1.9 Ішінара іріктелген екі жиынтықтың орташа арифметикалық шамалар айырмашылығының дұрыстығын бағалау
Егер екі жалпы жиынтықтың орташа арифметикалық шамаларын салыстырсақ, онда қандай айырым болса да дұрыс болады. Ал малдәрігерлік, зоотехниялық т.с.с. жұмыстарда өзара салыстыруға жалпы жиынтық көрсеткіші емес, ішінара іріктелген (тұқым, ұя, із, бақыланатын, тексерілетін т.с.с.) топтың көрсеткіші ғана қолданылады. Сондықтан, ондай аз ғана екі топтың орташалар айырмашылығының дұрыстығын анықтаған жөн. Мысалы, бір бұқадан тараған 20 ұрғашы ұрпағы сүттілігі жағынан аналықтарынан асып түсетінін білу жеткіліксіз. Сонымен қатар, осы айырмашылықтың дұрыстығын білу керек, себебі осы бұқаның келешек ұрғашы ұрпағы да дәл осындай жағдай туғызғанда енелерінен сүті артық болады деп қорытынды жасалу керек. Бұл үшін дұрыстық белгісі (td) есептелінеді.
Мұндай есептерді шығарғанда екі орташаның (X1 және X2) айырмашылығы (d) есептелінеді: d = X1 –X2. Айырмашылықтың орташа қатесін (md) формула арқылы есептейді:
Айырмашылықтың дұрыстығы (td) формуламен анықталады:
16 кестеде үш стандартты шама және оларға сәйкес ықтималдықтар келтірілген. Мысалы, td = 2.57 болғанда айырмашылықтың дұрыс болуының ықтималдығы 0,99 (яғни 99%), td = 3.2 болғанда ықтималдылық 0,999 (99,9%) жетеді. Егер td мөлшері 1,96 кем болса, онда салыстырылған топтар орташалары айырмашылығының дұрыстығы мойындалмайды.
Кіші іріктеулерді салыстырғанда іріктеу көлемдері арасында айырмашылық көп болмағанда md жоғарыдағы формуламен есептейді. Басқа жағдайларда Стъюдент кестесін қолданады.
Мысалы, қара-ала мен симментал тұқымдарының (жалпы жинақтар) сиырларының сүт өнімділігі салыстырылады. Азықтандыру және күтіп бағу жағдайлары бірдей болғанда лактация уақытындағы сүт өнімділігі: симментал сиырлары X1 ± m1 = 2600 ± 30 кг, қара-ала сиырлары X2 ± m2 = 3200 ± 40 кг. Бұл топтарда сүт өнімділігі айырмашылығының дұрыстығын анықтау қажет. td мына формула арқылы есептеледі:
Айырмашылықтың дұрыстық критериясы (td = 12) 16 кестеде көрсетілген мөлшерден едәуір артық. Сондықтан, қара-ала сиырларының сүттілігі симменталға қарағанда жоғары деп 99,9% дәлдікпен айтуға болады.
Екінші мысал. Бұқашықтарды бордақылағанда микроэлементтердің ықпалының тиімділігі зерттеледі. Осы мақсатта тірідей салмақтары бірдей, әр топта 14 бастан жануарлардың екі тобы құрылды (тәжірибе және бақылау). Екі топ бірдей рациондармен бордақыланады, бірақ бақылау тобы микроэлементтер алады.
Тәжірибені аяқтап алғашқы мәліметтерді өңдегеннен кейін келесі нәтижелер алынды: тәжірибе тобында орташа тірідей салмақ (X1) 300 кг, бақылау тобында (X2) – 260 кг. Тәжірибе және бақылау топтарындағы орташа қателер m1 = 9 кг, m2 = 6 кг сәйкес келді. Тәжірибе және бақылау топтарында салмақтар айырмашылығының дұрыстығын анықтау қажет. Кіші жинақтарды салыстыруға қарамастан, екі топта жануарлар санының бірдей болуынан айырмашылықтың қатесін мына формула бойынша анықтайды:
Табылған td сәйкес ықтималдықтың шамасын Стъюдент кестесінен анықтайды. Ол үшін бостандық дәрежесінің санын (v) табады. Екі ішінара іріктеуді слыстырғанда v = n1 + n2 – 2 = 14 + 14 – 2 = 26. Кестеден v = 26 жолын табады. Бұл жолда орналасқан t бес стандартты шамасынан тәжірибеде анықталған (td = 3,7) санына тең немесе артық санды табады. Бұл сан соңғы бағанада орналасқан. Бұл бағанның жоғарғы жолы ізделген P = 0,999 ықтималдықты көрсетеді. Сондықтан, d = 40 кг айырмашылықты дұрыстық деңгейі өте жоғары деп айтуға болады. P = 0,999 болғанда (d = 40) бұл нәтижені үш сызықпен, P = 0,99 – екі сызықпен, P = 0,95 – бір сызықпен сызып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |