1.1.4. «Резерфорд-Бор атомы» тақырыбы бойынша бақылау жұмыстары үшін есептер І 1. Сутегі атомының Лайман сериясы спектрлік сызығының ең үлкен толқын ұзындығы – = 0,12 мкм. Ридберг тұрақтысын белгісіз деп ұйғарып, Бальмер сериясының спектрлік сызығының ең үлкен толқын ұзындығын анықтаңыз.
2. Қандай сутегі тәрізді ионның Бальмер және Лайман серияларының бас сызықтары толқын ұзындықтарының айырымы
59,3 нм-ге тең болады?
3. Энергиясы а) 12,5 эВ; б) 14 эВ электрондармен сутегі атомын қоздырғанда қандай спектрлік сызықтар пайда болады?
ІІ 1. Не+ ионы қозған күйден негізгі күйге ауысқанда толқын ұзындықтары 1=108,5 нм және 2=30,4 нм екі фотонды бірінен кейін бірін шығарады. Қозған күйге сәйкес келетін n кванттық санын анықтаңыз.
2. Сутегі атомының бірінші қоздыру потенциалы – V1=10,2 В. Осыған сүйеніп Бальмер сериясының екінші сызығына сәйкес келетін фотон энергиясын эВ-та анықтаңыз.
3. Электронның тыныштықта тұрған протоннан алыстағы жылдамдығы – = 1,870106 м/с. Осы электронды протон қармап алады, осының нәтижесінде сутегінің қоздырылған атомы пайда болады. Атом қалыпты күйге ауысқанда шығарылатын фотонның толқын ұзындығын анықтаңыз.
ІІІ 1. Не+ ионы үшін Бальмер және Лайман серияларының бас сызықтары толқын ұзындықтарының айырымы – =133.7 нм. Осыған сүйеніп, Ридберг тұрақтысын есептеп табыңыз.
2. Энергиясы 17,7 эВ фотон негізгі күйде тұрған сутегі атомынан электронды жұлып шығарады. Атомнан шығарылған электронның жылдамдығын анықтаңыз.
3. Сутегі атомы спектріндегі Лайман сериясы бас сызығының және Бальмер сериясы шекарасының толқын ұзындықтары тиісінше 121,5 және 365 нм-ге тең. Осы деректер бойынша қоздырылмаған сутегі атомының иондану энергиясын анықтаңыз.
ІV 1. Не+ионы Лайман сериясы бас сызығының фотоны негізгі
күйде тұрған сутегі атомын иондайды. Ядроның серпілуін ескермей, жұлып шығарылған электронның кинетикалық энергиясын эВ-та табыңыз.
2. Протон (ядро) массасының шектеулілігін ескергенде сутегі атомы энергия деңгейлерінің салыстырмалы өзгерісін анықтаңыз және бағалаңыз.
3. Ұшып келе жатқан электронды протонның қармауы нәтижесінде сутегінің қозған атомы пайда болады. Атом қалыпты күйге ауысқанда а) жиілігі 5,8109МГц; ә) импульсі 1,2810-26кгм/с фотон шығарылады. Электронның протоннан қашықта болғандағы жылдамдығын анықтаңыз.
V 1. Бор теориясын пайдаланып, екі мәрте иондалған литий атомы (Li++) үшін бірінші орбита радиусын; бірінші қоздыру потенциалын; резонанстық сызықтың толқын ұзындығын; иондану потенциалын анықтаңыз.
2. Сутегі атомы фотонды жұтады, осының салдарынан екінші Бор орбитасындағы электрон атомнан = 6105м/с жылдамдықпен ұшып шығады. Фотонның жиілігін анықтаңыз.
3. 1) Бірінші Бор орбитасындағы элекронның айналу жиілігін;
2) осыған сай келетін токтың күшін анықтаңыз.