1.3.4. «Паули принципі. Рентгендік спектрлер» бойынша бақылау жұмыстары үшін есептер
І 1. Толған электрондық қабатқа n = 2 бас кванттық саны сәйкес келеді. Осы қабатта мына кванттық сандары бірдей: 1) mS = -1/2; 2 m= -1, mS = +1/2 болатын электрон санын анықтаңыз.
2. Алюминий атомының толған ішкі қабықтарынан тыс екі 3s-электроны бар. Оның негізгі күйі термінің символын жазыңыз.
3. Элементтің сипаттауыш рентген сәулесі К-сызығының толқын ұзындығы – 72 пм. Элементтің периодтық кестедегі реттік нөмірін анықтаңыз.
ІІ 1. Толған электрондық қабатқа n = 3 бас кванттық саны сәйкес келеді. Осы қабаттағы мына кванттық сандары: 1) m= 0; 2) m= 2, mS = -1/2; 3) m= -1, mS = -1/2 бірдей болатын электрон санын анықтаңыз.
2. Рентген түтікшесіндегі кернеуді 10 кВ-тан 20 кВ-қа дейін өсіргенде К-сызық пен қысқа толқынды шекара толқын ұзындықтарының аралығы 3 есе өскен. Түтікшенің антикатоды қандай металдан істелген?
3. d және f-электроннан тұратын екі электрондық жүйеде қанша әр түрлі терм типі болуы мүмкін
ІІІ 1. Атомның N- және О-қабаттарында бола алатын s-, p-, d-, f- және g-электрондардың қосынды max санын анықтаңыз.
2. Атомның толмаған қабығының электрондық конфигурациясы – nd2. Осы атомның мүмкін болатын термдерін анықтаңыз.
3. Вольфрам (z = 74) атомындағы электрон M-қабаттан L-қабатқа кванттық ауысу жасайды. Экрандау тұрақтысын 5,63, деп алып, шығарылған фотонның энергиясын анықтаңыз.
IV 1. Электрондық конфигурациясы 1s22p4f атомның мүмкін болатын спектрлік термдерін анықтаңыз.
2. Цинктің (z = 30) К-сәулесі темірдің (z = 26) К-қабатынан жұлып шығаратын фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясын және жылдамдығын табыңыз.
3. Гелий атомындағы электронның біреуі n = 1 күйде, екіншісі n = 2 күйде тұр. Мүмкін болатын электрондық конфигурацияларды және күйлердің белгіленулерін жазыңыз.