Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Хромосомалардың құрылысы. Кариотиптер



бет25/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

2.6 Хромосомалардың құрылысы. Кариотиптер
Түрге тән организмнің сомалық жасушаларындағы хромосомалар жиынтығын кариотип деп атайды (21 кесте). Кариотипте хромосомалар жұп болып келеді. Қосарланған хромосомалар жиынтығы диплоидты (2n) деп аталады. Бір жұптың хромосомаларын гомологты дейді. Олар көлемі, пішіні және басқа қасиеттері жағынан бірдей болады.

Хроматид иығы

Центромера

Екі хроматид иығы

Теломерлер

Жыныс жасушаларында, жоғарыда айтылғандай, хромосомалар жиынтығы гаплоидты (1n). Хромосомалардың гаплоидты жиынтығын-дағы барлық гендерді геном дейді. Хромосомалардың негізгі ерекшелігі - өздігінен екі еселенуі. Хромосомаларда тұқымқуалаушылықтың ақпараты бар гендер орналасады. Хромосомалардың пішіні мен құрылысы метафаза стадиясында ең анық көрінеді.





2.7 Дрозофила шыбынының сомалық жасушасында хромосомаларды зерттеу және идентификациялау
Cабақтың мақсаты: Дрозофиланың аналығы мен аталығының кариотипімен танысу, тұрақты препараттарда метафаздық тілімдерді табу, метафазада хромосомаларды санап, аналық және аталық жасушалардың препаратында жеке хромосомалардың пішінін қарау.
Хромосомаларды жұптап орналастырып, гомологты хромосомаларды нөмірлеп, хромосомалардың диаграммасын және суретін салу. Әрбір хромосомның негізгі параметрлерін анықтап, метафазалы тілімдердің микрофотографияларын алу.
Материалдар мен жабдықтар. Дрозофила шыбыны кариотиптерінің тұрақты препараттары, микроскоп, сурет салу аппараты, окуляр-микрометр, иммерсионды май, микрофотографиялар, қайшылар, қарындаш, желім.
Әдістемелік нұсқаулар. Хромосомалық препараттарды талдау кез-келген микроскоп түрімен жүргізіледі. Метафазалық пластинканы микроскоптың кіші үлкейткіші (x8, x10) арқылы табады. Метафазалық пластинканы тапқаннан кейін хромосомаларды зерттеу мен талдау x90 немесе xI00 иммерсионды объектив көмегімен өткізеді. Хромосомаларды талдағанда метафазалық пластинканың суретін салып, иіндер, серіктер мен центромерлар арақатынасы белгіленеді.

21-кесте. Кейбір жануар түрлері мен адамның диплоидты хромосомаларының саны



Жануар түрі

2n

Жануар түрі

2n

Африкалық енеке

48

Бір және екі өркешті түйе

74

Азия енекесі (арни)

50

Солтүстік бұғысы

70

Кафр енекесі

52

Тауық, перепел

78

Алас енеке

54

Цесарка

74-76

Гуар, гаял

58

Көгершін, үй және мускус үйрегі

80

Бизон, бантенг, зебу, зубр, қодас

60

Қаз, күркетауық

82

Үй қойы

54

Сасық күзен

40

Европа және Азия муфлоны

54

Хонорик

36

Арқар

56

Түлкі

38-40

Ақбөкен, ешкі

60

Саздықұндыз, егеукұйрық

42

Қошқар өгіз

48

Ақ түлкі

48-50

Үй шошқасы

38

Канад құндызы

40

Жабайы азия қабаны

37

Европа құндызы

48

Жабайы европа қабаны

36

Қоян, алтын түсті аламан

44

Минисибс

38-36

Шиншилла, су тышқаны

64

Үй жылқысы

64

Бал арасы

16,32

Прежевальский жылқысы

62

Тұт жібек көбелегі

28,56

Үй есегі

62

Дрозофила

8

Қашыр, лошак

63

Мысық

38

Монғол және парсы есегі персидский

56

Ит

78

Кап зебры

32

Шимпанзе

48

Африка және сомалий зебры

44

Адам

46

Дрозофиланың хромосомалары қарқынды боялған таяқша, шаш түйреуіш және кішірек сопақша пішінді болып келеді (12 сурет). Дро­зофиланың әрбір сомалық жасушасында, препарат қандай мүшеден дайындалғанына байланысты емес 8 хромо­сомалар болады. Кейбір хромосомалар иілген таяқшалар немесе шаш түйреуіш пішінді болады. Иілген жерлерде хромо­сома жіңішке болып келеді. Хромосоманың бұл бөлігінде (бірінші тартылу) жасуша бөлінуінде маңызды роль атқаратын арнаулы құлылым - центроме­ра (немесе кинетохор) орналасады. Бірінші тартылу хромосоманы екі иінге бөледі. Центромераның хромо­сомадағы орны оның пішінін анықтайды. Дрозофиланың 8 хромо­сомасының екі жұбында центромера ортасында және иіндерінің ұзындығы бірдей. Мұндай хромосомалар метацентрлі деп аталады.


Таяқша пішінді хромосомалардың центромерасы хромосоманың бір шетінде орналасқан және бір иіні ғана болады. Мұндай хромосомалар акроцентрлі деп аталады. Дрозофиланың микрохромосомалар деп аталатын өте кіші келген сопақша хромосомалары болады. Олардың да бір иіні болады, акроцентрлі түрге жатады.
Ж асушалардың хромосомалар жиынтығына кіретін хромосомаларды көлемі, центромераның орны және иіндерінің ұзындығы бойынша айырады. Ұзын иіннің ұзындығының қысқа иінге арақатынасын иін индексі деп атайды. Метацентрлі хромосомалардың иіндерінің индексі 1-1,9, субметацентрлі - 2 - 4,9, акроцентрлі - 5 және одан артық.
Дрозофиланың кариотипіне аналықтар мен аталықтарда өзгеше болатын бір жұп таяқша пішінді акроцентрлі хромосомалар кіреді. Аналықтарда екі хромосома акроцентрлі, Х-хромосома деп белгіленеді және жыныс хромосомалары деп аталады. Аталықта тек бір Х-хромосома. Оның серіктесі субметацентрлі У-хромосома. Бұл хромосомалар сонымен қатар жыныс немесе гетерохромосомалар деп аталады. Аналық пен аталықта бірдей хромосомалардың басқа жұптары аутосомалар деп аталады.
Екінші және үшінші жұп хромосомалар – ірі метацент­рлі, төртінші (микрохромосомалар) - акроцентрлі.
Құрылысы бойынша түрліше хромосомалардың әртүрлі гендері болады (жекелік ережесі). Сүтқоректілердің У-хромосомасында гендер саны аз болады.
Осылайша, дрозофила шыбынында үш жұп аутосомалар және бір жұп жыныс хромосомалары болады: ұрғашы жыныста - XX, еркектерде - ХУ. С.Г. Навашиннің ұсынысы бойынша түрдің бір жасушаға тән хромосомаларының графикті бейнесін идиограмма деп атайды.
Хромосомалық препараттарды МБИ-6, МБИ-15 микроскоптарымен x40 немесе x90 объектісінде, x10 немесе x125 окулярында фотосуреттейді. Келесі талаптарды орындағанда хромосомалардың идентификациясы жүргізіледі:
барлық хромосомалар бір-біріне жабыспай бір жазықтың бойында орналасуы қажет. Хромосомалардың метафазалық пластинкада шашыраңқы орналасуы олардың кейбіреуінің жоғалуына әкеліп соғады. Жақсы спиральданғанда ұсақ хромосомалардың пішінін дұрыс анықтау мүмкін болмайды. Метафазалы пластинкалардың микрофотография-ларында спиральдану жағдайын идентификациялау спиральдану индексінің (IS) формуласы арқылы анықталады:

Зерттеу үшін спиральдану индекстері бірдей метафазалы пластинкалар алынады.


Хромосомалардың идентификациясы келесі көрсеткіштер көмегімен жүргізіледі:




2. Иін индексі Ib:



  1. Әрбір хромосоманың абсолютты ұзындығы Lа , мкм.






3. Центромера индексі Is, %:





4. Хромосомалардың иіндерінің саны немесе NF негізгі саны, оған аутосомдар мен екі Х-хромосоманың иіндерінің саны кіреді.
Хромосомалар иіндерінің ұзындығы микроскоппен окулярмикрометр көмегімен өлшейді. Хромосомалар иіндерінің ұзындығын микрофотографиямен де өлшеуге болады. Метафаза пластинкалары негативтерін фотоүлкейту арқылы қағаз бетіне түсіреді және хромосомалардың суретін салады. Содан кейін, хромосомалар иіндерін кронциркульмен миллиметрдің оннан бір дәлдігіне дейін өлшейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет