырады деген қорытындыға келген болатын. Бұл өздеріне таныс инерция заңы. И.Ньютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп атайды
“Дененің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі түсірілген күшке пропорционал және ол күшпен бағыттас болады”. Қарапайым бақылаулар, егер әр түрлі денелерге бірдей күшпен әрекет жасаса, олардың түрліше үдеу алатының көрсетеді. Ньютонның екінші заңы төмендегіше тұжырымдалады: Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорциянал: a=F/m Ньютонның екінші заңының формуласы
F=ma
“Әрбір әсерге оған тең, бірақ кері бағытталған қарсы әсер болады, басқаша айтқанда, екі дене бір-біріне шама жағынан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы күштермен әсер етеді”.
Достарыңызбен бөлісу: |