1.5.3. Екі атомды молекулалардың электрондық спектрлері Электрондық спектрлер барлық молекулаларда байқалады, өйткені молекуладағы электрондардың үлестірілуінің өзгерісі әрқашан оның дипольдық моментінің өзгеруімен қабат жүреді. Молекулалардың электрондық спектрлерінің ерекше тербеліс және айналыс құрылымы болады. Айналыс та, тербеліс-айналыс та спектрлері болмайтын молекулалардың міндетті түрде электрондық спектрі болады, бұлардан айналыс тұрақтыларын және тербеліс жиілігін анықтауға болады.
Екі атомды молекуланың айналыс құраушысы ескерілмеген электрондық-тербеліс ауысу энергиясы (см-1):
(1.5.18)
мәндерінің өзгерісі әр түрлі болатын ауысуларға ешқандай сұрыптау ережелері шектеу қоймайды, бір электрондық күйдің әрбір тербеліс деңгейі басқа электрондық күйдің кез келген тербеліс деңгейіне ауыса алады (1.18-сурет). мәні тұрақты болатын жолақтар сериясы бойынша, ал мәні тұрақты жолақтар сериясы бойынша прогрессиялар деп аталады. - мәні тұрақты жолақтар сериялары диагоналдықсериялар деп аталады.
Б ірақ спектрде осындай ауысулардың шектеулі саны ғана байқалады. Бұл Франк-Кондон принципімен байланысты.
1.18-суретте0 болғандағы бойынша прогрессиясы көрсетілген. Осы прогрессия жолақтары спектрдегі жолақтан жолаққа ауысқанда мәні 1-ге өседі. Ангармоникалық салдардан прогрессия жолақтары жиілік өскенде біріне-бірі жақындай түседі. (0,0)-ауысулары интенсивтілігі ең үлкен жолақтарды береді (5.5-сурет).