Магниттік резонанс
10. Индукциясы B = 0,2 Тл тұрақты магнит өрісі және бұған перпендикуляр жиілігі ν = 3,50ГГц айнымалы магнит өрісі бір мезгілде 3F-күйдегі никель атомдарына әсер еткенде бұлардың энергияны резонанстық жұтуы байқалады. Осы атомдардың магниттік моментін анықтаңыз.
Шешімі: Магниттік резонанс шартына сәйкес
.
Осыдан Ланде көбейткішін табамыз: g = 1,25. g үшін формула көмегімен және есептің шартында берілген деректерге (L=3, S=1) сүйеніп, J кванттық санды анықтаймыз: J2+J-20=0, осыдан J = 4 болады. Ал .
1.4.3. Өз бетімен шығару үшін есептер
Атомның магниттік моменті
Ланде факторын: а) S, P, D күйлеріндегі бір валентті атом үшін; ә) 3P-күйдегі атом үшін; б) S-күйлердегі атом үшін; в) синглет күйлердегі атом үшін есептеңіз.
2. а) , , ; ә) , L=2, болатын термнің спектрлік белгіленулерін жазыңыз.
3. Негізгі күйде тұрған сутегі атомының магниттік моментін есептеңіз.
4. а)1F; ә) 2D3/2 күйде тұрған атомның µ магниттік моментін және µZ проекцияның мүмкін мәндерін табыңыз.
5. 4P күйдегі атомның магниттік моментінің мүмкін болатын мәндерін анықтаңыз.
6. 5F және 7H күйлеріндегі атомның магниттік моменттері нөлге тең болатындығы белгілі. Осы күйлердегі атомдардың механикалық моментін табыңыз.
7. Атомдардың жіңішке шоғы (Штерн және Герлах әдісі) аса біртекті емес магнит өрісі арқылы өткізіледі. Сонда: а) егер 5F, 6S және 5D күйлеріндегі атомдар шоғы тиісінше 4, 6 және 9 құраушыға жіктелетін болса, онда осы күйлердегі атомдардың магниттік моменттері проекцияларының max мәндерін; ә) 2D2 және 5F1 күйлерінде тұрған атомдар шоғы қанша құраушыға жіктелетінін анықтаңыз.
8. Толмаған қабықта а) бес p-электроны; ә) үш d-электроны бар атомның негізгі күйінің магниттік моментін Хунд ережелеріне сүйеніп есептеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |