Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет37/57
Дата08.11.2022
өлшемі2,08 Mb.
#156962
түріПрактикум
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
Байланысты:
treatise136775

Қарапайым Зееман эффекті жағдайында спектрлік сызық магнит өрісінде үш құраушыға жіктеледі. Қарапайым эффект нәзік түзілісі жоқ спектрлік сызықтарға тән. Осындай сызықтар синглеттік деңгейлер (S = 0, J = 1, mJ = mL, g = 1) арасындағы кванттық ауысулардан пайда болады. Сондықтан (1.4.12) формула


(1.4.13)


түріне келеді, мұндағы , яғни шынында үш құраушы пайда болады, бұлардың зеемандық ығысуы:


. (1.4.14)


Күрделі Зееман эффекті жағдайында магнит өрісіне орна­ластырылған жарық көзінен шығарылатын спектрлік сызық үштен артық құраушыларға жіктеледі. Бұл (1.4.10) өрнегінен көрініп тұрғандай, деңгейлердің өздерінің жіктелуінің g Ланде көбейткі­шіне тәуелділігіне байланысты, яғни ақыр аяғында электронның спині және оның екі еселенген магнетизмі болуымен байланысты.
Күрделі Зееман эффекті спектрлік сызықтардың зеемандық жік­телуі нәзік түзіліс құраушылары аралығымен салыстырғанда кіші болатын әлсіз магнит өрісінде байқалады.
Берілген спектрлік сызық әлсіз магнит өрісінде қандай Зееман эффектісіне (қарапайым, әлде күрделі) душар болатынына бірден жауап беру әрқашан мүмкін бола бермейді. Мысалы, а) 2D5/22P3/2; ә) 5I55H4 ауысуларында пайда болатын сызықтарды алайық. Бәрінен бұрын кванттық ауысу болатын күйлерде g Ланде факторы бірдей бола ма, әлде болмай ма, соны тексеру керек. Бұған (1.4.8) көмегімен көз жеткізуге болады. Сонда а) g1g2, сондықтан Зееман эффекті күрделі; ә) g1 = g2, демек, Зееман эффекті қарапайым болады екен.
Пашен-Бак эффекті. Күшті магнит өрісінде және мо­менттері арасындағы байланыс үзіледі де, олар өздерін магнит өрісімен бір-бірінен тәуелсіз әсерлеседі. Осы жағдайда бұлардың магнит моменттерімен байланысты қосымша энергия


(1.4.15)


болып анықталады.
Рұқсат етілген кванттық ауысулар мына сұрыптау ережелеріне бағынады:


. (1.4.16)


Осының нәтижесінде қарапайым Зееман эффекті байқалатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет