Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет19/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Тапсырмалар
1. Жапырақ тәріздес айдарлы тауықтарды раушан гүлі тәріздес айдарлы гетерозиготалы қораздармен шағылыстыру нәтижесінде раушан гүлі тәріздес айдарлы 106 балапан және жапырақ тәріздес айдарлы 120 балапан алынды. Берілген жұп белгі бір жұп генге байланысты деген нольдік гипотеза бойынша ұрпақтарында ажырау арақатынасы 1:1 деп күтіледі. Хи-квадрат белгісін есептеп, шын шама мен күтілетін шаманың ажырау сәйкестігін бағалау.
2. Ақ түсті ірі ақ шошқа аналықтары мен қара жетісу қабандарынан алынған бірінші ұрпақтар өзара шағылыстырылды. Будан ұрпақтарының арасында 81 торай қара және 26 ақ түсті болды. Нольдік гипотеза бойынша (түс бір жұп гендерге байланысты) түстің күтілетін ажырау арақатынасы 3 қара және 1 ақ дарақтар.
Хи-квадрат белгісін есептеп, шын шама мен күтілетін шаманың ажырау сәйкестігін бағалау.
3. Индол-3-пропиогидросан қышқылының қорғау әсерін және қояндарға Ауески ауруын экспериментальды жұқтыруды зерттегенде 20 дарақтың 8 тірі қалып, 12 өлді; ал терапевттік әсерін зерттегенде 17 қоянның 6 тірі қалып, 11 өлді. Бұл препараттың терапевттік және қорғау әсерінің тиімділігі туралы гипотезаны тексеру.
4. Тышқандардың екі аталық ізі кездеседі: жоғары лейкозды (АКR) және төмен лейкозды (СС57Вг). Тышқандардың қалыпты жағдайында АКR аталық іздегі 44 тышқанның 22 тірі, 22 өлді; СС57Вг ізінде 35 тышқанның 29 тірі, 6 өлді. Хи-квадрат әдісімен аталық іздер арасындағы айырмашылықтың дұрыс болуын анықтау қажет.
5. Пневмониямен ауыратын қояндарға жаңа антибиотикті сынағанда келесідей нәтиже алынды: антибиотик қабылдаған қояндардың 65 тірі қалып, 25-і өлді. Антибиотик қабылдамаған қояндардың 35 тірі қалып, 25-і өлді. Препараттың емдік әсері дұрыс болуын бағалау керек.
6. Қырдың қызыл сиыры сүтінің лактоглобулиндер (Lg) типтері бойынша таралуының шындық шама мен күткен шаманың сәйкес болуын хи-квадрат белгісі көмегімен анықтау. Шындық шаманың бөлінуі былай болды: LgA 26 дарақта, LgВ – 271 дарақта және LgAВ – 202 дарақта. Күткен шаманың бөлінуі: LgA – 0,065, LgВ – 0,555, LgAВ – 0,380.
7. Енекелердің қан сарысуындағы трансферрин (Tf) типтерінің таралуының шындық шамасы мен күткен шаманың сәйкес болуын анықтау. Шын шаманың таралуы: 21 жануардың қан сарысуында TfА, TfВ — 135 және TfАВ — 105 жануардың қан сарысуында табылды. Күткен таралу: TfА — 0,079, TfВ — 0,517; TfАВ — 0,404.
8. Зебу жануарлары мен олардың швиц тұқымынынан алынған гибридтерінде қанның С жүйесі бойынша антигендердің бар болуы зерттелді:
9. С1 антигені 23 зебу сиырының 11, гибридтерде 68 сиырдың 25 табылды. Бұл популяциялар арасында салыстырылған антигендердің айырмашылығының дұрыс болуын хи-квадрат белгісі көмегімен бағалау.
10. Келесі мәліметтер негізінде С2 антигені бойынша айырмашылықты бағалау: зебу малында С2 антигені 33 сиырдың 12, гибридтерде 48 сиырдың 43 табылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет