Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Қоянның аналық безінің препараттарында профазаны зерттеу



бет24/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

2.4 Қоянның аналық безінің препараттарында профазаны зерттеу
Сабақтың мақсаты: Қоянның аналық безінің препаратында микроскоптың кіші үлкейтуімен мейоздың профаза стадиясын қарау. Ішкі қуыссыз өсуші фолликуланы табу. Ооциттың ірі ядроларын диплонема және диакинез стадияларында тауып алып суретін салу.
Материалдар және жабдықтар. Гейденгайн бойынша боялған қоянның аналық безінен алынған митоздық бөліну препараттары, микроскоп.
Әдістемелік нұсқаулар. Сақа қояндардың аналық безінен алынған препараттарда жыныс жасушалары ооциттер диплонема және диакинез стадияларында болады. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда қояндардың аналық безінен алынған препараттарда өсуші фолликуланы табуға болады. Ол ішкі қуысы болмайтын бірнеше қабаттармен қоршалған фолликулярлы эпителийден тұрады. Осындай фолликулаларда ооциттер диплонема стадиясында болады. Олардың ірі ядроларын үлкен үлкейткішімен немесе иммерсиямен қарайды. Ядроның ішінде екі ірі ядрошықты көруге болады. Хромосомалар деспиралданған күйінде ядроның ішіне таралған. Бұл стадияда хромосомалардың метаболи­ттік белсенділігі байқалады. Оларда препаратта жақсы көрінетін әртүрлі бидай дәні түріндей рибонуклеотидтер гранулалары құрылады. Ішкі қуысы бар ірі фолликулаларды препараттан көруге болады. Ядролары кесінді жазықтығына түскендерде ооцит диакинез стадиясында болады. Ядроларда екі ірі ядрошық, рибонуклеотидтер гранулалары және ядро маңайында жиналған анық бивалент құрылысты қысқа жуан хромосомалар болады.


2.5 Лабораториялық жануарлардың ұрықтарынан алынған препараттарда мейозды зерттеу
Сабақтың мақсаты: Жасушаларды кептіру әдісімен дайындалған препараттарда сперматогенездің әртүрлі стадияларын микроскоппен көру.
Материалдар және жабдықтар. Микроскоп, В. Н. Орлов, Г. А. Чудиновский, Е. П. Крюкова (1976) әдісімен дайындаған лабораториялық жануарлардың мейоздық хромосомаларының препараттары.
Әдістемелік нұсқаулар. Препараттар алдын ала дайындалуы тиіс. Су тышқанының, ақ тышқанның немесе басқа лабораториялық жануардың 100 мг ұрығын 18-20°С температурада жаңа дайындалған натрий цитратының 1% ерітіндісіне салып, майларын жуып тастап қабығын алады. Жуылған каналдарды натрий цитратының жаңа 1% ерітіндісіне апарып, гипотониялық ерітіндінің жақсы енуі үшін байқап түйінін шешеді. Каналдардың үзіліп кетуін байқау қажет. Натрий цитратының ерітіндісі көмескі болғаннан кейін материалды натрий цитратының 1% ерітіндісінің үшінші ауысымына ауыстырады. Оның көлемі ұлпа көлемінен жуық шамамен алғанда 20 рет артық болуы тиіс. Лабораториялық жануарларды гипотониялық өңдеудің жалпы уақыты 12 мин, қояндыкі – 8 мин.
Каналдарды этил спиртінің 3 бөлігінен, мұзды сірке қышқылының 1 бөлімінен дайындалған, фиксатормен толған қақпағы бар шыны бюксқа ауыстырады. Фик­сатордың көлемі 20 мл. Фиксацияның ұзақтығы 15 мин.
Препарат дайындау үшін фиксатордың бірнеше миллилит­рін каналдардың аздаған мөлшерімен Петри ыдыс аяғына салады. Препаровальды инелер жұбының көмегімен каналдарды ұсақтап фиксатордан бөліп алып, кіші агглютинациялық про­биркаға (0,5 мл) құйылған 60% сірке қышқылына салады. Каналдар мөлдір болады. Пробирканың қабырғасын түрту арқылы біркелкі сұйық алынады. Жасушалар сұйықтығын микропипеткаға алады. Алдын-ала 60° дейін қыздырылған таза заттық шыныға бір тамшыны құяды. Содан кейін, бұл тамшыны қайтадан микропипеткаға алып шынының басқа орнына ауыстырады. Әрбір қолданылатын тамшы үшін керекті санды шыныға алғанға дейін операция 4-5 рет жүргізіледі. Препаратты бояу ацетокармин немесе ацетоорсеин арқылы жүргізеді.
Орсеинмен бояғанда 2%-дық ацетоорсеин ерітіндісін дайындайды, ол үшін 2 г құрғақ орсеинді 45 мг ыстық сірке қышқылында ерітеді, суығаннан кейін 55 мл тазартылған су қосады. Дайындалған бояуды сүзеді. Жаңа сүзілген орсеин ерітіндісін заттық шыныға тамызып жабын шынымен жабады. Орсеиннің артығын сүзгі қағазбен алып тастап, жабын шынының шетімен ыстық парафинді желімдейді. Шыныны Петри ыдыс аяғына салып (түбіне сірке қышқылына малыған сүзгі қағазды салады), тоңазытқышқа екі-үш тәулікке қояды. Содан кейін, жабын шыныны парафинмен бірге байқап ұстарамен алып тастайды. Препараттарды 45%-ды сірке қышқылы, бу­тил спирті және екі ксилол арқылы өткізеді, содан кейін канад бальзамына салады. Орсеинді қара бөтелке ішінде «суықта» сақтайды (4° температурада бірнеше ай сақтауға болады).
Мейоздық хромосомаларды биваленттер (жұптап қосақталатын гомологты хромосомалар) және жыныс хромосомалары жақсы көрінетін профазаның кеш стадиясында (диплонема, диакинез) немесе І метафазада зерттейді. Жасушадағы биваленттердің пішініне, әрбір биваленттегі хиазмдердің санына және хиазмдердің орташа санына назар аудару керек. Хромосомалық ауытқуларды байқауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет