Тапсырмалар
1. Сақа сиырлардың тірідей салмақтары мен бұзаулардың туғандағы тірідей салмақтарының вариациялық коэффициентерін салыстыру. Сақа сиырлардың сипаттамасы: Х1=400 кг, σ1 = 48 кг; бұзаулар: Х2 = 30 кг, σ2 = 3 кг. Неше жаста тірідей салмақтың өзгергіштігі жоғары болып келеді?
2. Келесі мәліметтер бойынша 10 сиырдың лактация уақытындағы сүт өнімділігі мен орташа сүт майлығының вариация коэффициенттерін салыстыру:
Сүт өнім-
ділігі, кг
|
3213
|
4580
|
2760
|
4430
|
4630
|
4750
|
4500
|
3900
|
3960
|
4000
|
Сүт майлы-лығы, %
|
4,1
|
3,9
|
4,3
|
3,9
|
4,0
|
4,2
|
4,0
|
3,8
|
3,9
|
4,0
|
3. Шаруашылықта екі сиырдың тәуліктік сүт өнімділігін салыстырады. Бірінші сиыр лактацияның екінші айында тәулігіне 10 кг сүт, екінші сиыр лактацияның алтыншы айында 5 кг сүт береді. Шаруашылықтағы сиырлардың орташа тәуліктік сүт өнімділігі: Х1 = 8 кг, σ1 = 2 кг; Х2 = 4 кг, σ2 = 1 кг.
Нормалық ауытқу арқылы сиырлардың қайсысының сүт өнімділігі жоғары екендігін анықтау қажет.
1.6 Белгілердің өзара байланысын зерттеу әдісі
Сабақтың мақсаты: Белгілердің өзара байланыс әдістерін меңгеру және бұл көрсеткіштерді селекциялық жұмыстар мен селекцияны болжауда қолдану.
Әдістемелік нұсқаулар. Жануарлардың белгілері мен қасиеттері өзара белгілі бір байланыста болады. Мысалы, аналығы мен ұрғашы ұрпақтарының әр түрлі ауруларға төзімділігі мен қабылдағыштығы, фагоциттік белсенділік пен резистентіліктің, азықтандыру мен сүттіліктің, денесінің тұрқы мен тірі салмағының арасында байланыстар болады. Осыны корреляциялық (лат. корреляцио) байланыс дейді. Тірі организмдер белгілерінің корреляциялық байланысының ерекшелігі - әрбір белгінің мағынасына басқа белгілердің бірнеше мағынасы сәйкес келеді. Мысалы, биіктігі бірдей малдардың әртүрлі тірі салмағы болуы мүмкін, бірақ орташа алғанда тапал бойлы малдардың биіктеріне қарағанда тірі салмағы төмен болады.
Корреляцияның оң және теріс түрлерін ажыратады. Оң корреляцияларда бір белгінің көрсеткіші ұлғайса, екінші белгінікі де көбейеді. Мысалы, бірінші туған сиырлардың тірі салмағының өсуімен қатар сүті де көбейеді; егер сүттің майлылығы жоғары болса, ақуыз пайызы да көп болады т.с.с.
Теріс корреляцияда бір белгі көрсеткіші көбейсе, екіншісі азаяды. Мысалы сүт көбейсе оның майлылығы азаяды, көп жұмыртқа табатын тауықтың жұмыртқасы кішкене болады, жүннің ұзындығы артса, талшығы жуандай береді т.с.с.
Өзара байланыстың күшін және бағытын зерттеп білу үшін корреляция коэфициентін (г) есептеп шығарады. Корреляция коэффициенті 0 ден ±1-ге дейін құбылады. Оң корреляция шамасы 0-ден +1-ге дейін, ал терісінде 0-ден — 1-ге дейін өзгереді. Егер г = 0 болса, бір белгінің өзгеруі екінші белгіге тәуелсіз жүреді. Ал, г коэффициенті 0,5- тен төмен болса, онда байланыс нашар; егер г-дің шамасы 0,5-0,6 болса - орташа; 0,7 және одан да көп болса байланыс жоғары деп есептелінеді.
Белгілердің өзара байланыс дәрежесі корреляция коэффициенті, (r), коррреляциялық қатынас (ŋ), тетрахорикалық көрсеткіш, жеке және көптік корреляция коэффициенттері, регрессия коэффициенттері көмегімен өлшенеді.
Белгілердің өзара байланысын зерттеу генетикалы-селекциялық сұрақтарды шешуде маңызды орын алады. Белгілердің арасындағы фенотиптік және генотиптік байланыстарды анықтау селекцияны болжауда қолданылады.
Ішінара іріктелген жинақтарда фенотиптік корреляцияны (r) есептеу.
Есептеу үшін мына формула қолданылады:
немесе
Мұнда n – зерттелетін екі белгі бойынша жануарлардың саны; х және у – бірінші және екінші белгінің варианттарының мөлшері; Сх – орталық ауытқулардың квадраттарының қосындысы мына формула арқылы есептелінеді:
С мөлшерін жеке есептейді: х қатары үшін Сх, у қатарында Су, (х – у) айырмашылығы үшін Сd.
Төменде аналық шошқалардың жасы мен алынған торай санының арасындағы корреляцияны (r) есептеу техникасы (n = 10) көрсетілген.
5-кесте. Аналық шошқалардың жасы мен алынған торай санының арасындағы корреляцияның көрсеткішін табу
Мегежіндер жасы, х
|
Торай саны, у
|
ху
|
х
|
у
|
d=х-у
|
d2
|
2
|
9
|
18
|
4
|
81
|
-7
|
49
|
1
|
7
|
7
|
1
|
49
|
-6
|
36
|
5
|
11
|
55
|
25
|
121
|
-6
|
36
|
7
|
10
|
70
|
49
|
100
|
-3
|
9
|
3
|
11
|
33
|
9
|
121
|
-8
|
64
|
2
|
8
|
16
|
4
|
64
|
-6
|
36
|
6
|
11
|
66
|
36
|
121
|
-5
|
25
|
1
|
6
|
6
|
1
|
36
|
-5
|
25
|
3
|
14
|
42
|
9
|
196
|
-11
|
121
|
3
|
14
|
42
|
9
|
196
|
-11
|
121
|
∑х=34 ∑у= 99 ∑ху=361 ∑х= 154 ∑у= 1033 ∑d=-65 ∑d2= 465
Әрбір бағананың сандарын қосады. Алынған қосындылар Сх, Су, Сd көрсеткіштерін есептеуге көмектеседі.
С-ты басқа формулаға қойып, сол нәтижені алады:
Қорытынды. Он аналық шошқалардың жастары мен олардан алынған торайлар санының арасында оң бағытты және жоғары дәрежелі байланыс бар. Шошқалардың жасы өскен сайын олардан алынатын торайлардың саны да көбейе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |