Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет33/57
Дата08.11.2022
өлшемі2,08 Mb.
#156962
түріПрактикум
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Байланысты:
treatise136775

1.3.3. Өз бетімен шығару үшін есептер
Паули принципі. Электрондық қабықтардың толты­рылуы
1. s-, p- және d- электрондардың қандай ең көп саны атомның K-, L- және M-электрондық қабаттарында бола алады?
2. Паули принципін қолданып, мына кванттық сандары:
1) n, l, m, ms; 2) n, , m; 3) n, ; 4) n бірдей болатын атомдағы электрондардың ең көп Nmax санын көрсетіңіз.
3. Толтырылған электрондық қабат n = 3 кванттық санымен сипатталады. Осы қабаттағы мына кванттық сандары: 1) ms=+1/2; 2) m = -2; 3) ms = -1/2 және m = 0; 4) ms = +1/2 және  = 2 бірдей болатын электрондардың санын көрсетіңіз.
4. Негізгі күйде: 1) K- және L-қабаттары; 3s-қабығы және 3p-қабықтың жартысы; 2) K-, L- және M-қабаттары, 4s-, 4p- және 4d қабықтары толтырылған атомдардағы N электрон санын анық­таңыз. Бұлар қандай атомдар?
5. 1) бор; 2) көміртегі; 3) натрий атомдарының электрондық конфигурациясын жазыңыз.
Көп электронды атомның механикалық моменті. Спектр­лік термдер
6. 2S0, 3S0, 3S1/2, 2D1/2, 2S1/2, 4P0 күйлерінің (термдер) қайсылары мүмкін болады?
7. S және L кванттық сандары тиісінше: а) 2 және 3; ә) 3 және 3; б) 5/2 және 2 болатын күйдегі атомның J кванттық санының қанша және қандай мәндері болады?
8. Электрондық конфигурациясы 1s22p3d атомның мүмкін болатын ең үлкен толық механикалық моментін және бұған сәйкес термнің спектрлік белгіленуін табыңыз.
9. Атом мультиплеттігі үшке тең, ал толық механикалық мо­менті болатын күйде тұр. Бұған сәйкес L кванттық саны қандай болады?
10. Мультиплеттігі беске тең, ал J бойынша азғындалу еселігі жетіге тең күйдегі атомның мүмкін болатын ең үлкен орбиталық механикалық моментін анықтаңыз. Бұған сәйкес термнің спектрлік белгіленуін жазыңыз.
11. Бір р-электроннан және бір d-электроннан тұратын екі элек­трондық жүйенің термдерінің спектрлік белгіленулерін жазыңыз.
12. Жүйе d-электроннан және 2Р3/2-күйдегі атомнан тұрады. Осы жүйенің мүмкін болатын спектрлік термдерін табыңыз.
13. Толтырылған қабықтардан тыс:
а) s және p екі электроны; ә) s, p және d үш электроны бар атом­­­дардың мүмкін болатын термдерін анықтаңыз.
14. Толтырылған қабықтардан тыс бас кванттық сандары әр түрлі екі р-электроннан тұратын атомның мүмкін болатын терм­дерін анықтаңыз.
15. а) D3/2 термінің; ә) Li, Be, B және С атомдары термдерінің, егер тек сыртқы, тұйықталмаған, қабықтарындағы электрондар ға­на қоздырылатын болса, мүмкін болатын мультиплеттігін анық­таңыз.
16. Толық механикалық моменті ең үлкен мәніне ие болып, 3D күйде тұрған атомның векторлық моделіндегі спиндік және толық механикалық моменттер арасындағы бұрышты табыңыз.
17. а) Көміртегі мен азот; ә) күкірт пен хлор атомдарының элек­трондық кофигурацияларын жазыңыз және Хунд ережелерінің көмегімен негізгі термдерін табыңыз. Осы атомдардың электрон­дық конфигурациялары электрондық қабықтардың мінсіз тол­тырылуына сәйкес келеді.
18. Хунд ережелерінің көмегімен негізгі термі: а) 3F2; ә) 2P3/2; б) 6S5/2 болатын атомның толмаған жалғыз қабығындағы электрон санын табыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет