Утебаева Ж. С. Жаңақоныс негізгі мектебі 3 сынып Ерлік сабағы: «Ауғанстан- жүректегі жара»



Дата07.05.2017
өлшемі50,47 Kb.
#16197
түріСабақ
Утебаева Ж.С. Жаңақоныс негізгі мектебі 3 сынып
Ерлік сабағы: «Ауғанстан- жүректегі жара»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану. Ауған соғысына қатысқан ауыл азаматтары жайлы мағлұмат беру.



Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздылығын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: ерлік сабағы

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта. Ауған соғысы ардагерлерінің альбомы.

Сабақ бағдарламасы:

1. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама

2. Майданда туған жыр

3. Мақал-мәтелдер сайысы.

4. . Қорытынды

Мұғалім:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

Әнұран.

Мұғалім:

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты

«Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы ерлік сабағымызды ашық деп жариялаймыз.

Мұғалім:

1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.


Сыныбымыздың оқушысы Умербекова Жанель. Соғыстың тарихынан қысқа баяндама жазып келіпті соны тыңдаңыздар.

Баяндама:

КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғаныстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық-демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал "Парчам" тобын Б.Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұхара халықтың наразылық тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығусылар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында , аяғында 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22 000 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.



Мұғалім:

Ауған жерінде интернационалдық парызын өтеуге Тоғанас ауылынан үш азаматы аттанып, Отан алдындағы борышын аман есен атқарып келді:

1. Кабильдин Сағат Сағындықұлы

2. Смаилов Арғын Балтабайұлы

3. Сүлейменов Айтбай Нұрхамитұлы

Мұғалім:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.

Рахмет отырыңыздар!

Мұғалім:

Ардагерлер

Айтса ертек көгендері

Табандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.



Мұғалім:

Сыныбымыздың оқушылары соғыс кезінде жазылған өлең жырлардан үзінді оқиды.



1-оқушы:

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаган көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғым да сен мәңгілік- Ауғаныстан!

2-оқушы:

Тым ертерек өшті,ағалар,арманыңыз,

Бейбіт елді сырт жаудан қорғадыңыз.

Ерлік ісін ұрпаққа үлгі болып,

Қыран құстай биікке самғадыңыз.

3-оқушы:

Жақын еді елге қайтар күніңіз,

Қуаныштан күлімдеді-ау жүзіңіз.

Сұм дұшпанның атқан оғы дәл тиіп

Түнге айналды-ау жарқыраған күніңіз.

4-оқушы:

Беймәлім кеткен боздақтар.

Соғыс-деген балдақты адам жарымжан,

Соғыс-деген соқыр кісі екен ғой.

Соғыс-деген жігіт екен қайтпаған,

Анасына жылы сөзін айтпаған.



Мұғалім:

Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз. Ауған соғысының ардагерлеріне алғыс білдіреміз.

Ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса,дәуірлеңдер!

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ”

3-топ


1. Отан

2. Ана


3. Батыр

Сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.
Каталог: 80BABCB3833A3D14
80BABCB3833A3D14 -> Дарынды оқушылармен жұмыс Ана тілі пәні бойынша 3-сынып Жетекшісі: Утебаева Ж. С 2013-2014 оқу жылы Ана тілі
80BABCB3833A3D14 -> Тәрбие жұмысының жоспары Жаңақоныс негізгі мектебі 2011-2012 оқу жылы
80BABCB3833A3D14 -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңді тексер/қайталау сабағы/ «Табиғат менің өз үйім» тарауы бойынша Сабақтың мақсаты
80BABCB3833A3D14 -> Сынып сағаты
80BABCB3833A3D14 -> Физика пәнінен 7-17 сәуір аралығында өткізілетін іс-шаралар жоспары Жаңақоныс негізгі мектебі 2013-2014 оқу жылы
80BABCB3833A3D14 -> Жаңақоныс негізгі мектебінде өтілген әс-шара туралы мәлімет «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
80BABCB3833A3D14 -> Жаңақоныс ауылдық кітапханасының 2014 жылы өткізілетін іс-шаралар жоспары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет