Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет34/57
Дата08.11.2022
өлшемі2,08 Mb.
#156962
түріПрактикум
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
Байланысты:
treatise136775

Рентгендік спектрлер
1. а) К-электрондық қабатты; ә) L-қабатты; б) М-қабатты құрайтын қабықтар санын көрсетіңіз. Барлық осы қабықтардың термдерінің нәзік түзілісін ескеріп, спектроскопиялық белгілену­лерін келтіріңіз.
2. L, M қабаттары үшін нәзік түзілісі ескеріліп, энергетикалық деңгейлер сызбасын салыңыз. Сызбада нәзік түзілісі құраушы­лары­ның спектроскопиялық белгіленулерін келтіріңіз.
3. Рентгендік деңгейлер сызбасына және электродипольдық сәуле шығару үшін сұрыптау ережелеріне сүйеніп, сипаттауыш рент­­ген сәулесінің К-сериясын тудыратын кванттық ауысуларды көрсетіңіз.
4. Ауыр элементтерде неліктен сипаттауыш рентген сәулесінің К-сериясы міндетті түрде басқа сериялардың пайда болуымен қа­бат­таса шығарылатындығын түсіндіріңіз.
5. Қайсы элементтен бастап: а) L-серияның; ә) М-серияның байқала бастауы мүмкін?
6. Рентген түтікшесіндегі кернеу U1=16 кВ болғанда сипат­тауыш рентген сәулесінің L-сериясы пайда болады. К-серия бай­қалуы үшін U2 кернеу қандай болуы тиіс?
7. Мыстың К-жұтылу жолағының шекарасына k = 138 пм тол­қын ұзындығы сәйкес келеді. Сәуле шығару спектрінде К-серия пайда болатындай мыс антикатоды бар рентген түтікшесіндегі Umin ең кіші кернеуді анықтаңыз.
8. Марганец (z1=25) атомының К-электроны үшін Е1 байланыс энергиясы белгілі деп есептеп, вольфрамның (z2=74) К-электроны үшін Е2 байланыс энергиясын бағалаңыз.
9. Антикатоды молибден (z = 42) рентген түтікшесіндегі қандай ең кіші Umin кернеу жағдайында L-серия сәулелерінің байқала бастауы мүмкін болады? Экрандау тұрақтысын L7 деп алу керек.
10. Мозли заңын қолданып, вольфрамның (z1=74) К-сызығы­ның толқын ұзындығы темірдің (z2 = 26) К-сызығы толқын ұзын­дығынан кіші болатынын анықтаңыз.
11. Егер рентген сәулесінің тұтас спектріндегі ең қысқа толқын ұзындығы min= 1 пм-ге тең болса, онда рентген түтікшесінің анти­катодына түсетін электрондардың жылдамдығы қандай болатынын анықтаңыз.
12. Рентген түтікшесі U = 30 кВ кернеуде жұмыс істейді. Рентген сәулесінің тұтас спектрінің min қысқа толқынды шекара­сын анықтаңыз.
13. Мозли заңын қолданып, алюминий (z = 13) және кобальттың (z = 27) К-сызықтарына сәйкес келетін фотондардың толқын ұзын­дықтары мен энергияларын есептеңіз.
14. Мозли заңындағы  түзетуді бірге тең деп есептеп:
а) толқын ұзындықтары 193,5; 178,7; 165,6 және 143,4 пм К-сызықтар қандай элементтерге жататынын; осы қатардағы көрсе­тілмеген элементтің К-сызығының толқын ұзындығы қандай болатынын;
ә) К-сызықтарының толқын ұзындықтары 375,3 және 251,2 пм элементтердің аралығында қанша элемент болатынын табыңыз.
15. Антикатоды никель рентген түтікшесіндегі К-сызықтың К толқын ұзындығы мен тұтас рентген спектрінің қысқа тол­қынды шекарасы ш толқын ұзындығының айырымы К- ш
84 пм-ге тең. Рентген түтікшесіндегі кернеуді анықтаңыз.
16. Рентген түтікшесіндегі кернеуді U1=10 кВ-тан U2=20 кВ-қа дейін өсіргенде К-сызық пен тұтас рентген спектрінің қысқа толқынды шекарасының толқын ұзындықтарының айырымы   3 есе өскен. Антикатод ретінде қандай элемент алынған?
17. Рентген сәулесінің жұтылу спектріндегі K- және L-жұтылу жолақтары шеттерінің жиіліктерінің айырымы 6,851018 с-1 болатын жеңіл элементтің нөмірін табыңыз.
18. Ванадийдің K- және L – сериясы жұтылуының қысқа толқынды шекараларының толқын ұзындықтары белгілі (к = 226,8 пм, L = 2400 пм).
а) K- және L-электрондардың байланыс энергиясын;
ә) ванадийдің Ксызығының толқын ұзындығын есептеңіз (нәзік түзілісін ескермей).
19. Титанның К-сериясы бас сызығының және оның қысқа тол­қынды шекарасы толқын ұзындықтарының айырымы  
= 26,0 пм болса, титанның L-электрондарының байланыс энергия­сын табыңыз.
20. Қайсыбір жеңіл элементтің К- және К-сызықтарының толқын ұзындықтары –  = 275 пм және  = 251 пм. Бұл қандай элемент? Осы элементтің L-сериясының бас сызығының толқын ұзындығы неге тең?
21. Криптон (z = 36) атомдарын толқын ұзындығы  рентген сәулесімен жарықтандырғанда кейбір жағдайларда атомдардан екі электроннан ұшып шығып отырған: К-қабаттан босаған фотоэлек­трон және L-қабаттан Оже-эффект нәтижесінде босаған элек­трон. К- және L-электрондардың байланыс энергиясы – тиісінше, 14,4 және 2,0 кэВ. Есептеңіз:
а) егер   65 пм болса, электронның екеуінің кинетикалық энергиясын;
ә) екі электронның энергиялары бірдей болатын  толқын ұзындығын.
22. Рентгендік термдердің нәзік түзілісін ескеріп:
а) сипаттауыш рентген сәулесінің спектрлері дублеттік бола­тынын көрсетіңіз;
ә) рентгендік жұтылу спектрінде неліктен К жолақтың шеті қара­пайым, L жолақтың шеті үш, М жолақтың шеті бесеу бо­латы­нын түсіндіріңіз.
23. Тұйықталған қабаттан  = 1 және j = 3/2 электроны жұлынған атомның рентгендік термінің спектрлік белгіленуін көрсетіңз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет