Практикум 1-блок 1-билет. Кинематика


Термодинамика. Жүйе күйінің теңдеуі



бет31/52
Дата26.12.2021
өлшемі338,24 Kb.
#128722
түріПрактикум
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
Байланысты:
практикум 1 блок

Термодинамика. Жүйе күйінің теңдеуі.Термодинамика әртүрлі процестердегі (жылулық, механикалық, электрлік, магниттік және т.б) молекулалалрдың жылулық қозғалысы арқылы өтетін энергия өзгеруінің сандық заңдылықтарын қарастыратын сала, яғни физикалық процестерді энергетикалық тұрғыдан қарастырады. Термодинамика денелер мен табиғат құбылыстарының тек макроскопиялық қасиеттерін ғана зерттейді.

XIX ғасырдың бірінші жартысында жылу техникасының алдында жылу машиналарының тиімділігін экономикалық жағынан арттыру мәселесі тұрды және оны шешу үшін энергияның түрлену заңын, оның ішінде жылудың механикалық энергия түріне айналдыруды тереңірек біліп, зерттеу аса қажет болды. Осы жылу техникасының талабына сәйкес термодинамика пайда болды және ол тез дами бастады.

Термодинамика адамзаттың көп жылғы еңбегінің нәтижесінде пайда болып, тәжірибе жүзінде тағайындалған екі заңынан: термодинамиканың бірінші және екінші заңы (бастамасы, сондай ақ Нернсттің жылулық теоремасына, немесе термодинамиканың үшінші заңынан (бастамасынан), құрылады. Термодинамиканың заңдары макроскопиялық жүйелердің әртүрлі жағдайдағы физикалық қасиеттерінен көптеген мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Термодинамиканың бірінші бастамасыэнергияның түрлену процестерінің сандық және сапалық жақтарын қарастырады;екінші бастамасы осы процестердің бағытын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет