Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет30/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

2.13 Үй тауығының кариотипі
Үй тауығының хромосомалар санының көп және олардың көлемі ұсақ болғандықтан, дәл санын айту қиынға соғады. Кейбір авторлар хромосомалар тобына микрохромосомаларды жатқызбайды. Соңғы жылдардағы зерттеулер тауықтар мен қораздардың хромосомалар санының ауытқитындығын көрсетті, сондықтан оларды дәл есептеу қиынға соғады.
Сабақтың мақсаты. Тауықтардың жілік майының препаратын қарау, бөлініп жатқан жасушалардың метафазалық стадиясын табу, иммерсиямен метафазалы пластинкаларды қарау, А және В топтары хромосомаларының суретін салу, ірі хромосомалар санын есептеу.
Материалдар мен жабдықтар. Балапандардың жілік майы жасушасының препараты, микроскоптар.
Әдістемелік нұсқаулар. Хромосомалардың морфологиялық құрылысын зерттеу ұрғашылардың 8-10 жұп аутосомдарын және бір жыныс хромосомасын, қораздардың 10 жұп аутосомдарын және бір жұп жыныс хромосомаларын анықтауға болатындығын көрсетті.
Тауықтардың хромосомалары үш топқа бөлінеді:
А тобы - 5 жұп хромосомалардан тұратын макрохромосомалар, I жұп – иіндерінің ұзындықтары бірдей 10 мк ең ірі субметацентрлі типті.
II жұп – ол да субметацентрлі ірі хромосомалар, бірақ біріншіден кішірек. III жұп акроцентрлі типті көлемі екінші жұптың үлкен иініне тең болып келеді (16 сурет), IV жұп субметацентрлі типті. Оның хромосомаларының көлемі мен пішіні түрліше (гетероморфтылар). V жұп – метацентрлі типті жыныс хромосомалары (қораздарда екі Х хромосома, тауықтарда - біреу). 2-хромосома – метацентрлі хромосомалардың ең ұзыны (4-5 мк). W хромосоманың болуына кейбір ғалымдар күмәнданған. Кейбір генетикалық жұмыстарда қораздың хромосомалар жиынтығы 78, тауықтікі 77 деп көрсетілген. Z – хромосоманың көлемі өте кіші (0,4 - 0,5 мк), сондықтан көптеген ғалымдар тауықтың микрохромосомаларынан арасынан айыра алмаған, W - хромосома ірі микрохромосомаларға (Z-хромосомнан 10 есе кіші) жатады.
В тобы – орта көлемді 6 жұп аутосомдардан (VI, VII, XI - акроцентрлі, VIII, IX, X - метацентрлі) тұратын субмакрохромосомаларға жатады.
С тобы - микрохромосомалар. Зерттеу барысында макросомдарға қарағанда олардың саны 79 дейін ауытқитындығын көрсетті. Микрохромосомалар макрохромосомалар тәрізді жасуша циклінің стадияларынан өтеді. Тауықтардың хромосомалар жиынтығында зерттеушілер хромосомалар параметрлерінің полиморфизмін көрсетті, әсіресе I, II және IV жұптар. Тауықтар хромосомаларының гетероморфизмін гетерохроматинді және эухроматинді бөліктердің болуымен түсіндіруге болады.
Д.С.Добриянов, И.Л.Гольдман және В.X.Нечипоренко құстардың хромосомаларын дайындау мен зерттеудің экспресс-әдісін шығарды. Соярдан 1 сағат бұрын балапандарға колхицин ерітіндісін (1 кг тірідей салмағына 0,01 мл 0,04 % ерітінді) құяды. Кол­хицин енгізгеннен хромосомалардың бояулы препараттарын алу үшін 3 - 4 сағат (басқа әдістерде 18 сағ дейін) өтеді.
Сойғаннан кейін балапандардың тоқпан жілігінен 37° дейін жылытылған 0,7%-дық негізгі натрий цитраты ерітіндісімен жілік кемігін жуып алады. Екі сүйекті жуу үшін көлемі 2 мл ерітінді қолданылады. Алынған сүйек кемігінің суспензия жасушаларын 37° температурада 30 мин термостатқа қояды, 5 мин тоңазытқышқа салады (4°). Содан кейін, 10 мин цитратты 400 айналым/мин центрифугамен бөледі. Тұнба үстіндегі сұйықты төгіп тастайды, жасушаларды 4° дейін арақатынасы 3:1 метил суытылған метил спирті мен мұзды сірке қышқылы қоспасымен фиксаттайды. Фиксаторды тұнбасын түбіне қалдырып, абайлап пробиркаға құяды (пробирка қабырғасымен), содан кейін пастер пипеткасымен қайтадан суспензиялайды. Фиксаторлардың санын алынған тұнбадан 4-5 есе артық алады. Жасушаларды фиксациялау үшін пробиркаларды 30 мин 4° температурада тоңазытқышқа қояды. Қайта центрифугациялауды 600 айналым/мин 10 мин өткізеді. Тұнба үстіндегі сұйықты алып тастайды, жасушаларды алынған тұнбадан 2-3 есе артық жаңа сірке қышқылында қайта суспензиялайды. Препараттарды жылытылған жамылғы шыныда кептіру арқылы дайындайды, содан кейін бояйды.
Д.С. Добриянов пен И.Л. Гольдман адам, басқа сүтқоректілер мен құстар хромосомаларын бояу үшін хромосомалар жақсы боялатын әмбебап бояу алуды ұсынды.
Бояу А және Б ерітінділерінен тұрады. А ерітіндісін дайындау үшін 0,5 г көк метил, 0,5 г көк толуидинді 100 мл 1% СНзСООН ерітіп оған 5 мл 75%-дық С2Н5ОН құйып 2 мин қайнатады, суытады және сүзеді. Б ерітіндісін (0,1%-дық эозин ерітіндісі) келесі арақатынаста араластырады: 8 мл А ерітіндісі, 15 мл Б ерітіндісі, 77 мл дистилденген су (рН 7,0).
Бояу үшін препаратты Ма2С03 1% ерітіндісін қосып, 15 мин бояуы бар гистологиялық стақанға салады, содан кейін дистилденген сумен жуып тастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет