1.8 Ішінара іріктелген жинақтардың дәлдігін бағалау
Егер жалпы жинақ өте үлкен болса, оны шексіздікке теңестіреді. Осы жағдайда іріктелген арифметикалық орташаның қатесін (Х) мына формуламен есептейді:
мұнда m – арифметикалық орташаның қатесі (Х); σ – орташа квадраттық ауытқу; n – іріктеу көлемі.
Бұл формуладан арифметикалық орташаның қатесі σ мен n байланысты. Зерттелетін белгі бойынша жинақ толық біркелкі болғанда (σ = 0) орташа қате нольге тең болады, яғни ішінара іріктелген жинақтың мәні жалпы жинақ мәнімен бірдей болады. Орташа қатенің мөлшерін n-мен салыстырғанда кері пропорционалды байланыста. Іріктелген варианттардың саны көбейген сайын ішінара іріктелген Х қатесі азая береді.
Кіші іріктеуде арифметикалық орташаның қатесі мына формула арқылы есептеледі:
Іріктелген 100 сиырдың анықталған тәуліктік сүт мөлшері Х=21,26кг, ал σ = +3,68. Осы жағдайда арифметикалық орташаның қатесі есептеледі:
Бұл 100 басқа орташа қате 0,368 кг құрайтынын көрсетеді. Сондықтан, ішінара іріктелген жинақта тәуліктік сауылған тәуліктік сүт мөлшері: X ± m = 21,26 ± 0,368.
Жалпы жинақтың арифметикалық орташасының сенімді шекарасы Xж = X ± t x m аралығында. Жоғарғы шекарасы 21,26 + 1,17 = 22,43; төменгі – 21,26 - 1,17 = 20,9
Басқа ішінара іріктелген жинақтардың қателері келесі формулалар арқылы есептеледі:
орташа квадраттық ауытқу
вариация коэффициенті
корреляция коэффициенті
регрессия коэффициенті
Ішінара іріктелген жинақтың мөлшерін оның қатесінің мәнін «±» таңбасымен жазады: X ± m, σ ± mσ, Cv ± mCv, r ± mr және т.с.с.
Іріктелген жинақтардың дұрыстығының көрсеткіштері (±t) формулалар көмегімен іріктелген көрсеткіштің өзінің орташа қатесіне қатынас арқылы анықталады:
Тапсырмалар
1. Вариациялық қатардың келесі көрсеткіштері үшін орташа арифметикалық қатені ( ) есептеу:
a) ;
б)
в)
σ өзгергенде орташа қатенің шамасы қалай өзгереді?
2. Вариациялық қатардың келесі көрсеткіштері үшін орташа арифметикалық қатені ( ) есептеу:
a) ;
б)
в)
Берілген мәліметтер бойынша арифметикалық орташаның қатесі қандай формула арқылы есептелуі тиіс? Варианттардың саны өзгергенде арифметикалық орташаның қатесі қалай өзгереді?
3. Он қозының туғандағы салмақтары 3,0; 5,0; 4,0; 7,5; 4,0; 5,0; 6,0; 6,5; 4,0; 5,0 кг болды. Бұл қозылардың орташа салмағын және оның орташа қатесін есептеу қажет.
4. 4 тапсырма бойынша (25 б) Р = 0,95 болғанда орташа арифметикалық қатені және сенімді интервалды анықтау.
5. Лизин мен аргинин арасындағы (41 б, 4 тапсырма) корреляция коэффициентінің орташа қатесін және жалпы жинақтық мөлшерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |