1.1.3. Өз бетімен шығару үшін есептер. -бөлшектердің шашырауы
1. Сутегі атомының иондану энергиясы – Еі = 13,6 эВ. Томсон моделіне сәйкес сутегі атомының радиусын және шығаратын жарығының толқын ұзындығын есептеңіз.
2. Кинетикалық энергиясы 0,27 МэВ -бөлшекті алтын (Z = 79) фольга 60° бұрышқа шашыратады. Осыған сәйкес көздеу қашықтығын анықтаңыз.
3. Кинетикалық энергиясы К = 1,5 МэВ -бөлшектердің 60° бұрыштан артық бұрыштар аралығына шашырауына сәйкес келетін уран (Z = 92) атомы ядросының тиімді қимасын табыңыз.
4. Кинетикалық энергиясы К = 600 кэВ -бөлшектердің жіңішке шоғы беттік тығыздығы n = 1,11019 ядро/см2 алтын фольгага нормаль түседі. < 0 20° бұрыштарға шашыраған -бөлшектердің салыстырмалы санын табыңыз.
5. Моноэнергиялы -бөлшектердің 90°-тан 180°-қа дейінгі аралықта шашырауын туғызатын алтын (Z = 79) атомының тиімді қимасы = 0,50 кб-қа тең. а) -бөлшектердің кинетикалық энергиясын; ә) 60° бұрышқа сәйкес шашыраудың d/d (кб/ср) дифференциалдық қимасын анықтаңыз.
6. Платина атомы ядросының центрі бағытында 1,6107м/с жылдамдықпен қозғалатын -бөлшек ядроға қандай ең кіші қашықтыққа дейін жақындай алады? Алынған жауап негізінде ядро мөлшері жайында не айтуға болады? -бөлшектің массасы – 6,610-27 кг.
Атомның Бор ұсынған моделі. Сутегі тәрізді иондар спектрі
7. Сутегі тәрізді ион үшін n-і Бор орбитасының радиусын және ондағы электрон жылдамдығын анықтаңыз. Осы шамаларды сутегі атомы және Не+, Li++ иондарының бірінші Бор орбитасы үшін есептеңіз.
8. Негізгі күйдегі сутегі тәрізді ион үшін электронның К кинетикалық энергиясын және байланыс энергиясын және иондану потенциалын анықтаңыз. Осы шамаларды сутегі атомы және Не+, Li++ иондары үшін есептеңіз.
9. Сутегі атомы және Не+, Li++ иондары үшін U1 бірінші қоздыру потенциалын және резонанстық сызығының (Лайман сериясының бас сызығы) толқын ұзындығын анықтаңыз.
10. Негізгі күйде тұрған Не+ионы Бальмер сериясының бас сызығына сәйкес келетін фотон шығаратындай болуы үшін оның ішкі энергиясын қанша эВ-қа өсіру керек?
11. Сутегі атомы негізгі күйге ауысқанда:
а) толқын ұзындығы 97,25 нм фотон; ә) толқын ұзындықтары 1 656,3 нм және 2 121,6 нм екі фотон шығарғаны белгілі болса, онда сутегі атомының қозған күйінің n кванттық санын анықтаңыз.
12. Гелий атомындағы электронның байланыс энергиясы Е0= 24,6 эВ-қа тең. Осы атомнан екі электронды біртіндеп жұлып шығару үшін қажетті энергияны табыңыз.
13. Негізгі күйде тұрған Не+ иондарынан толқын ұзындығы 18,0 нм электрмагниттік сәуле жұлып шығаратын электрондардың жылдамдығын есептеңіз.
14. Ауыр сутегі және жеңіл сутегі үшін Ридберг тұрақтыларының қатынасы – 1,000272, ал ядро массаларының қатынасы – n = 2,00. Осы деректер бойынша протон массасының электрон массасына қатынасын есептеңіз.
15. Жеңіл және ауыр сутегі атомдары үшін
а) негізгі күйлердегі электрондардың байланыс энергияларының;
ә) бірінші қоздыру потенциалдарының;
б) резонанстық сызықтары толқын ұзындықтарының айырымын табыңыз.