Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет8/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Тапсырмалар
1. Вариациялық қатар мәліметтері бойынша арифметикалық орташаны есептеу:



1мм3 қандағы лейкоциттер саны

3500

4500

5500

6500

7500

8500

9500

10500

Жиіліктер

2

4

7

8

11

6

1

1

2. Қойлардың қырқылған жүн өнімділігінің вариациялық қатарының мәліметтері бойынша арифметикалық орташаны есептеу:



Кластар

6,0

6,5

7,0

7,5

8,0

8,5

9,0

9,5

10,0

10,5

11,0

11,5

Жиіліктер

1

8

52

74

116

171

249

154

96

52

28

2

3. Құс фермасындағы тауықтардың жұмыртқалағыштығының вариациялық қатарының мәліметтері бойынша арифметикалық орташаны есептеу:





Кластар

100

120

140

160

180

200

220

240

260

Жиіліктер

44

66

131

165

256

152

108

59

21

4. Сиырлардың тірідей салмақтарының вариациялық қатарының мәліметтері бойынша арифметикалық орташаны есептеу:



Кластар

443

458

473

488

503

518

533

548

563

578

Жиіліктер

1

3

7

11

13

19

15

8

4

1



Өлшемді орталық көрсеткішті (Хө) есептеу.
Өлшемді орталық көрсеткіш бірнеше жинақтың арифметикалық орташаларының орташа шамасын көрсетеді. Ол мына формуламен есептелінеді:

Мұнда Хө - өлшемді орталық көрсеткіш; Х1, Х2, …, Хn - бірінші, екінші және т.с.с. жинақтардың арифметикалық орташалары; n1, n2,…,nn – бұл жинақтардың көлемі.
Мысалы, үш шаруашылықтағы сиырлардың саны мен тірідей салмақтары берілген. Бірінші шаруашылықта Х1 = 420 кг, n1 = 1000 бас, екіншіде Х2 = 460 кг, n2 = 500 бас, үшінші шаруашылықта Х3 = 520 кг, n3 = 2000 бас құрады. Үш шаруашылықтың мәліметтері бойынша сиырлардың арифметикалық орташасын есептеу.
Өлшемді орталық көрсеткішті есептегенде әрбір шаруашылықтағы сиырлардың тірідей салмағы мен шаруашылықтарда орташа шамаларды есептегендегі іріктелген малдардың санын білу қажет.
Бірінші шаруашылықтағы іріктеудің көлемі екіншіден екі есе артық, ішінара іріктеу Х1-де 1000 бас, Х2–де 500 бас болды. Үшінші жинақтағы ішінара іріктеудің көлемі 2000 бас, біріншіге қарағанда едәуір артық болып келеді. Өлшемді орталық көрсеткіштін формуласын қолданып есептейміз:



Тапсырмалар
1. Шаруашылықта үш бұқадан 58 ұрпақ алынды. Бірінші бұқаның 20 ұрпағының жылдық сүттілігінің орташа мөлшері 3250 кг, сүттің майлылығы 4,3%, екінші бұқаның ұрпақтары 23, көрсеткіштері – 4115 кг және 3,8%, үшінші топтағы ұрпақтар 15 бас – 2756 кг және 4,6% болды. Үш аталықтың ұрпақтарының сүттілігі мен сүт майлығының өлшемді орталық көрсеткіштері қандай? Қай аталықтық ұрпақтарының өнімділігі жоғары?
2. Үш құс фабрикасында өсірілетін тауықтардың саны 3000, 1500, және 7900. Бұл жинақтардағы өндірілетін жұмыртқаның сандық мөлшері сәйкесті түрде - 214 500, 14 835, 1 185 000 дана.
Осы көрсеткіштерді пайдаланып әр фабрикаға сәйкесті арифметикалық орташаны және үш фабрикаға ортақ өлшемді орталық көрсеткішті есептеңіздер.
Өлшенбейтін белгілердің орташа шамасын есептеу (параметрлі емес орташа)
Көптеген белгілердің сандық өлшемі болмайды (қаракөл қой терісі, күзендер түсінің қарқындылығы т.с.с.). Белгінің қарқындылығы күшеюі немесе осалдануы жағынан жануарлар қатарларға бөлінеді. Жануардың реттік саны ранг деп аталады.
Мысалы. № 5 және № 6 қаракөл тұқымы қошқарларынан және таңдап алынған бір топ аналықтардан әр түрлі реңді (ақшылттан қара-сұрға дейін) 8 сұр қозы алынды.
Қай қошқардан қара түсті ұрпақ алынатынын анықтау қажет. Екі қошқардың ұрпақтары жүнінің түсі бойынша ақшыл-сұрдан қара-сұрға қатарларға бөлінген (әкесінің нөмірі көрсетілген).

Ранг

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Әкесінің нөмірі

5

6

5

6

5

5

6

5

5

5

6

5

6

6

6



Алынған қатар негізінде әр қошқардың орташа рангі анықталады:

Екінші қошқар қозыларының көбінің түсі қара-сұр болды, ол түс жоғары бағаланады.
Геометриялық және гармоникалық орташалар туралы түсінік.
Популяцияның өсу қарқынын, белгілі бір уақыт аралығында өсуді анықтау үшін геометриялық орташа G қолданылады.

мұнда х – варианта мөлшері; n – іріктегенде бақыланатын сан.
G есептеу логарифмдеу әдісімен жүргізіледі:

Геометриялық орташа көрсеткіші арифметикалық орташаны қолдануға келмейтін асимметриялық қатарларда қолданылады.
Гармоникалық орташа H сирек қолданылады. Мысалы, өзгермелі жылдамдықтардың орташа шамасын, желісті жылқының әр түрлі қашықтықтағы орташа шапшаңдығын анықтау үшін гармоникалық орташа H қолданылады.
Мода және медиана
Арифметикалық орташадан басқа осыған жуық. екі шама қолданылады, олар мода (М0) және медиана Ме. Мода деп ең жиі кездесетін белгінің шамасын айтады. Мода ретінде әдетте көп вариантты кластың орталық мәнін алады. Біздің мысалда М0 = 24 кг. Медиана (лат. "медиана" -орталык) вариациялық қатарды екі тең жартыға бөледі, яғни одан жоғары және төмен бірдей өкілдер саны орналасуға тиісті. Варианттар дұрыс (симметриялы) биномды бөлінсе осы үш шама да - X, М0, Ме бірдей болады. Ассиметриялық қатарда, арифметикалық орташамен салыстырғанда, мода мен медиана ауытқиды.
Мода орналасқан класс модальды деп аталады. Вариациялық қатарда бірнеше модальдық класс болуы мүмкін.
100 сиырдың тәулігіне сауылатын сүт мөлшері бойынша бөлінуі мысалында модальды класс 20,0 – 21,9, оның жиілігі 24.
Мода мына формула бойынша есептелінеді:

Мұнда W – модальды кластың төменгі шекарасы; k – класс аралық көрсеткіштін мөлшері; f1 – модальды кластың алдындағы кластың жиілігі; f2 – модальды кластың жиілігі; f3 – модальды кластан кейінгі класс жиілігі.
Сиырлардың тәулігіне сауылатын сүт мөлшерінің бөліну кестесінен алынған мәліметтер формулаға қойылады:

Алынған көрсеткіш мәні 21,26 кг арифметикалылық орташаға өте жақын.
Ұрпағының саны әртүрлі кіші іріктеу мысалында медиананы (Mе) есептеу.

Тауықтардың нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9




Ұрпақтар саны (х)

8

8

8

7

7

6

5

5

4




Тауықтардың нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ұрпақтар саны (х)

8

8

8

7

5

6

5

5

4

4

Бірінші қатарда Ме = 7 бас., екіншіде - Ме .
Варианттардың жалпы жинақтарда кластарға бірдей бөлінбеуінде медиананы мына формула бойынша есептейді:

Мұнда W – медиана орналасқан кластың басы; n – топтағы барлық варианттардың саны; f – медиана орналасқан кластың алдыңдағы кластардың жиіліктерінің қосындысы; f1 – медиана орналасқан кластың жиілігі.
Медиананың анықталуы жиналған жиіліктердің минималды мөлшерінен вариациялық қатардың барлық варианттарының қосындысының жартысына дейін жүргізіледі. Бұл мөлшер арқылы медиана орналасқан класс анықталады. Берілген мысалда (100 сиырлың тәуліктік сүт мөлшерінің бөлінуі)


Кластардың басы

12

14

16

18

20

22

24

26

28

30

Жиіліктер

3

6

10

15

24

19

14

6

2

1

Жиіліктердің жиналуы

3

9

19

34

58










(n= 100)

Жиіліктердің жиналуы: 3 + 6 = 9, 9 + 10 = 19, 19 + 15 = 34. Жинақтың барлық варианттар қосындысының жартысынан жиналған жиіліктердің саны алынады
Алынған санды k мөлшеріне көбейтіп оны Mе орналасқан кластың төменгі шекарасы мөлшеріне қосады:

Есептелген 21,32 мөлшерінің мәні 21,26 арифметикалық орташадан шамалы ауытқиды. Мода мен медиана биологияда сирек қолданылатын қосымша көрсеткіштер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет