Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет29/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

2.12 Шошқа кариотипі
Сабақтың мақсаты. Қабан қанының лейкоциттер өсіндісінің препараттарын микроскоппен көру, метафазалы пластинканы тауып, хромосомалар санын есептеп, микрофотографиялардан хромосомаларды кесіп алып оларды топтарға бөлу. Хромосомалардың гомологты жұптарын топтары бойынша қағазға желімдеу.
Материалдар мен жабдықтар. Шошқалар қанының лейкоциттер өсіндісінен алынған препараттар, МБИ-3 микроскоптары, микрофотографиялар, қағаздар, желім, қайшылар.
Әдістемелік нұсқаулар. Препарат дайындау үшін стерильді шприцпен (гепарин ерітіндісіне салынған) 7-10 мл қанды 0,5 мл гепарині бар № 199 ортада 1:4 араласқан тығыз жабылған стерильді пробиркаларға салады. Пробиркадағы қанды мұқият араластырады. Эритроциттер тұну үшін пробирканы қанымен 4° температурада 30- 40 мин қояды. Плазманы лейкоциттерімен шприцпен сорып алып, үш есе № 199 ортамен араластырып 10 мл өсу ортасына 0,1 мл фитогемагглютинин (ФГА) М түрін қосады. Барлық компоненттерді шприцте мұқият араластырып, ине арқылы 2-3 мл тығыз жабылған пенициллинді флакондарға салады. Лейкоциттердің жақсы өсуі үшін қоспаға бұзау сарысуын қосады немесе көмірқышқылымен байытады. Флакондарды 37 - 38° температурада 72 сағат термостатта инкубациялайды. Инкубация басталғаннан 66 сағат өткенде өсіру ортасының әрбір флаконына 0,1-0,15 мл колхицинның 0,04% ерітіндісін қосады. Колхицин метафаза стадиясында митозды тежейді, осылай бір препараттан хромосомалар жиынтығы жақсы көрінетін көп жасуша алуға болады. Өсіндіні аздап сілкіп араластырып, 3 сағатқа 37° температурада термостатқа қояды. Қоспаны пробиркаларға құйып 800 айналым/мин 10 мин центрифу­галайды. Тұнбаның үстінгі жағындағы сұйықты төгіп тастап, тұнбадаға лейкоциттерді 37-40° дейін жылытылған гипотониялық ерітіндіде (Хэнкс ерітіндісінің 1 бөлімі, дистилденген судың 3 бөлімі) қайтадан суспензиялайды. Жасушалардың ісінуі хромосомалардың болбыр күйге ауысуына әсер етеді. Лейкоциттер сығынын 37° температурада 20-30 мин термостатқа қайтадан қояды. Инкубациядан кейін центрифугалайды, гипотониялық ерітіндіні алып тастайды. Тұнбаға мұзды сірке қышқылының 1 бөлімінен, метил спиртінің 3 бөлімінен тұратын фиксаторда 4° дейін суытылған 5 мл қосындыны қосады. Фиксация 4° температурада 45 мин өтеді. 15 мин кейін бекітілген лейкоциттерді қайтадан суспензиялайды. Фиксаторды центрифугамен алып тастап, тұнбаны 0,5 мл жаңа фиксаторда мұқият араластырады.
Тоңазытқышта сақталған таза майсыз жабынды шыны пастер пипеткасымен лейкоцит суспензиясының 1-2 тамшысын құяды. Препа­ратты 30 мин бойы ацетоорсеиннің немесе азурэозиннің 1% ерітіндісімен бояйды. Үй шошқасы хромосомаларының диплоиды саны 38 тең (19 гомологты жұп). Сонымен қатар, оларда хромосомалар полиморфизмі анықталды. Еуропалық жабайы қабанда хромосомалардың диплоидты саны 36, ал жабайы азиялықта - 37. Кариотипінде қосымша субметацентрлі хромосома мен екі жұп емес акроцентрлі хромосомалар байқалды. Гибридтерде хромосомалар саны 30-дан 36 дейін ауытқиды (Ю. Ф. Красавцев, 1968).
В. Н. Тихонов, А. И. Трошина (1971) хромосомалардың көлемі, морфологисы және центромераның орналасуына байланысты шошқа кариотипін келесідей жіктеледі. Хромосомаларды төрт топқа (А, В, С, Р) бөледі. А тобына иіндері бірдей емес ірі субметацентрлі үш жұп хромосомаларды жатқызады. Бұл топта І жұп көлемі бойынша ең ірі болып келетіндігі анықталды. А тобының II және III жұп хромосомалары біршама қысқа болып келеді. Олардың ұзындығы бірінші хромосоманың ұзын иініне теңдей болып келеді. В тобына барлық акроцентрлі хромосомаларды жатқызады. Олар 6 жұп (IV - IX жұптар). Оларда центромера бір жақ шетінде орналасқан, сондықтан олар таяқша пішінді болып келеді.
Бұл топ хромосомаларын ұзындығы бойынша жіктейді. IV жұп хромосомалары ең ірі, көлемі I жұпқа жақын болып келеді. В тобының акроцентрлі V және VI жұптары көлемі бойынша А тобының II және III жұптарына жақын.
С тобына орташа көлемдегі субметацентрлі 6 жұп хромосомаларды (X - XV жұптар) жатқызады. Олардың ұзындықтары біркелкі, сондықтан оларды бір-бірінен ажырату қиын болып келеді (15 сурет).
D тобына 4 жұп хромосомаларды жатқызады (XVI - XIX жұптар). Бұл иіндері бірдей метацентрлі хромосомалар. XVI жұп басқа м етацентрлі хромосомалардың иіндерінің бірінде екінші перетяжканың болуымен ерекшеленеді. XVII және XVIII жұптарды бір-бірінен айыру қиын. XIX жұп – жыныс хромосомалары басқа хромосомалардан өзгеше болып келеді. Х-хромосома барлық метацентрлі хромосомалардың ең ірісі, У-хромосома олардың ішінде ең кішісі.
Метафазалы пластинкаларды зерттеуді окуляры х10 объективі х40 микроскоп көмегімен жүргізеді, хромосомаларды санап фотосуретке түсіру үшін х90 иммерсияны қолданады.
Хромосомалық жиынтықты зерттеу үшін лабораториялық сабақтарда көлемі 9х12 см дайын микрофотографияларды пайдаланады. Қайшылармен олардан барлық хромосомаларды қиып алып топтарға жіктейді, жұп хромосомаларды (гомологты) тауып алып, оларды қағаз парағына желімдейді.
Зерттелген жасушаның кариотипін стандартпен салыстырады. Кейбір кезде жеке хромосомалардың саны немесе пішіні бойынша ауытқуларды байқауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет