Мал азықтық қарбыздың сорты: Дисхим — Азов - Қара теңіз АШИ-да
шығарылған, 1956 (1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,13,14).
Бақылау сұрақтары
1.
Негізгі бақша дақылдары. Мал азықтық құндылығы, егістік
көлемін, өнімін сипаттаңыз. Дақылдар өнімінің потенциалды мүмкіндігі.
2. Дақылдардың морфологиялық ерекшеліктері.
3.
Қазақстанда мал азығына пайдалануға рұқсат етілген сорттары.
4. Асқабақ пен қарбыздың биологиялық ерекшеліктері.
5. Бақша дақылдарының өсіру технологиясындағы ерекшеліктері.
Әдебиет
1 Белик В.Ф. Бахчевые культуры. -М., Колос, 1980.
2 Гуцалюк Т.Г., Эренбург П.И. Бахчеводство. -А-Ата: Кайнар, 1965
.
7 АЗ ТАРАҒАН (ДӘСҮРЛІ ЕМЕС)
МАЛ АЗЫҚТЫҚ ӨСІМДІКТЕР
Т А П С Ы Р М А
1. Аз тараған мал азықтық дақылдардың (аюбалдырған, майтамыр,
таран, марал тамыры, прозен жапырақты сильфия, гүлтәжі, козлятник
ж.б.) морфологиялық белгілерімен танысу.
274
2. Аз тараған мал азықтық өсімдіктердің жемістерін,
тұқымдарын анықтау.
3. Мал азықтық құндылығы мен шаруашылықта пайдалануына
сипаттама беру.
Егіншілікте пайдаланылатын мал азықтық дақылдардың түр
құрамы шектеулі болғандықтан (25-тен артық емес) жабайы флорадан,
сонымен бірге басқа мақсатқа пайдалану үшін немесе басқа аймақта
өсірілетін (мысалы дәнді, майлы т.б.) өсімдіктерді зерттеп егістікке
енгізудің (интродукциялаудың) қажеттігі туады.
Соңғы жылдары келешегі бар мал азықтық өсімдіктер ретінде
бірталай жабайы дақылдар – Сосновский аюбалдырғаны, Забайкал
тараны, Шығыс козлятнигі, марал тамыры, майтамыр, прозенжапырақты
Сильфия, гүлтәжі т.б. зерттеуге және егістікке енгізуге талап жасалуда.
Олардың кейбіреулерінің тұқымдары мен жемістері бойынша
айырмашылық белгілері 101-кестеде, ал жапырақтары, гүл шоғыры
мен гүлдеріндегі айырмашылықтар 102-кестеде келтірілген.
101- кесте – Кейбір аз тараған мал азықтық өсімдіктердің тұқымдары мен
жемістерінің айырмашылық белгілері
Түрдің атауы
Тұқымдық
материал
Мөлшері,
мм
Пішіні
Түсі
1000
тұқымның
массасы, г
Сосновский
аюбалдыр-
ғаны
Бөлшекті
екі
тұқымды
шекілдеуік
9-15
Сопақ немесе
кері жұмыртқа
пішінді
Сары-
қоңыр
түсті
12-15
Забайкал
тараны
Жаңғақ
5-6
Үшқырлы
Күңгірт-
қоңыр
11-12
Шығыс
козлятник
4,0
Бүйрек пішінді
Сарғыш-
жасыл
5,5-9,0
Марал
тамыры
Шекілдеуік
6-8
Төртқырлы,
ұзынша
Сұрлау,
күлгін-
қоңыр
14-16
Қатты
немесе
жалпақ
жапырақты
майтамыр
Жаңғақ
4-5
Қиғаш немесе
қысыңқы
жұмыртқа тәрізді
Күңгірт-
қоңыр,
қара
8-10
Прозенжа-
пырақты
сильфия
Шекілдеуік
10-12
Ұзынша-жүрек
тәрізді
Сұр-
қара,
қоңыр
18-24
Тамыр жүйесі түйнекпен көбейтілгенде шашақты, жақсы дамыған;
тұқымымен көбейтілгенде терең бойлайтын кіндікті.
Сабағы – тік өседі, жақсы жапырақтанған биіктігі 2-3 м, бұтақтана
алады, кейде аздап күлгін түсті.
275
102-кесте – Кейбір аз тараған мал азықтық өсімдіктердің
жапырақтарындағы, гүл шоғырындағы және гүлдеріндегі
айырмашылық белгілер
Атауы
Биіктігі,
м
Жапырақтар
Гүл шоғыры
Гүлдері
Сосновский
аюбалдырғаны
1,5-4,5
Қауырсынды-
қалақты, ірі, томенгі
жағы түкті
Күрделі
шатыр
Ақ, 5 мүшелі,
шеткілері-
бұрыс
пішінді
Вейрих
тараны
1,5-2,5
Жалпақ жұмыртқа
тәрізді, ұзынша,
түкті
Борпас
шашақ
Сарғыш – ақ,
5-мүшелі
Забайкал
тараны
0,7-1,6
Жалпақ ланцетті,
ұзынша келген,
түксіз
Сондай
Сондай
Жапырақтары
қарапайым,
сағақты,
жұмыртқа
пішіндес,
үшкірленген, ірі, жиектері тісті, сабақтың төменгі бөлігінде қарама-
қарсы, ал ортаңғы және жоғарғы бөлігінде кезектесіп орналасқан.
Жапырақтары мен сабақтары қатты түктермен көмкерілген.
Гүл шоғыры – диаметрі 3-4 см себет, екі типті гүлдері болады: тілді
(жеміссіз) және түтік тәрізді қосжынысты. Гүлдері жел мен насекомдар
арқылы айқас тозаңданады.
Топинамбур (жер алмұрты) астра (Asteraceae) тұқымдасының
Helianthus туыстығы, Helianthus tuberosus түріне жататын көпжылдық
түйнекті өсімдік. Морфологаялық белгілері бойынша топинамбур
күнбағысқа ұқсас (99-сурет).
Жемісі – кішірек келген сұр түсті, шекілдеуік, күнбағыстан
анағұрлым ұсақ. 1000 шекілдеуігінің массасы 7-9 г, тұқымымен тек
селекциялық мақсатқа ғана көбейтіледі.
Топинамбурдың түйнектері алмұрт, цилиндр, түйреуіш пішіндес
ұзынырақ домалақ. Көзшелері түйнекте бұдырланып, спираль терізді
орналасқан. Сорттарына қарай түйнектері ақ, сары, қызғылт және
қызғылт-күлгін түсті болып келеді. Олар картоп түйнегінен ұсақ және
орташа массасы 20-60 г. картоптан айырмашылығы – қабығы болмайды,
сондықтан тез солып қалады.
Түр аралық будандастыру жолымен топинамбур мен күнбағыстан –
жаңа өсімдік – топинсолнечник шығарылған, оның биологиялық және
шаруашылық белгілері өзгеше. Топинсолнечниктің көптеген сорттары
түйнектерінің біркелкілігімен, жоғары өнімділігімен ерекшеленеді.
Сыртқы белгілері бойынша топинсолнечник көп жағдайда туыстарын
еске түсіреді, алайда олардан биік, ал жапырақтарының саны және
мөлшері, сабақтың жуандығы мен бұтақтануы жағынан аралық
деңгейде.
276
99-сурет – Жер алмұрты, топинамбур: 1,2-егін көгі және қарқынды түйнек
түзі кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-сабақтың бір бөлігі; 4-гүлдер: түтікті (а) және
тілді (б); 5-жеміс; 6-түйнектер
Аталған дакылдардан ҚР егістікте және табиғи жерлерді жақсартуға
пайдалануға рұқсат етілген сорттары:
Шашақты амарант: Атлант, 1995 (3,5,14); Изен (прутняк) Алма-Атинский
песчаный 1, 1985 (3); Бактолен, 1999 (14); Задарьинский, 1990 (14).
Күйреуік (соран күйреуік) – Айдарлинский 1, 1985 (3); Сэн, 2000 (8,13).
Қара сексеуіл – Жан-Сая, 2000 (9,14).
Теріскен – Арысский, 1990 (13); КЛХ-2, 1990 (3); Қызылкум, 1999 (14).
Чогон (аз жапырақты эления) – Сырдарьинский, 2000 (9,14).
Бақылау сұрақтары
1. Интродукция және оның өсімдік шаруашылығы мен мал азығын
өндірудегі маңызы.
2. Басқа аймақтарда өсірілетін және Қазақстанда өсіруге болатын
жабайы флора мен дақылдардың келешекті түрлері.
3. Жабайы өсімдіктердің мал азықтық құндылығы.
4. Топинамбурдың мал азықтық құндылығы және маңызы.
5. Бұл топтың дақылдарын Қазақстанда өндіріске енгізу және
таратуға кедергі келтіретін негізгі себептері.
6. Жабайы өсімдіктердің (аз тараған) биологиялык ерекшеліктері.
7. Топинсолнечниктің биологиялық ерекшеліктері.
8. Аз тараған дақылдардың тұқымдарын себуге дайындаудың
277
ерекшеліктері, себу мерзімі мен тәсілдері.
9. Топинсолнечник агротехникасының ерекшеліктері.
10.Топинсолнечник егістігін жинау мерзімі мен технологиясы (жер
үсті массасы мен түйнектері).
100-сурет – Сосновский аюбалдырғаны: 1,2-гүддену және дамыған егін көгі
кезеңдеріндегі өсімдіктер, 3-гүл шоғыры; 4-гүлдер: шеткі (а), ортаңғы (б); 5-
жемістер
101-сурет – Вейрих тараны: 1,2-гүлдену және бірінші нағыз жапырақтар
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-гүл шоғыры мен өркеннің бір бөлігі; 4-гүл; 5-жеміс- 6-
тұқым
278
102-сурет – Сафлор тәрізді рапотник (марал тамыры); 1,2-гүлдену және дамыған
егін көгі кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-гүл шоғыры: 4-гүл; 5-жемістер (жоғарыда
үлкейтілген)
103-сурет – Прозенжапырақты сильфия: 1,2-гүлдену және егін көгі кезеңдеріндегі
өсімдіктер; кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-өркеннің жоғарғы бөлігі; 4-жемістер
279
104-сурет – Катран: 1,2-егін көгі және гүлдену кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-гүл
шоғыры; 4,5-жемістері мен тұқымдары (сол жақта үлкейтілгендері)
105-сурет – Шығыс козлятнигі: 1,2-гүлдену-жеміс түзу және егін көгі кезеңдеріндегі
өсімдіктер; 3-гүл шоғыры және жапырақпен өркеннің бір бөлігі; 4-гүл; 5-тұқымдары
(сол жақта үлкейтілгендері); 6-жемістер
280
106-сурет – Мальва: 1,2-гүлдену жеміс түзу және егін көгі кезеңдеріндегі өсімдіктер;
3-жапырағы және гүлдерімен сабақтың бір бөлігі; 4-гүл; 5,6-жемістер; 7-тұқымдары
(жоғары үлкейтілгені)
107-сурет – Майлы шомыр: 1,2-гүлдену жеміс түзу және егін көгі кезеңдеріндегі
өсімдіктер; 3-сабақтың жоғары бөлігі; 4-жеміс; 5- тұқымдары (жоғары үлкейтілгені)
281
108-сурет – Топинсолнечник: 1,2-қарқынды түйнек түзу және дамыған егін көгі
кезеңдеріңдегі өсімдіктер; 3-өркеннің жоғарғы бөлігі; 4-жеміс (сол жақта
үлкейтілгені); 5-түйнек
Тописолнечник – Целинный 87, 1999 (1,3,13); Топинамбур –
Находка, 1993 (3).
Әдебиет
1 Вавилов П.П., Кондратьев А.А. Новые кормовые культуры. -М.,
Россельхозиздат, 1975.
2 Медведев П.Ф. Малораспространенные кормовые культуры. -Л.;
Колос, 1979.
3 Милащенко П.З. Абрамов В.Р. Технология выращивания и
использования рапса и сурепицы. -М.; Агропромиздат, 1989.
8 МАЛ АЗЫҒЫНА МҰҚТАЖДЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ
МАЛ АЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ЕГІС КӨЛЕМІ МЕН
ЖАСЫЛ КОНВЕЙЕРДІ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Т А П С Ы Р М А
1. Малдың мал азығына қажетсінуін есептеу (шаруашылық
мысалында): а. жылдық қажетсінуі; б. жасыл балаусалы мал азығына
қажетсінуі (мұқтаждығы).
2. Табиғи мал азықтық жерлер мен екпе дақылдарды өсіруден
282
түсетін мал азығын ескере отырып жасыл балаусалы конвейер кескінін
жасау.
3. Малдың қорада ұсталатын кезеңіне мал азықтық дақылдардың
егіс көлемін есептеу.
Азықтық өлшем мен протеинге жылдық мұқтаждық жануарлардың
өнімділігі мен олардың массасына тікелей байланысты.
103 және 104-кестелерде сауын сиырлардың азықтық өлшем мен
сіңімді протеинге тәуліктік жобалы рационы келтірілген (Қазақ АТУ-нің
а.ш. жануарларын азықтандыру кафедрасы, Е.Ш. Шекенов пен Б.Н.
Григорьев деректерінен). Осыған негіздей отырып малдың қорада
тұратын айлық кезеңін мұқтаждықты анықтауға болады.
Әрі қарай шаруашылықтағы нақты мал табынына байланысты
қажетті мал азығын бүкіл мал басына есептеуге болады, есептеуді
жеңілдету үшін сауын малдың мұқтаждығынан (% есептегенде):
қашарларға – 90%, 1 жылдан ересек төлдерге – 70%, 1 жылға дейінгі төлге
– 50% деп алынады.
Мал азығына қорада тұратын кезеңге жылдық мұқтаждықты
есептегенде мына кескінді пайдалануға болады (қосымшаның 12-
кестесі).
Малдың қорада тұратын кезеңіне қажетті мал азығын өндіру үшін
егістік көлемі мен әрбір дақылдың өнімділігін ескере отырып мына
кескін бойынша есеп жүргізіледі (қосымшаның 13-кестесі).
Соңынан жасыл мал азығына (балаусаға) онкүндіктер бойынша
мұқтаждықты есептейді және тәуліктік рацион 11-14 а.ө. болғаны жөн, 1-
3 кг жемазық қарастырылады. Мұндай жағдайда жасыл балаусаға
қажеттілік 50-60 кг құрайды. Есептеуді қосымшаның 14-кестесінс сәйкес
жүргізуге болады. Осыдан кейін жайылымның орташа өнімділігі мен
жалпы көлемі бойынша күтіліп отырған жас балауса массасын есептейді.
Шаруашылық жағдайында жайылымның қурап қалу кезеңі де ескеріледі
(қосымшаның 5-кестесі).
Жасыл
балаусалы
мал
азығына
онкүндіктер
бойынша
мұқтаждықты және оның табиғи мал азықтық жерлерден қамтамасыз
етілуін салыстыра отырып оның қосымша қажетті мөлшерін барлық уақыт
пен айлардың онкүндіктеріне есептейді.
Жасыл балаусалы мал азығына жетіспеушілікті жасыл конвейер жүйесінде
екпе дақылдарды себу есебінен жоюға болады. Есептеулер қосымшаның 5-
кестесі бойынша жүргізіледі.
Жасыл балаусалы мал азығына онкүндіктер бойынша мұқтаждықты
негізге ала отырып екпе дақылдар есебінен жасыл конвейер жүйесі
жасалады және мынаны еске алған жөн: көпжылдық – шөптердің
шабылмалы пісу кезеңі мен шабу мерзімі (айлардың онкүндіктері),
алшынкөк алу мүмкіндігі мен мерзімі, бүкіл басқа мұқтаждық әртүрлі
мерзімде себілетін біржылдық шөптердің есебінен қанағаттандырылады.
Мұндай жағдайда себу мерзімінен бастап бұл дақылдардың шабылмалы
кезеңіне дейін 55-65 тәулік қажеттігін және шабу кезеңі орта есеппен 7-10
283
тәулікке созылатынын негізге алу керек, қысқасы сәуірдің соңы –
мамырдың басынан бастап әрбір 7-10 күн сайын шілденің ортасына
дейін біржылдық шөптерді сеуіп отырады.
Барынша ерте мерзімде жасыл балаусалы мал азығын алуға өткен
жылы себілген күздік қара бидайды, ең кеш мерзімге рапс, қыша, майлы
шомыр және оның сұлымен немесе арпамен қоспасы пайдаланылады.
Біржылдық шөптер әдетте бұршақ тұқымдастар мен қоспа түрінде
себілуге тиіс. Жасыл конвейер жүйесі мына үлгіде жасалады
(қосымшаның 17-кестесі).
Мал қорада тұратын кезеңге қажетті мал азығын алу үшін егістік
алқаптың көлемі дақылдың өнімділігін ескеріп мына жобалы кескін
бойынша іске асырылады (қосымшаның 14-кестесі).
Мал азығына жылдық мұқтаждықты есептегендегі барлық деректер
бір кестеге жинақталады (қосымшаның 18-кестесі).
Бақылау сұрақтары
1.
Мал азығының негізгі түрлері және олардың салыстырмалы мал
азықтық құндылығы.
2. Көпжылдық
және
біржылдық
шөптердің
сүрлемдік
дақылдардың жинау мерзімдері және тәсілдері.
3. Егін жинау жұмыстарының сапасына қойылатын талаптар.
4. Мал азықтық дақылдарды жинауға пайдаланылатын техника.
5. Негізгі мал азықтарына қойылатын талаптар, сыныпқа (класқа)
бөлу тәртібі.
6. Жоғары сапалы пішен, пішендеме, сүрлем, жалқы азық өндірудің
жағдайлары.
7. Далалық жағдайда кептіру және белсенді желдету жолдарымен
сүрлем,
пішендеме,
витаминді
шөп
ұнын,
пішен
дайындау
технологияларының ерекшеліктері.
8. Сүрлемдік және пішендемелік құрылымдар. Оларды алынатын
мал азықтарының сапасы мен шығымына байланысты бағалау.
9. Пішен мен пішендемені әртүрлі құрылымдарда жабу мен жүргізу
тәсілдері.
10. Мал азықтарын есептеу әдістемесі.
11. Жануарларға мал азығының қажеттілігін есептеу әдістемесі;
тәуліктік, айлық, қорада тұратын жайылымдық кезеңдер.
12. Жайылымдық кезеңге мал азығын есептеу әдістемесі қандай және
жайылым кезеңін ескере отырып мал азығының балансын жасау.
13. Жасыл конвейер кескінін жасау әдістемесінің негізі қандай?
14. Малдың қорада тұратын кезеңіне байланысты егістік көлемін
есептеу әдістемесі қандай ?
284
103-кесте – Тірідей массасы 450 кг, тәуліктік сүт сауылымы 11-14 кг және майлылығы 3,7 % сүт
беретін сиыр үшін тәуліктік рацион
Мал азығы
Тәуліктік берілімі,
кг
Азықтық өлшем
(а.ө.)
Сіңімді протеин, г
Қант, г
Каротин, мг
Астық тұқымдас пішен
5
2,25
190
100
75
Жүгері сүрлемі
20
3,60
240
30
360
Бұршақ тұқымдас пішендеме
8
2,8
400
144
120
Қызылша
10
1,2
80
500
-
Жем азықтар
3
3,0
300
54
-
Патока
0,5
0,3
25
250
-
Тұз
80
Фосфордың қос аммоний
тұзы
80
Мөлшер (норма)
11,0
1120
1000
490
Рациондағы мөлшері
13,1
1235
1078
555
285
104 - кесте – Тірідей массасы 450 кг, тәуліктік сүт сауылымы 15-18 кг және майлылығы 3,7 % сүт
беретін сиыр үшін тәуліктік рацион
Мал азығы
Тәуліктік берілімі,
кг
Азықтық өлшем
(а.ө.)
Сіңімді
(қорытылатын)
протеин, г
Қант, г
Каротин, мг
Астық тұқымдас пішен
5
2,25
190
100
75
Жүгері сүрлемі
3
1,5
195
45
75
Бұршақ тұқымдас пішендеме
20
3,6
240
30
360
Қызылша
10
3,5
500
180
150
Жем азықтар
10
1,2
80
500
-
Патока
3
3,0
300
54
-
Тұз
95
Фосфордың қос аммоний
тұзы
100
Мөлшер (норма)
13,2
1340
1180
580
Рациондағы мөлшері
15,0
1505
1009
660
286
VIII - ТАРАУ. ТАЛШЫҚТЫ (ТОҚЫМА) ДАҚЫЛДАР
Талшықты өсімдіктер талшық өндіру үшін өсіріледі, ал ол
әртүрлі тоқыма маталары мен көптеген басқа бұйымдар өндірісінде
пайдаланылады.
Талшықты дақылдар тобы әртүрлі ботаникалық тұқымдастарға
жататын көптеген өсімдіктер түрлерін біріктіреді. Талшықтың пайда болу
орнына байланысты оларды төрт топқа бөледі:
1.
Тұқымдары талшықты өсімдіктер – талшықтары тұқым-
дарында түзіледі. Оларға мақта өсімдігі (құлқайыр тұқымдасы) жатады.
2. Сабақтары талшықты өсімдіктер – талшықтары сабақтарында
қалыптасады. Оған зығыр (зығыр тұқымдасы), қарақурай (қарақурай
тұқымдасы), кенеп пен канатник (құлқайыр тұқымдасы), кендір (жөке
тұқымдасы), рами (қалақай тұқымдасы) кіреді.
3. Жапырақтары талшықты өсімдіктер – талшықтары жапырақ-
тарында пайда болады. Бұл топқа тоқымалық агава жаңазеландиялық
зығыр және сизаль жатады.
4. Жемістері талшықты өсімдіктер. Оларға кокос пальмасы, жатады.
Талшықты дақылдар тоқыма өнеркәсібінің шикізат көзі болып
табылады. Дүние жүзілік егіншілікте талшықты дақылдардың ішінде
алдынғы орынды мақта өсімдігі, кендір, зығыр, қарақурай және кенеп
иеленеді, ал ТМД елдеріндегі маңызды талшықты дақылдар – мақта
өсімдігі, талшықты зығыр, қарақурай.
Талшықты дақылдардың тұқымдарында тамаққа және техникалық
мақсаттарға пайдаланатын май болады. Тұқымды майға өңдегеңде
шығатын қосымша өнім – күнжара бағалы белокты мал азығы.
Қазақстан Республикасында талшықты дақылдардан Оңтүстік
Қазақстан облысының 6 ауданында – Мақтаарал, Сарыағаш, Ордабасы,
Түркістан, Арыс және Шардара – тек қана мақта өсімдігі өсіріледі.
МАҚТА ӨСІМДІГІ – ХЛОПЧАТНИК – GOSSYPIUM
Мақта өсімдік құрылысының ерекшеліктері өсімдігі Құлқайыр
тұқымдасына (Маlvaceae) gossypium туыстығына жатады да 60-тан астам
түрлерді біріктіреді.
Негізінен екі түрі кең тараған; кәдімгі (орташа талшықты) мақта
өсімдігі (109-сурет) (Gossypium һirsutum) және ұзынталшықты (перуан)
мақта өсімдігі (110-сурет) (Gossypium barbadense). Қазақстанда кәдімгі
(орташа талшықты) мақта өсімдігі (Gossypium һirsutum) өсіріледі.
Мақта өсімдігі көпжылдық өсімдік, алайда Қазақстанда көптеген басқа
елдердегі сияқты біржылдық дақыл ретінде өсіріледі. Мақта өсімдігінің
тамыры кіндікті болып келеді. Тұқым жарнағы кезеңінде негізгі тамыр 20
см дейін топырақ қабатына бойлайды, ал өсіп-жетілудің соңында 2,5-3,0
м дейін жетеді.
Топырақ қабатының 3-8 см тереңдігінде негізгі тамырдан бірінші
287
109-сурет – Кәдімгі мақта өсімдігі: 1,2-дамыған егін көгі және пісудің соңғы
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3- гүл мен жапырақ; 4-піспеген жеміс; 5-піскен қорапша
(қауашық); 6-қорапша жарғақтары (жармашалары); 7-тұқым талшығымен; 8-тұқым
қабығамен және қабықсыз (оң жақта)
110-сурет – Жіңішке талшықты (перуан) мақта өсімдігі: 1-жемісті бұтақтың бір
бөлігі; 2,3-піспеген және піскен қорапша; 4-қорапшаның жарғақтары; 5-ұшпа
талшықтар; 6-тұқым түріне қарамай; 7-жас өсімдіктің кескіні; 8-гүлдену кесікіні
(арап сандары мен бұтақтар, римдікпен гүлдену сақиналары кескінделген); 9-
тұқымның құрылысы: а-тұқым жарнақтарының қатпарлары, б-тамырша, в-қабығы
мен қысқа талшықтар
288
дәрежелі бүйір тамырлар тарайды. Олар біршама бұрыш жасап 70-100 см
радиуста жан-жаққа жайылады.
Бірінші дәрежелі бүйір тамырларынан екінші дәрежелі тамырлар,
олардан үшінші дәрежелі және т.б. тарайды. Әртүрлі дәрежелі
тамырлардың тарамдалуының нәтижесінде үлкен топырақ көлемін
қамтитын тығыз тамыр жүйесі дамиды.
Тамыр жүйесінің негізгі массасы суармалы жерлерде топырақтың
беткі 40-50 см, ал суарылмайтын жағдайда 30-дан 85 см дейінгі
қабатында шоғырланады. Құрғақ тамырлар массасы жалпы өсімдік
массасының егін көгі – шанақтану ("бүрлену") кезеңінде 25%,
шашақтануда – 20%, гүлденуде – 14%, піскеңде – 8% құрайды.
Сабағы тік өседі, биіктігі 70-тен 300 см дейін, берік, төменгі жағы
сүректенеді, (ағаштанады). Талшықтармен көмкерілген, бұтақты.
Бұтақтары екі түрлі (типті) – моноподиальды (өскіш) және
симподиальды (жемісті). Моноподиальды бұтақтар сабақтың төменгі
белігінде қалыптасады да төбелік нүктемен еседі, түзу сызықты сабаққа
сүйір бұрыш жасап тарайды.
Симподиальды бұтақтар моноподиальды бұтақтардан жоғары
орналасқан сабақ жапырақтарының қолтықтарында түзіледі. Олар
кезекті буын аралығын түзе отырып жүйелі түрде өсетін бірнеше
бүршіктен дамиды. Мұндай бұтақтар әдетте буынды (иінді) болып
келеді және негізгі сабаққа әлсіз сүйір немесе тік бұрыш жасап тарайды.
Тропикалық аймақтарда мақта өсімдігінің жекелеген сорттарында 25-
40, ал ТМД елдерінің мақта өсіретін аймақтарында 2-3 моноподильді
бұтақтар қалыптасады.
Жапырағы сағақты, көлемі мен пішіні бір өсімдіктің өзінде әртүрлі.
Алғашқы 2-3 жапырақ бүтін шетті, жүрек пішінді, кейінгілері қалақты,
қалақтарының саны 3-7, қалақтарының пішіні үшбұрышты, күмбез,
жұмыртқа немесе ланцет (қияқ) тәрізді. Жапырақ тақтасы түкті.
Сағақтың қолтығында қияқ пішіндес жапырақ серіктері орналасқан.
Негізгі сабақта және өскіш бұтақтарда жапырақтар әрбір буында, ал
жемісті бұтақтарда – әрбір гүл бүріне қарсы бағытта қалыптасады.
Жапырақтардың орналасуы – бұранда тәртібімен кезекті. Жапырақ
тақтасының мөлшері түріне, сорты мен өсіру жағдайларына байланысты
4-тен 400 см дейін өзгереді. Гүлдің күлтешесі ірі бес күлтеше
жапырақты, негізінде бірігіп өскен, түсі сары, сарғыш, ақ, кейбір
түрлерінде күлтеше жапырақтың негізінде (қолтығында) антоциан
(таңқурай түстес) дағы болады.
Аналық аузы (рыльце) ірі, үш немесе бес қалақты. Аталықтары көп
(100-150 дана) аналық діңгегін орай аталық бағанасына бірігіп өскен.
Буыні (завязь) үш-бес ұялы. Ұяда 5-11 тұқым дамиды. Тостағаншасы
нашар дамыған, жасыл. Гүлінде үш ірі, аратісті гүл серігі болады.
Жемісі – үш-бес ұялы қауашақ, домалақтау – жұмыртқа пішінді
піскенде жігінен жарылады, ал жармашасы (створка) майысып кейін
қайрылады да талшықтар жалаңаштанады. Бір бұтада 200 дейін
289
дамыған қауашақ қалыптасады. Бір қауашақтың шикізат массасы 2-10 г.
Тұқым – жұмыртқа тәрізді немесе алмұрт пішінді, тығыз қауашақты
(қабықты), тұқымдық қабық клеткаларынан тұратын эпидермиспен
көмкерілген. Нағыз тұқым (ядро) екі тұқым жарнағынан, тамыршадан
және өскіннен тұрады. Тұқым массасының 8% ядро, 20-25% қабығы
құрайды. Шикізат массасынан талшықтық шығымы 30-35%. 1000
тұқымның массасы 80-125 г және одан да жоғары.
Бұтада негізгі сабақтың және ондағы жемісті бұтақтардың өсуіне
қарай шанақтың (бутонның) пайда болуы мен олардың ашылуы өсіп-
жетілу кезеңінде бірте-бірте іске асады. Осыған байланысты бір бұта
шеңберінде гүлдердің ашылуы бірінен соң бірі төменнен жоғары,
бұтақтан бұтаққа қарай және бұтақ бойымен жан-жаққа, әрі бұтаның
шеттеріне қарай өрбиді.
Ең төменгі жемісті бұтақтың алғашқы буынында орналасқан гүл
бірінші гүлдейді. Осыдан кейін екінші жемісті бұтақтың бірінші гүлі, одан
соң үшінші жемісті бұтақтың бірінші гүлі ашылады. Аталған үш гүл
гүлденудің бірінші қабатын (конусын) құрайды. Бұл конустағы келесі
гүл 2-3 күннен кейін ашылады. 5-7 күннен соң бірінші бұтақтың екінші
гүлі және төртінші жемісті бұтақтың бірінші гүлі ашылады. Соңынан
екінші – үшінші бұтақтың екінші гүлдері мен бесінші-алтыншы жемісті
бұтақтардың алғашқы гүлдері ашылады. Барлық осы гүлдер гүлденудің
екінші конусын (қабатын) қалыптастырады.
Осындай кезекпен үшінші конустың гүлдері ашылады, оларға бірінші,
екінші, үшінші жемісті бұтақтардың үшінші гүлдері, төртінші, бесінші
және алтыншы жемісті бұтақтардың екінші гүлдері, жетінші, сегізінші
және тоғызыншы жемісті бұтақтардың алғашқы гүлдері кіреді.
Келесі гүлдену конусының (4-5 жене басқаларының) пайда болуы осы
кескінмен іске асады. Әрбір қабаттағы гүлдер, біріншідегі сияқты, 2-3
күннен кейін (қысқа кезек), ал симподидегі кезекті гүл 5-7 күннен кейін
(ұзақ кезек) гүлдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |