1.16-сурет. Ангармоникалық тербелістер
жасайтын екі атомды молекуланың тербеліс
энергия деңгейлері және спектрі
нықталатын болса, онда осы жағдайда ангармоникалық тұрақтыны есептеуге болады, ал мұны пайдаланып, (1.5.11) формула бойынша тербеліс жиілігін (см-1) анықтауға болады. Бірінші айырымдардың барлық сандары бойынша (υmax-ға дейінгі) қосындысы D0 диссоциация энергиясына тең.
Екі атомды молекулалардың тербеліс-айналыс спектрі. Екі атомды молекулалардың тербеліс спектрін жоғары ажырату жағдайында зерттегенде әрбір жолақтың өте жақын орналасқан көп сызықтардан тұратындығы анықталған. Осы себепті молекулалық спектрлер жолақтық деп аталады. Жолақтардағы сызықтардың арақашықтығы ~1см-1 шамасында болады. Жолақтардың осындай құрылымы тербеліс ауысуы кезінде айналыс қозғалысының қоздырылуы салдарынан пайда болады.
Сонымен, таза тербеліс спектрлері болмайды, өйткені негізгі және қозған тербеліс күйлердегі молекулалар айналыс күйлерінің қатары бойынша үлестірілген болады да молекула бір тербеліс күйінен басқасына ауысқанда бір мезгілде бұлардың айналыс күйлері де өзгереді. Сондықтан тербеліс ауысуларын қарастырғанда айналыс күйлерін ескеру керек.
Екі атомды молекуланың тербеліс-айналыс термдері (см-1) тербеліс және айналыс күйлері термдерінің қосындысы болып табылады (1.17-сурет):
. (1.5.13)
Тербеліс деңгейлері арасында ауысу болған кезде кванттық саны -ге (жұтылу үшін) және айналыс кванттық саны -ге өзгереді (а).
Осыған байланысты тербеліс жұтылу жолағы Р-тармақ және R-тармақ деп аталатын сызықтардың екі жиынына бөлінеді (1.17-сурет).
Р-тармақ: , , ;
. (1.5.17а)
Сызықтар сериясы: , , ;
R-тармақ , , ; (1.5.17б)
Сызықтар сериясы: , , ;
.
Достарыңызбен бөлісу: |