Пашен-Бак эффекті. Күшті магнит өрісінде және моменттері арасындағы байланыс үзіледі де, олар өздерін магнит өрісімен бір-бірінен тәуелсіз әсерлеседі. Осы жағдайда бұлардың магнит моменттерімен байланысты қосымша энергия
(1.4.15)
болып анықталады.
Рұқсат етілген кванттық ауысулар мына сұрыптау ережелеріне бағынады:
. (1.4.16)
Осының нәтижесінде қарапайым Зееман эффекті байқалатын болады.
Магниттік резонанс құбылысы
Парамагниттік атомның кванттық саны J деңгейі магнит өрісінде mJ кванттық санының мүмкін мәндері бойынша 2J+1 деңгейшеге жіктеледі. Осы жағдайда көрші деңгейшелер арасындағы аралық (1.4.10)-ға сәйкес мынаған тең болады:
, өйткені .
Егер осындай күйдегі атомға
(1.4.17)
шартын қанағаттандыратын жиілігі электрмагниттік толқын бағытталса, онда толқынның магниттік құраушысының әрекеті нәтижесінде (1.4.10) сұрыптау ережесіне сәйкес атомның бір деңгейіне жататын көрші деңгейшелері арасында кванттық ауысулар іске асады. Осы құбылыс электрондық парамагниттік резонанс (ЭПР) деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |