5. ТАМЫР ЖЕМІСТЕР
ТАПСЫРМА
1. Тамыр жемістердің түрлерін, тұқымын, егін көгі, жапырақтары
және тамырлары бойынша оқып-үйрену.
2.Тамыр жемістердің өсіп-жетілу кезендерін сипаттап жазу.
3.Тамыр жемістердің биологиялық өнімін анықтау әдістемесін оқып-
261
үйрену.
4. Пайдалануға рұқсат етілген сорттары мен будаңдарына
шаруашылық-биологиялық сипаттама беру.
5. Мал азықтық қызылшаның суармалы және суарылмайтын
жерлерде өсірудің операциялық технологиясын жасау.
Егістікте
өсірілетін басты
тамыр
жемістер төмендегідей
тұқымдастар мен түрлерге жатады.
Қант қызылшасы (Веta vulgaris), ала бұталар тұқымдасы
(Сһеnopodіасеае), сәбіз (Daucus саrotа), шатырша гүлдер тұқымдасы
(Umbelliferaeае), тарна (Вrassіса napus rapifera), турнепс (Вrassіса rара
rарifеrа), қырыққабат тұқымдасы (Вrassiісасеае).
Аталған
дақылдар,
әсіресе
қант
қызылшасы
құрамында
көмірсутектер, минералдық тұздар мен дәрумендердің (В, В2,С)
молдығымен, жеңіл қорытылатындығы және жоғары сіңімділігімен
ерекшеленеді. Қоректілігі жөнінен тамыр жемістердің ішінде қант
қызылшасы бірінші орында. Қант қызылшасы – қант өнеркәсібіне
шикізат беретін өте маңызды дақыл.
Тамыр жемістерді барлық ауылшаруашылық жануарлары сүйіп жейді
әрі олар ірі сабақты және құнарландырылған мал азығының жеңіл
қорытылуына мүмкіндік жасайды. Күзгі-қысқы кезенде тамыр жемістер
сүт түзгіш және ірі қара малға, шошқаға, қойға диетикалық мал азығы
ретінде аса бағалы. Тамыр жемістер мал өнімі мен төлділігін, сонымен
қатар олардың көптеген ауру түрлеріне төзімділігін арттырады.
Тамыр жемістерді тұқымдары бойынша анықтау. Тамыр
жемістерде нағыз тұқымдарды ғана емес (тарна), жемістері мен
жемісшелерін де тұқымдары деп есептейді (сәбіз, қант қызылшасы).
Олардың кейбір морфологиялық ерекшеліктері 89-суретте келтірілген қант
қызылшасының жемісі – екі қабатты тығыз тканьді, қалың қабықты
жаңғақ жеміс шоғырын құрайтын жемістер саны 2-6, мұның өзі оның
массасы мен көлеміне әсер етеді. Жемістері піскен кезде тостағанша
жапырақшалар қатаяды да қатты қабықпен қабысып кетеді. Піскен
жемістің төбесі жалпақ немесе әлсіз дөңес қақпаққа айналады, оны
аластатқанда горизонталь жатқан тұқымды көруге болады. Тұқымының
жылтыр қоңыр қабығы болады. Тұқымының ұрығы перисперма,
ұрықтық жапырақша мен тамыршаны сақинамен орай орналасқан (89-
сурет, 97-кесте).
Сәбіздің жемісі – екі айрық сопақ тұқым (шекілдеуік) піскенде екі
тұқымға ажырайды. Әрбір тұқымның арқалығында 4-5 қабырғашық бар,
олар жіңішке инелермен қапталған. Қабырғашықтардың астында арнаулы
иісті эфир майымен толтырылған жолдар орналасқан.
Тарна мен турнепстің тұқымдары ұсақ, шар тәрізді, күңгірт-қоңыр
немесе қара түсті. Олар бір-бірінен қиын ажыратылады. Тарнаның
түсі қоңырлау деп есептеледі, алайда шала піскен тарна тұқымының түсі
турнепс тұқымының түсіне ұқсас күңгірт-қоңыр болады. Жас тарна
тұқымына жас қырыққабат иісі тән, ал турнепс тұқымына-өткір шомыр
262
97-кесте – Тамыр жемістер тұқымдарының айырмашылық белгілері
Тамыр
жеміс
Жемістері
мен
тұқымдары
Пішіні
Беті
Түсі
Мөлшері,
мм
Қант
қызылшасы
Жеміс
шоғыры
Домалақтау
бұрышты
Бұдырлы
Сары-қоңыр
2-6
Сәбіз
Екі айрық
тұқым
(шекілдеуік)
Ұзынша,
жұмыртқа
пішінді
Қырлы,
инелері бар
Сары-қоңыр
2-3
Тарна
Тұқым
Шар
тәрізді
Жылтыр
Қара
1-2
Турнепс
Сондай
Сондай
Сондай
Қоңырлау-
қара
1-2
дәмі тән. Сондықтан тұқымның органолептикалық анықтау
әдістемесі сенімсіз. Тамыр жемісті тұқымдарының анық түрін білу үшін
химиялық тәсіл қолданылады. Ол үшін тұқымның екі үлгісін (100
данадан) бірнеше кішірек пробиркаларға салады да 1% күйдіргіш натрий
ерітіндісін құяды, соңьнан температурасы 25-28°С термостатқа 2 сағ.
қояды. Тарна тұқымының сығынды ерітіндісі ашық-сары, ал турнепстікі
ашық-жасыл (салат) түсті болады.
Тамыр жемістерді егін көгі мен жапырақтары бойынша анықтау.
89-сурет – Тамыржемістердің жемістері: 1,2,3-қант қызылшасының
жемісшесі, жемісі мен тұқымы; 4-сәбіздің жемісі; а-бүйірінен көрінісі; б-
көлденең қимасында, е-ұрық, с-май жолдары; 5-тарнаның жемісі
тұқымдарымен
263
Тұқымның көктеуі ұрықтық тамыр мен сабақшаның өне бастауының
нәтижесінде тұқым қабығы жарылады да тұқым жарнақтары жер бетіне
шығып жасылданады. Жер бетіне шығарылған қант қызылшасы мен
сәбіздің тұқым жарнақтары ұзынша пішінді болады, осынысымен тарна
мен турнепстің қысқа, жалпақ және шеттері ойықты тұқым
жарнақтарынан ажыратылады (98-кесте).
98-кесте – Тамыр жемістердің егін көгі мен нағыз жапырақшаларының
айырмашылық белгілері
Тамыр жеміс
Тұқым
жарнағы
жапырақтары
Бірінші нағыз және кейінгі жапырақтар
тақтасы
беті, түсі
Қант
қызылшасы
Ұзын ланцетті Бүтін бірінші жарпырақтар-
да сопақ, кейінгілерінде
жүрек тәрізді
Жылтыр, жасыл
Сәбіз
Ұзын,
сызықты
Күшті тілінген
Бірінші жапырақтарда
жылтыр немесе әлсіз
түкті, кейінгілерде
жылтыр, жасыл
Тарна
Сопақ,
шеттерінде
ойығы бар
Біріншісінде бүтін
немесе тілінген,
кейінгілерінде
тіліктілігі арта береді,
ұзынша-сопақ
Жылтыр, күңгірт
жасыл, балауыз түкті
Турнепс
Сондай
Сондай
Түкті, ашық-сары
Бөлшектегі сандардың мәні – тамыр басының әрбір 5 бұрандалы
айналым санына 13 жапырақ пайда болады, ал 15 жапырақтан бастап
бұрандалы айналым циклінің келесі 13 жапырақтары түзіледі ж.б. Бүкіл
өсіп-жетілу кезеңінде қант қызылшасы 4-5 және одан да көп жапырақ
орналасу циклдары болады. Қант қызылшасының нағыз жапырақтары ірі,
сағақты, шеттері бүтін келеді. Жас жапырақтарда сағақтар қысқа, тақтасы
домалақ келген, ал ересек жапырақтардың сағағы ұзын, тақталары жүрек
пішінді және толқынды кеңірдектенген.
Сәбіздің нағыз жапырағының тақтасы өте күшті тілімденген, тарна
мен турнепстің алғашқы жапырақтары ұзынша-сопақ немесе әлсіз
тілінген, ал кейінгілерінде тақталарының тіліктері арта түседі. Тарнаның
жапырақтары күңгірт-жасыл, беті жылтыр, ал турнепсте-ашық-жасыл,
түкті.
Тамыр жемісті тамырлары бойыншы анықтау. Егін көгі пайда
болғаннан кейін жапырақ массасының түзілуімен бір мезгілде тамыр
жемістің тамыры да дами бастайды. Тамыр жемісте тамырдың үш бөлігі
– басы, мойны және нағыз тамыр-ажыратылады. Басы – тамырдың
жоғарғы бөлігі, мұнда өсіп тұрған жапырақтар, бүршіктер, өлген
жапырақтар орналасқан. Тамырдың басы сабақ тегінен өсімдіктің жер үсті
белігінен түзілген. Бастың өсу конусы оның ортасында болады, сондай-ақ
264
жоғарғы (ішкі) жапырақтар әр уақытта жас, ал төменгілері (сыртқы) –
барынша ересек (кәрі).
Тамырдың мойыны – цилиндр
пішінді, не жапырақшалары, не
тамыршалары болмайды және ұрық
тамыршасының үстіңдегі жарнақтың
(ұрықтық
сабақ)
жуандауының
нәтижесінде пайда болады, оның
жоғарғы шеті бастың төменгі бөлігімен
шектеседі. Нағыз тамыр жемістің ең
төменгі бөлігі болып табылады, ұрық
тамыршасынан дамиды да бүйір
тамыршаларын түзеді. Қант қызыл-
шасында олар екі вертикаль қатарға
орналасқан (90-сурет), сәбізде төрт
қатар. Турнепстің тамыры, ұзын
білікпен аяқталады, онда ретсіз
орналасқан бүйір тамыршалар болады,
ал тарна тамырының төменгі бетінде
айтарлықтай жуан тармақтар түзіледі
де олар бұтақтанады, соның
нәтижесінде төменгі тамыршалар дамиды.
Нағыз тамыр жерде дамиды. Техникалық және мал азықтық шикізат
ретінде тамыр жемістің бағалы бөлігі болып табылады. Тамыржемістерге
тән пішіндер төмендегідей (91-сурет).
Конус тәрізді – жағарғы жағы кең (жуан) төменге қарай жіңішкере
береді (сәбіз).
Цилиндр тәрізді тамыржемістің диаметрі жоғарғы және төменгі
бөліктерінде шамамен бірдей (турнепс).
Қап тәрізді – айтарлықтай ұзын емес, бірақ жуан цилиндр пішіндес
(мал азықтық қызылша).
Сопақ – бір бағыттағы біркелкі диаметрлі шар (тарна).
90-сурет – Тамыржемістердің
құрылысы (бөліктері): а- басы;
б-мойыны; в – нағыз тамыр
91-сурет – Тамыр жемістердің әртүрлі пішіндері: 1-конус тәрізді; 2-
цилиндр тәрізді; 3-сопақ; 4-шар тәрізді, 5-жалпақ
265
Шар тәрізді – диаметрі барлық бағытта бірдей (турнепс, тарна).
Жалпақ – қатты қысылған шарды еске түсіреді.
Тамыржемістердің беті ақ, сары, жасыл, күлгін, қызғылт-күлгін,
қызыл-күрең түсті солып келеді, оның үстіне жер беті және жер асты
бөліктерінің түстері әртүрлі боялған.
Тамыржемістің жұмсағының түсі оның бетіне қарағанда шамалы
өзгереді. Әдетте қант қызылшасының түсі ақ, мал азықтық қызылшада ақ,
кейде сарғыш немесе қызғылт сақиналы; мал азықтық сәбізде ақ,
сарғыш, қызыл, қызыл-күрең түсті және өзегі күңгірт боялған, тарна
мен турнепсте ақ және сары, сары түсті тамыржемістердің жұмсағы
құрғақ заттардың көптігімен ерекшеленеді.
Қант қызылшасының дәмі тәтті. Сәбіздің асханалық сорттары жақсы
татымды. Тарна мен турнепс шомыр дәмді.
Тамыр жемістердің пішіндері, түстері, дәмдері 99-кестеде
келтірілген.
Фенологиялық байқаулар. Тамыр жемістерді өсіргенде негізгі
өнімін-тамыр жемісін-бірінші жылы береді. Оның алғашқы даму кезеңі –
егін көгі (көктеу) – жер бетінде өскіндердің шығуы және тұқым
жарнақтарының пайда болуы мен сипатталады, екінші кезеңі – бірінші
жұп нағыз жапырақтардың түзілуі, үшінші кезеңі – үшінші жұп нағыз
жапырақтардың түзілуімен сипатталады. Бұл кезеңдерде егістікті күтіп-
баптаудың маңызды шарасы-селдірету-артық өсімдікті аластату – іске
асырылады. Өсіп-жетілу кезеңінің соңына қарай тамыр жемістің ескі
жапырақтары бірте-бірте өледі. Қатараралықтарда өсімдік жапырақтары
жиырылып қатараралықтар жалаңаштанады, бұл соңғы кезенді тамыр
жемістердің қатараралықтағы жапырақтарының жиырылу кезеңі деп
атайды.
Биологиялық өнімді анықтау. Тамыр жемістердің биологиялық
өнімі егін жинау қарсаңында анықтайды. Танап диагоналі бойынан 10
қатардың әрқайсысынан 10 өсімдіктен екі үлгі алынады. Өсімдіктің,
тамыр мен жапырақтардың массасын анықтайды. Бір өсімдікке келетін
құрғақ және жасыл жапырақтардың орташа санын, өсімдіктердің
қоректену алаңы мен 1 га егістіктегі өсімдіктердің санын анықтайды.
Алынған деректерді төмендегі кескіндегі кестеге жазады (100-кесте).
Тамыр жемістердің тамырындағы қанттың немесе құрғақ заттардың
мөлшерін төменде келтірілген әдістемелердің қайсысымен анықтаса да
тамыр ұнтағының үлгісін дайындайды. Ол үшін нағыз тамырды тесетін
немесе үңгірлейтін құрал қолданылады, кейбір жағдайларда кесілген
ұсақ үлгілер пайдаланылады. Көпшілік жағдайда үскі темір (тескіш)
арқылы алынған цилиндр пішінді кескінділерді ұсақтап орташа үлгі
құрастырады да престе тамыр сығындысын алып талдауға дайындайды.
266
99-кесте – Тамыр жемістер тамырларының айырмашылық белгілері
Тамыр жеміс
Бүйір
тамыршаларының
орналасуы
Тамырдың
пішіні
Түсі
Дәмі
жер үсті бөлігінің
жер асты
бөлігінің
жұмсағының
Қант қызылшасы
Тамырдың екі
жағында вертикаль
қатарлы
Конусты қапшық
пішінді
Қант қызылшасында
ақ, мал азықтықта-
сарғыш, қызыл-күрең
Қанттықта ақ,
мал азықтықта
сары, қызыл,
сарғыш
Ақ
Тәтті
Сәбіз
Тамырдың төрт
жағында вертикаль
қатарлы
Конус тәрізді
ұзынша
Ақ, сарғыш, жасыл
Ақ, сарғыш,
қызыл
Ақ, сары,
қызыл
Татымды
Тарна
Нағыз тамырдың
төменгі жағында
Сопақ, шар
тәрізді, жалпақ
Жасыл, күлгін
Ақ, сары
Ақ, сары
Шомыр
дәмді,
тәттілеу
Турнепс
Нағыз тамырдың
бүкіл бойында
Конус тәрізді
ұзынша,
цилиңдр, шар
пішінді
Сондай
Сондай
Сондай
Шомыр
дәмді
267
100- кесте – Тамыр жемістердің биологиялық өнімі
Үлгі
алынған
күн
1 өсімдіктегі
жапырақ саны
Орташа массасы, г
Жапырақтар мас-
сасының тамыр
массасына
қатынасы
1 га егістіктегі
өсімдіктер
саны, дана
Биологиялық өнім, ц/га
жасыл
құрғақ
1
өсімдіктің
оның ішінде
тамыр
жемістің
жапырақ-
тардың
тамырдың жапырақ-
тардың
1
2
Орташа
268
92-сурет – Тамырлары бойынша тамыржемістердің түр айырмашылықтары (кескіні):
1-қызылша, 2- сәбіз, 3- тарна, 4- шалқан
Құрғақ заттарды кептіру тәсілімен анықтау. Тамыр жемістердің
маңызды бөлігі – органикалық және минералдық қосылыстар (құрғақ
заттар). Құрғақ заттары көп тамыр жемістер бозқырауға ылғалдың
жетіспеушілігіне төзімді келеді, жоғары мал азықтық құндылығымен
ерекшеленеді және әдетте, қыста жақсы сақталады. Тамыр жемістердгі
құрғақ заттарды кептіру тәсілімен анықтау үшін 5-6 г тамыр жеміс
ұнтаған (кесінділерін) алдын ала өлшенген стақанға салады, ұнтағы бар
стақанды өлшейді де ұнтақтың (кесінді үлгінің) массасын анықтайды.
Содан кейін кептіргіш шкафта (температурасы 100°С) 6 сағ. бойы
кептіреді, соңынан эксикаторда салқындатып өлшейді-кептіруді тұрақты
салмаққа дейін қайталайды, соңғы өлшеудің көрсеткішімен бос стақанның
салмағы арасындағы айырмашылық бойынша құрғақ зат мөлшерін
анықтайды. Табылған құрғақ зат массасы мен талдауға алынған ұнтақтың
массасы бойынша құрғақ заттардың пайыз мөлшері анықталады.
Ерігіш құрғақ заттарды ареометромен анықтау. Тығыздығы әртүрлі
сұйықтарда ареометр әртүрлі тереңдікке батады, оны ареометрдің
мойнындағы тығыздықты көрсететін шкала бойынша белгілейді.
Ерігіш құрғақ заттарды қант өлшегіштермен (сахариметрмен)
анықтау. Шыны цилиндрге құйылған зерттелетін ертіндіге абайлап
сахариметрді салады. Алғашқы алынған дерек әдетте жобалы көрсеткіш
болып табылады. Кейіннен сахариметрді жақсылап сүртіп сұйыққа қайта
салады оның мойны алғашқы сызықтан аспауға және суланбауға тиіс.
Шкаладағы деректер сұйықтың деңгейімен алынады.
Ерігіш құрғақ заттарды әдетте 20°С жылылықта анықтайды мұны
қалыпты температура деп есептейді. Егер температура жоғары, не төмен
болса, онда түзету енгізеді (белгілі бір шаманы табылған санға қосады
немесе шегереді).
269
93-сурет – Қант және мал азықтық қызылша: 1,2-егін көгі және екі жұп нағыз
жапырақтар кезеңдеріндегі өсімдіктер, 3,4-эккендорфская желтая мал азықтық
сортынын өсіп-жетілуінің І-жылғы өсімдігі және тамыр жемісінің қимасы; 5,6-қант
қызылшасының өсіп-жетілуінің І-жылғы өсімдігі және тамыржемісінің қимасы; 7-
гүлді сабақтың бір бөлігі; 8-гүл; 9-көп өскінді және бір өскінді қызылшаның
жемісшесі; 10-тұқым
94-сурет – Тарна: 1,2-егін көгі және І-жылғы өсіп-жетілу кезеңдеріндегі
өсімдіктер; 3-гүл өркенінің жоғарғы бөлігі; 4-жеміс; 5-тұқымдары (жоғарыда
үлкейтілген)
270
Ерігіш құрғақ заттарды рефрактометрмен анықтау. Бұл тәсіл
сәуленің сыну көрсеткіші мен ертіндінің концентрациясы, арасындағы
байланысқа негізделген. Зертханалық тәжірибеде әмбебап зертханалық
рефрактометрлер, ал далалық жағдайда – далалық рефрактометрлер
қолданылады.
Мал азықтық қызылшанын сорттары: Оброшинская желтая, 1987
(4,11,13); Тимирязевская односемянная, 1988 (9); Тимирязевская 56,
1974 (12); Эккендорфская желтая, 1943 (1,2,3,4,5,6,7,8,10,12,13).
Курос, 1997 (5); Монро, 2000 (1,2,12); Тимирязовская округлая, 1991
(3,7); Тимирязовская 87, 1997 (3).
Тарна: Куузику,1976 (7); Турнепс: Остерзундомский, 1943 (4,7).
95-сурет – Турнепс: 1-алғашқы жұп жапырақтар кезеңіндегі өсімдік; 2-бірінші
жылдың соңындағы өсімдік; 3-әртүрлі тілікті жапырақтар; 4-гүл сабағынын бір
бөлігі; 5-әртүрлі пішіндегі тамыржемістер; 6-жеміс; 7-тұқымдары (жоғарыда
үлкейтілген)
Бақылау сұрақтары
1.
Мал азықтық тамыр жемістердің негізгі түрлері, олардың мал
азықтық құндылығы, әртүрлі аймақтардағы өсіру ауданы, өнімі.
2. Тамыр жемістердің айырмашылық белгілері (тұқымдары, егін
көгі, жапырақтары, тамырлары бойынша).
3. Әртүрлі тамыржемістердің тамырларының анатомиялық
құрылысындағы ерекшеліктері.
4. Мал азытық, жартылай қанттық және қант қызылшасының,
сәбіздің, тарна мен турнепстің морфологиялық ерекшеліктері.
271
5. Тамыр
жемістердің
өсу
және
өнімді
қалыптастыру
ерекшеліктері.
6. Сыртқы орта факторларына талаптары (жылуға, жарыққа,
ылғалға, топырақ және қоректік заттарға) және Қазақстанның әртүрлі
топырақ – климат аймақтарыңда олармен қамтамасыз етілуі.
96-сурет – Сәбіз: 1-мал азығына өсірілетін барынша кең тараған Шантанэ 2461 сорты;
2-екінші тіршілік жылындағы өсімдік (тұқымдық)
7. Суармалы және суарылмайтын жерлерде тамыржемістердің
агротехникалық ерекшеліктері (тұқымды себуге дайындау тәсілдері; алғы
дақылдар; тыңайтқыш жүйесі, күзгі және көктемгі топырақ өңдеудің
мерзімдері, тереңдігі; тамыр жемістерді арамшөптерден, зиянкестерден
және аурулардан сақтаудың агротехникалық және химиялық шаралары;
егінді жинау тәсілдері мен мерзімдері, машиналары).
Бөлім бойынша әдебиет
1 Карпенко П.В. Сахарная свекла. -М., 1964.
2 Киреев В.Н. и др. Кормовые корнеплоды. -М., 1975. Шебалина
М.А. Репа, турнепс и брюква. -Л., 1974.
3 Щепетков Н.Г. Культура кормовых корнеплодов в Северном
Казахстане. Лекция. -Целиноград, 1982.
6 МАЛ АЗЫҚТЫҚ БАҚША ДАҚЫЛДАРЫ
Бақша өсімдіктері – асқабақ пен қарбыз Қазақстанда келешегі мол
мал азықтық дақылдар, мал азығына олардың жас жемістері
пайдаланылады.
Бақша
дақылдары
асқабақтар
тұқымдасына
(Сucurbitасеае) жатады және үш туыстықты біріктіреді: қарбыз, асқабақ
және қауын.
272
Т А П СЫ Р М А
1. Мал азықтық асқабақ пен қарбыздың морфологиялық ерекшеліктерін
оқып-үйрену.
2. Пайдалануға рұқсат етілген сорттарына шаруашылық-биологиялық
сипаттама беру.
3. Мал
азықтық асқабақ пен қарбыздың операциялық өсіру
технологиясын жасау.
АСҚАБАҚ - ТЫКВА – CUCURВІАТА
Егістікте асқабақтың үш түрі өсіріледі: кәдімгі асқабақ (С. реро), ірі
жемісті асқабақ (С. mахіmа) және мускатты (асханалық) асқабақ (С.
тоsсһаtа).
97-сурет – Асқабақ жемістерінің пішіні
Ірі жемісті мал азықтық асқабақтың тамыры қуатты кіндікті,
сабағы цилиндрлі, іші қуыс, шырмауықты, жапырақтары бүйрек
тәрізді, дөрекі талшықтармен түктелген, гүлдері өте ірі, сарғыш-сары
түсті, жемістері шар тәрізді, қысыңқы немесе ұзынша келген,
көлденеңінен ұзындығы 50-70 см, әртүрлі түсті. Жемісінің жұмсағы
борпас, шырынды, сарғыш, кейде ақ, тұқымдары ірі (ұзындығы 2-3 см),
жылтыр, 1000 санының массасы 240-300 г.
Мал азығына пайдалануға рұқсат етілген асқабақ сорттары:
Стофунтовая – кең тараған ескі сорт, 1947 (1,3,13); Гибрид 72, 1974
(5); Рекорд, 1985 (9).
ҚАРБЫЗ – АРБУЗ – СITRULLUS
Қарбыздың екі түрі — асханалық қарбыз (С. Edulis) және мал азықтық
қарбыз (С. соlocunthoides) өсіріледі.
Мал азықтық қарбыздың күшті дамыған кіндік тамыры 4-5 м дейін
тереңге және 5-7 м дейін жан-жағына тарайды және асханалық қарбызға
қарағанда қуатты. Сабағы шырмауықты, ұзын өрімді (3-2 м), 10-12
бұтақты, қатты талшықтармен түктенген. Жапырақтары қауырсынды
тілікті бөліктерге тарамданған. Гүлдері ірі, күңгірт-сары күлтешесі бар,
бестік типте, бөлек жынысты. Аталық гүлдері ұзын аяқшаларға, ал
аналық гүлдер қысқа аяқшаларға орналасқан және аталықтарға
273
қарағанда ірірек. Жемістері – шар пішінді және ұзынша-сопақ келген,
жасыл немесе ашық-жасыл түсті, әрі күңгірт жолақты мрамор суреті бар.
Жемісінің массасы 10-15-тен 25-30 кг дейін және одан да жоғары. 1000
тұқымының массасы 100-200 г. мал азықтық қарбызда тұқым жолы жоқ.
98-сурет – Қарбыз: 1-аналық гүл; 2-аталық гүл, 3-аталықтар; 4-өркеннің бір
бөлігі
Достарыңызбен бөлісу: |