Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Полиплоидты хромосомалар жиынтығы бар препараттарды қарау



бет27/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

2.9 Полиплоидты хромосомалар жиынтығы бар препараттарды қарау
Полиплоидия дегеніміз жалпы алғанда жасушада хромосомалар санының өзгеруін айтады. Дәлірек мағынада полиплои­дия - жасушадағы хромосомалардың гаплоидты санының еселеп көбеюі. Хромосомалардың гаплоидты жиынтығын (геном) үш есе арттырғанда триплоидтар, 4 есе – тетраплоидтар, 6 есе – гексаплоидтар және т.б. пайда болады. Полиплоидияны селекцияда жоғары өнімді жаңа өсімдіктер сорттарының бастапқы материалын алу үшін қолданады. Қазіргі уақытта өсімдіктердің астық, бау-бақша, жеміс-жидек, техникалық және басқа дақылдардың көптеген полиплоидты сорттары шығарылды. Полиплоидия өсімдік шаруашылығы селекциясында перспективті әдіс болып есептеледі. Жануарларда полиплоидияның сирек кездесуі әр түрлі жынысты болуына байланысты.
Сабақтың мақсаты. Өсінділерден дайындалған уақытша немесе тұрақты препараттардың хромосомалар санын есептеу.
Материалдар мен жабдықтар. Колхицинмен өңделген уақытша немесе тұрақты препараттар, микроскоп.
Әдістемелік нұсқаулар. Өсімдіктердің бөлінетін жасушаларының сомалық ұлпаларында химиялық заттар мен физикалық факторлармен әсер ету арқылы полиплоидтарды алады. Көптеген түрлі химиялық қосылыстар арасында полиплоидтар алу үшін колхицин кеңінен қолданылады. Оның көмегімен 500 артық полипло­идты өсімдік түрлері алынды.
Колхицин - алкалоид, өсімдік тамырының құрамында болатын өсімдік уы. Колхицин әсері жасуша бөлінуін тежеуге негізделген (хромосомалардың полюстерге ажырауы бұзылады). Жасушаның өсуі мен хромосомалардың бөлінуі тоқтамайды, ол хромосомалардың екі және үш есе артқан жасушаларының пайда болуына әкеледі.
Колхицин агар немесе глицерин қосындыларының судағы ерітіндісі түрінде қолданылады. Судағы ерітіндіде колхицинның аз концентрациясы (0,1 - 0,02%) қолданылады. Онымен өсімдіктің өсу нүктесіне, тозаңына, тамыр жүйесіне 12-24 сағат аралығында әсер етеді. Тапсырманы орындау үшін материалды алдын-ала дайындау қажет.
Петри ыдысында сүзгі қағазында 2-3 күн арпа тұқымын (немесе басқа дақыл) өсіреді. Өсіндінің ұзындығы 3-4мм болғанда колеоптиленмен колхицинның 0,1-0,25% судағы ерітіндісін басқа Петри ыдыстарына ауыстырады, тамырлары кеуіп қалмау үшін оларды жауып қояды. Екі сағаттан кейін өсінділерді дистилденген сумен жуып, топырағы бар жәшікте өсіреді. 30 күннен кейін диплоидтардан жуан жапырақтары мен қисық сабақтарымен ерекшеленетін тетраплоидты өсімдіктерді таңдап алады. Сабақтар жапырақтарының ұштарынан уақытша және тұрақты препараттар дайындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет