Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет2/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Мазмұны








Кіріспе

5

1

Биометрия негіздері

7

1.1

Өзгергіштік түрлері

8

1.2

Генетикалық зерттеулерде биометриялық әдістерді қолдану. Негізгі түсініктер және символикалар

10

1.3

Вариациялық қатарлар құру және оларды графикті түрде бейнелеу

13

1.4

Орталық көрсеткіштерді есептеу

21

1.5

Жинақтардағы белгілердің өзгергіштігінің көрсеткіштері

27

1.6

Белгілердің өзара байланысын зерттеу әдісі

32

1.7

Ішінара іріктелген жинақтардың көрсеткіштерінің репрезентативтілігі

44

1.8

Ішінара іріктелген жинақтардың дәлдігін бағалау

45

1.9

Ішінара іріктелген екі жиынтықтың орташа арифметикалық шамалар айырмашылығының дұрыстығын бағалау.

47

1.10

Хи-квадрат белгісі (χ2)

50

1.11

Дисперсиялық талдау

55

2

Тұқымқуалаушылықтың цитогенетикалық негіздері

63

2.1

Митоз

63

2.2

Мейоз және гаметогенез

69

2.3

Мейоз және гаметогенезді оқу фильмін көрсету арқылы зерттеу

73

2.4

Қоянның аналық безінің препараттарында профазаны зерттеу

75



2.5

Лабораториялық жануарлардың ұрықтарынан алынған препараттарда мейозды зерттеу

76

2.6

Хромосомалардың құрылысы. Кариотиптер.

77

2.7

Дрозофила шыбынының сомалық жасушасында хромосомаларды зерттеу және идентификациялау

78

2.8

Дрозофиланың үлкен политенді хромосомаларын зерттеу

81

2.9

Полиплоидты хромосомалар жиынтығы бар препараттарды қарау

83

2.10

Кариотиптің бұзылуын анықтаудың экспресс – әдісі

84

2.11

Ірі қараның кариотипі

85

2.12

Шошқа кариотипі

86

2.13

Үй тауығының кариотипі

88

3

Жыныстық көбеюде белгілердің тұқым қуалауы

93

3.1

Дрозофиланың биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері

94

3.2

Жынысты көбеюде белгілердің тұқым қуу заңдылықтары

96

3.2.1

Моногибридті шағылыстыру

97

3.2.2

Толық доминанттылық жағдайында тұқым қуалау

98

3.2.3

Аллельді гендердің әртүрлі формалы әрекеттесуіндегі белгілердің тұқым қуалауы

102

3.2.4

Жыныспен байланысқан доминанттылық

103

3.2.5

Көптік аллельдер

105

3.2.6

Геннің плейотроптық әсері

106

3.3

Талдаушы шағылыстыру. Ұрпақтың фенотипі арқылы ата – ана генотипін анықтау

107

3.4

Дигибридті және полигибридті шағылыстыру

110

4

4.1


Жыныстың тұқым қуалауы және тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы
Тіркесу және кроссинговер

118

118


4.2

Жыныс тұқымқуалаушылық белгі ретінде. Жыныспен тіркесті белгілердің тұқым қуалауы.

126

4.3

Жыныспен тіркесті белгілердің тұқым
қуалауында гаметалардың түзілуі

127

4.4

Жыныспен тіркесті белгілердің тұқым қуалауы

128

5

Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері

131

5.1

ДНҚ және РНҚ молекулаларының құрылысы мен биосинтезі

132

5.2

ДНҚ авторепродукциясын графикті модельдеу

134

5.3

Ақпараттық РНҚ-ның (а-РНҚ) матрицалық синтезінінің графигін модельдеу

136

5.4

Ақуыз биосинтезін ген арқылы бақылау

138

5.5

Ақуыз синтезінің матрицасы ретіндегі а-РНҚ-ның рөлін графикті модельдеу

139

5.6

Ақуыз биосинтезін ген арқылы бақылау. Графикті модельдеу

141

5.7

Генетикалық код

141

6

Иммуногенетика және ақуыздардың биохимиялық полиморфизмі

146

6.1

Иммуногенетикалық атаулар

147

6.2

Қан топтарын анықтау әдістері

149

6.3

Ақуыздар полиморфизмін электрофорез әдісі арқылы зерттеу

151

6.4

Моноспецификалық сарысу-реагенттерін дайындау

151

6.5

АВО жүйесінде адам қан топтарының тұқым қуалауы

158

7

Популяциялық генетика

160

7.1

Популяциялық генетикаға арналған есептерді шығару жолдары

161

8

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

166



Кіріспе


Генетика - жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тұқымқуалаушылығы және өзгергіштігі жөніндегі ғылым. Генетиканың ғылым болып қалыптасуына және дамуына биологияда ашылған көптеген үлкен ғылыми жаңалықтар ықпалын тигізді. Олардың негізгілері: М.Я. Шлейден және Т. Шванның жасушалық теориясы (1838ж); Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі (1859ж); тұқым қуудың Г. Мендель ашқан заңдылықтары (1865ж); С.И. Коржинский жене Г. де Фриздің мутациялық теориясы (1899ж және 1903ж); В. Иоганнсеннің популяция туралы ілімі (1903ж); Т.Г. Морганның тұқым қуудың хромосомалық теориясы (1910ж); Н.П. Вавилов ашқан тұқым қуудың гомологиялық қатарлар заңы 1923ж); Н.К. Кольцовтың тұқым қуалау және өзгергіштіктің молекулалық негіздері туралы тұжырымы (1936ж); О. Эвери ашқан тұқым қуалаушылық ақпарат ДНК молекуласында орналасуы жөнінде (1944ж); Д. Уотсон және Ф. Криктің ДНК молекуласының құрылысының моделі (1953ж); Ф. Крик, М. Ниренберг, Д. Маттен және С. Очоанның (1961-1964жж) генетикалық код және жасушадағы ақуыз синтезінің құпиясының ашуы.


1865 жылы Брно шағын қаласында басылымнан өзіндік еңбек жарық көрді. Бұл еңбекте биология немесе математиканың қайсысы басым екені түсініксіз еді. Белгісіз зерттеуші Грегор Мендель бір белгісі бойынша айырмашылығы бар екі өсімдікті бір-бірімен будандастырғанда бірінші ұрпақ ата-анасының біріне ұқсайды, екінші ұрпақтың бір бөлігі ата-анасының біріне, басқа бөлігі екінші ата-анасына ұқсайтыны туралы айтты. Ата-аналарының айырмашылығы бар белгілер жоғалмай, бір-бірімен араласпай, өзгермеген қалпы сақталады және бір ұрпақтан кейін көрінеді. Бастапқы ата-аналар белгілері екінші ұрпақта тұрақты қатынаста көрінді: бір типті әрбір үш дараққа басқа типті бір дарақ келді. Егер де бастапқы ата-аналар бір белгілер бойынша айырмашылығы болса осылай болды. Бастапқы ата-аналардың екі белгілері бойынша айырмашылығы болғанда, екінші ұрпақта 9:3:3:1 арақатынасында төрт түрлі фенотип табылды. Бұл арақатынас белгілі бір заңдылықты білдірген және осының негізінде белгілі бір ерекше механизм жатыр деп болжанған.
Г. Мендель бұл тамаша құбылысты байқап, оның заңдылықтарын ашты. Ол математикалық талдауды бірінші болып биологиялық зерттеулерде қолданды. Жергілікті табиғат зерттеушісінің жұмыстарын замандастары түсінбеді. Өйткені XIX ғасырда биологияның дамуы төменгі деңгейде еді. ХХ ғасырдың басында бір-бірінен тәуелсіз үш ғалым Мендель заңдарын қайтадан ашты (Корренс, Чермак, де Фриз).
1866 жылы баспадан шыққан Мендель еңбектері керексіз болған уақытта Томас Гент Морган туды. Морган өз уақытында былай дейді: «Теорияның шындық тәрізді болуы оның дәлелі емес».
Морган Мендельдің ұлы ілімін алға дамытты, ол құбылыстардың материалдық негізін көрсете білді (хромосомалық теория және т.б. еңбектер). Сондықтан, қазіргі биологияның тұқым қуалауды зерттеудегі бағыттары менделизм-морганизм деп аталады.
Г. Мендель, В. Бэтсон, В. Иоганнсен, Г. де Фриз және Т. Морган генетикасы тарихқа классикалық генетика ретінде еніп, биология ғылымының дамуына зор ықпал етті.
Генетиканың дамуына аса ірі үлес қосқан биолог-генетиктер: Н.И. Вавилов, И.В. Мичурин, Н.К. Кольцов, С.С. Четвериков, А.С. Серебровский, Н.П. Дубинин, И.И. Шмальгаузен, М.Е. Лобашев, Б.М. Завадовский, М.М. Завадовский және т.б.
Генетика – асылдандыру жұмысының негізі. Оның көмегімен селекцияның жаңа жолдары мен әдістері жасалады. Генетиканың жетістіктеріне бағалы аң шаруашылығының дамуын, түрлі түсті қаракөл терісі, биометрияны, генетикалық маркерлерді және т.б. селекцияның тиімділігін арттыруға арналған әдістерді жатқызуға болады.
Қазіргі уақытта генді бір организмнен екіншіге енгізуге мүмкіндік беретін генетикалық инженерия қарқынды дамып келеді. Микроорганизмдер және өсімдік генетикасында айтарлықтай табыстар бар.
Практикум оқу жоспарына сәйкес жазылған, теориялық материалмен тығыз байланысты.
Практикумның мақсаты ұрпақтардың бір-бірімен ұқсастығын, жеке дамуда сыртқы ортаның әсерін, организмдердің белгілі бір қасиеттерімен және белгілерімен өзгергіштігін, студенттерге генетиканы тұқым қуалаушылықты және өзгергіштікті зерттейтін ғылым ретінде және қазіргі жағдайымен таныстыру.
Генетика пәніне арналған практикум студенттерге белгілердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтарын, генетикалық инженерия және биометриялық әдістерді иегеруге көмегін тигізеді. Генетикалық заңдылықтар негізінде студенттерді жаңа генотиптердің пайда болуының мүмкіндігін жорамалдауға және селекцияның тиімді болуына үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет