Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Мейоз және гаметогенезді оқу фильмін көрсету арқылы зерттеу



бет23/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

2.3 Мейоз және гаметогенезді оқу фильмін көрсету арқылы зерттеу
Тапсырма. Мейоз және гаметогенезді оқу фильмін және оқу кестелерін көрсету арқылы зерттеу. Түрлі түсті қарындаштармен гомологты хромосомалардың жүріс-қозғалысын белгілеп, мейоз және гаметогенез сызбаларының суретін салу.
Әдістемелік құсқаулар. Жануарларда алғашқы аналық және аталық жыныс жасушалары – гонии эмбриональдық даму кезеңінде ұрық жасушасының бірнеше рет митоздық бөлінуінен пайда болады. Содан кейін аналық және аталық жыныс жасушаларының түзілуі ерекше өтеді. Аналық жыныс жасушаларының түзілуін оогенез (11 сурет) деп атайды.
Гонии өсу және жетілу фазаларынан өтетін хромосомалар саны диплоидты оогонииға айналады. Бірнеше митоздық бөлінуден кейін оогонии I қатарлы ооцит (I ооцит) деген ірі жасушаларға айналады. Хромосомалар саны диплоидты I ооцит бірінші жетілу бөлінуінде хромосомалар саны гаплоидты екі бірдей емес жасуша түзеді: бірінші қоректік заттардың қоры бар IІ ооцит, екінші көлемі кіші редукциялық дене (бағыттаушы немесе бірінші полярлы дене, полоцит). IІ ооцит екінші рет эквациялық жетілу бөлінуіне кірісіп, хромосомалар саны гаплоидты екі бірдей емес жасуша түзейді: ірісі (ооцид) және екіншісі ішірек (екінші бағыттаушы дене) болып келеді.

1-полюсті денешік




Ата-ана гаметалары

Сомалық жасушалар

Бірінші реттік жыныс жасушалар

Эмбриондардың жыныстық дифференциациясы

І фаза (көбеюі)


Б
ІІ фаза (өсуі)

ІІІ фаза (жетілуі)

ІV фаза (түзілуі)

1-реттік ооцит

1-реттік сперматоцит

2-реттік сперматоцит

Оотидтер

2-полюсті денешік

Жетілген жұмыртқа жасушасы

2-реттік ооцидтер

Сперматозоидтар


11-cурет. Гаметогенез схемасы: аналық және аталық гаметалардың түзілуі


ірінші бағыттаушы дене екіге бөлініп
хромосомалар саны гаплоидты екі жаңа жасуша береді (екі полоцит). Үш полоцит тартылып қалады, ал ооцид толық жетілген жұмыртқа жасушасына айналады.
Оогенез барысында алғашқы ооциттан хромосомалар саны гаплоидты бір толық жетілген жұмыртқа жасушасы пайда болады. Полоциттардың арқасында пісіп жетілетін жұмыртқа жасушасы артық хромосомалардан айырылады, ал цитоплазманың біркелкі емес бөлінуі ұрықтанғаннан кейін негізгі жұмыртқа жасушасының тіршілігін қамтамасыз етеді. Жұмыртқа ұрықтанғаннан кейін мейоз аяқталады. Ұрықтану нәтижесінде аналық және аталық екі гаплоидты хромосома қосылады. Зиготада (ұрықтанған жұмыртқа жасушасы) хромосомалар жиынтығы диплоидты болып келеді.
Сперматогенез (11 сурет) – аталық жыныс жасушасының түзілуі. Эмбриональды дамудан бастап толық жетілгенге дейін сперматогонии митоз әдісінің өсу және көбею стадияларынан өтеді. Жабайы жануарлардың көпшілгінде сперматогенез белгілі бір маусымда жүреді (күйлеген уақытта). Бұл кезеңдер аралығында ұрықта тек сперматогонии болады.
Ауылшаруашылық малдарында сперматогенез жыныстық жасқа келгеннен бастап жыл бойы жүреді. Жыныстық жетілуде кейін өсу нәтижесінде сперматогонийдің бөлігі І қатарлы сперматоциттерге айналады. Диплоидты хромосомалар жиынтығы бар мұндай сперматоцит бірінші мейоздық бөліну (редукциялық) жолымен жетілу стадиясына кіреді, осының нәтижесінде гаплоидты хромосомалары бар екі ІІ қатар сперматоциттер түзіледі. Бұл сперматоциттар екінші рет бөлінінеді (эквациялық), осының нәтижесінде гаплоиды хромосомалар жиынтығы бар жетілмеген аталық жыныс жасушалары сперматидтер түзіледі. Сперматидтерден жетілген аталық жыныс жасушалары сперматозоидтар құрылады. Оогенезден айырмашылығы сперматогенезде диплоидты хромосомалары бар бір сперматогонииден гаплоидты хромосомды төрт сперматозоидтар пайда болады. Сперматогенез ұрықта жүреді, оогенез аналық безде жыныстық жетілуден бастап ұрпақ бере алатын жасына дейін созылады (жануарлардың эстральды циклі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет