Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет4/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

1.1 Өзгергіштік түрлері
Тұқым қуалайтын өзгергіштік ұрпақта ата-аналарының ерекшеліктерінің әртүрлі қисындасуына, яғни олардың жаңа комбинация құруынан немесе жасушаның генетикалық аппаратының, геннің басқа да элементтерінің өзгеруінен кенеттен пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты, тұқым қуудың екі түрлі өзгергіштігі болады — ол комбинативтік (қисындасу), мутациялық (кенеттен пайда болған) және (модификациялық) тұқым қуаламайтын сыртқы ортаның әсерінен туған өзгергіштік. Сонымен қатар, коррелятивті өзгергіштік (өзара байланысты) маңызды орын алады.
Комбинативтік (лат. "комбинацис" - үйлесу, қисындасу) өзгергіштік әр түрлі шағылыстыру, будандастыру арқылы алынған жануарлардың, өсімдіктің ұрпақтарында байқалады. Бұл өзгергіштіктің салдарынан жаңа тұқым қуалау белгілері пайда болмайды, тек қана ата-анасының гендерінің алмасуы арқасында жаңа белгілер үйлесімі пайда болады.
Комбинативтік өзгергіштіктің практикалық маңызы өте зор. Оның зандылығын пайдаланып жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымдарын шығаруға болады. Шығарылған мал тұқымын одан әрі асылдандыру, оларды дұрыс жұптау арқылы алатын өнімді арттыру осыған негізделген. Комбинативтік өзгергіштіктің негізінде көптеген мал тұқымдары шығарылды: жылқының қостанай тұқымы, қара малдың алатау тұқымы, қазақтың биязы жүнді қойлары т. б. зебу мен ірі қараның европалық түрлерін будандастырып австралияның сүтті зебу тұқымы алынды. Жаңа тұқым зебулар секілді ыстыққа, кенеге төзімді және европалық малдарға ұқсас сүтті болып шықты. Архар мен прекос тұқымды қойды будандас-тыру арқылы архармеринос қой тұқымы алынды.
Коррелятивтік өзгергіштік (өзара байланысты). Тұқымқуалаушылықпен ортаның әсерінің ықпалымен организм біртұтас өсіп дамиды. Сондықтан, бір мүшенің немесе ұлпаның өзгеруі басқа мүшелер, ұлпаларының өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін. Мысалы гипофиздің (мидың қосымша бөлігі) алдыңғы бөлігінің жетілмеуі бойдың және жыныстың өсуін тоқтатады.
Зоотехниялық малдәрігерлік жұмыс үшін корреляциялық өзгергіштікті оқып білудің маңызы зор. Мысалы, жоғары сүттілік пен бордақылауға бейімділік өзара қайшы байланыста. Сондықтан, жоғары сүтті, әрі жоғары етті мал тұқымы шығару өте қиын. Ауруға төтеп беретін қасиетпен кейбір өнім беретін қасиеттер оң не теріс байланыста болуы мүмкін.
Мутациялық өзгергіштік ата тегінде болмаған кейбір жаңа ерекшеліктердің кенеттен ұрпақтың жекелеген организмінде пайда болуы. Мутация тұқым қуалайтын материалдың өзгеруіне байланысты, яғни тұқым қуалайтын ақпараттың өзгеруі арқылы болашақ ұрпаққа беріледі. Олар табиғатта, лабораториялық жағдайда және үй жануарларында да кездеседі. Егер табиғи жағдайда олардың тіршілікке қабілеті азайса, табиғи сұрыптаудың сарабына түсіп көп сақталмайды, керісінше бұрынғы формаларға қарағанда күштірек болса оларды сұрыптау іліп әкетеді.
Мутациялар жануарлар мен өсімдіктер эволюциясында өте маңызды орын алады, олар комбинативтік өзгергіштікпен біріге отырып табиғи және қолдан сұрыптауға көп материал береді.
Модификациялық өзгергіштік жануарлар мен есімдіктерде қоршаған ортаның тікелей әсерінен пайда болады. Мұнда бейімделушілік пен адаптацияның маңызы өте зор.
Модификациялық өзгергіштік тұқым қуаламайтын, генотипті өзгертпейтін фенотиптік өзгергіштік. Ол топтық сипаттаманы көрсетеді, яғни адаптациялық мәні бар әрбір белгі популяция мүшелерінің бәрінде де ұқсас өзгереді де белгілер көрсеткіші өзара тығыз байланыста болады. Модификациялық өзгергіштік табиғатта кеңінен таралған, себебі организмнің белгісінің дамуына қоршаған орта әсер етеді. Бір аналық жасушадан пайда болған ұқсас егіздер, генотиптің бірдейлігіне қарамастан әртүрлі ортада өсірілсе белгілерінде айырмашылық болады. Сандық белгілерге (сүт мөлшері, тірі салмағы, жүннің салмағы т.б.) ортаның әсері өте күшті болғандықтан, оларда модификациялық өзгергіштік көбірек болады. Сапалық белгілер (қанның тобы, түсі т.б.) негізінен тұқымқуалаушылық қасиетпен бақыланады.
Жануарлардың арасында қоршаған ортаның әсері кейде олардың генетикалық айырмашылығын жоққа шығарады. Онда генотипі жағынан жақсысы да жаманы да бірдей өнім беруі мүмкін. Сондықтан, ортаның жағдайы нашар болса, фенотипі бойынша сұрыптау ешқандай нәтиже бермейді. Мысалы, нашар азықтандыру бірінші ұрпаққа ғана емес сонан кейінгі қатардағы ұрпақтарға әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда созылған (ұзақ) модификацияны байқауға болады.
Модификациялық өзгергіштік шектеулі (реакция ережесі), яғни генотипте қатаң түрде жоспарланған. Бірақ, бұл қоршаған ортаның жақсы әсерінен пайда болған белгілері бар индивидтерді таңдап алғанмен, болашақ ұрпақтың осыған сәйкес жақсаруына себеп бола бермейді.
Реализациялық (іске асыру) өзгергіштік. 1989 жылы академик
В.А. Струнников модификациялық өзгергіштіктен өзгеше генотипті іске асыру кезінде фенотиптен жіберілген қателерден пайда болған өзгергіштікті реализациялық өзгергіштік немесе "үшінші өзгергіштік" деп атады. Басқа сөзбен айтқанда, айырмашылықтар популяциялар арасында емес, олардың жеке мүшелерінде байқалады.
Реализациялық өзгергіштіктің басты ерекшелігі, оның өте жоғары көрсеткіштері бар индивидтері жоғалып, төменгі көрсеткішті өкілдердің көбеюінде. Осының салдарынан таралу қисығы және арифметикалық орта көрсеткіші төменге ауытқиды. Ал генетикалық немесе модификациялық өзгергіштерде сандық белгілер көрсеткіштері арифметикалық орташадан не төмен, не жоғары бола береді, осының есебінен олар өзгермейді.
Реализациялық өзгергіштікпен анықталатын онтогенез барысында пайда болған сандық белгілер көрсеткіші, модификацияларға қарағанда ешқашан да ұрпақтан көрінбейді, тіпті ата-аналардың генотипі мен онтогенез жағдайы қайталансада. Реализациялық өзгергіштіктің көмегімен гетерозис құбылысын түсіндіруге болады. Егер мұндай өзгергіштік сандық белгілерде жоғарыласа, онда осыдан бұрын айтыл-ғандай, олардың орташа арифметикалық мәні азаяды және керісінше өзгергіштік төмендесе орташа көлемі көбейеді. Сондықтан, өмірсүргіштігі жоғары будандардың генотипі толық жүзеге асырылудың нәтижесінде тек қана өмірсүргіштік қабілеті емес, сандық көрсеткіштерінің орташа мәні де жоғарылайды, ал жақын туыстық шағылыстыру жүргізгенде олар өте төмен болады.
Тұқымқуалаушылық, көбінесе генотиптің жүзеге асырылу дәрежесіне байланысты. Неғұрлым кейбір белгілер бойынша генотип фенотипке іске асса, соғұрлым бұл белгілердің болашақ ұрпақтан көріну ықтималдығы артады. Осыған байланысты, реализациялық өзгергіштіктің табиғатын білу, бұл өзгергіштік білінбейтін селекциялық популяцияларды бағыт-талған түрде жасауға көмектеседі, сондай-ақ тұқымға жақсы қасиеттерін өзінің келесі ұрпақтарына бере алатын дарақтарды таңдап алуға мүмкіндік береді. Бұл нәтижелер жібек құртымен жүргізілген жұмыстарда толық дәлелденген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет