Практикумы қ айта өңделіп, толықтырылып үшінші шығарылуы



Pdf көрінісі
бет1/28
Дата17.04.2020
өлшемі15,54 Mb.
#62881
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
osimdik sharuash l g praktikum (2)


ҚАЗАХСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
Қ.К. ӘРІНОВ, Н.И. МОЖАЕВ, Н.А. ШЕСТАКОВА,  
М.Ә.ЫСҚАҚОВ, Н.А. СЕРЕКПАЕВ 
 
 
 
 
 
 
   ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ 
ПРАКТИКУМЫ 
 
Қ
айта өңделіп, толықтырылып үшінші шығарылуы 
 
 
 
Жалпы редакциясын жасаған профессор Қ.К.Әрінов  
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ауыл  
шаруашылық жоғары оқу орындары агрономия мамандығы  
студенттеріне оқу құралы ретінде ұсынған 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 2014 

 

 
ББК 41.2я7 
П-69 
 
Өсімдік  шаруашылығы  практикумы.  Қ.К.Әрінов,  Н.И.Можаев,  Н.А. 
Шестакова, М.А. Ысқақов, Серекпаев Н.А.  
Жалпы редакциясын жасаған профессор Қ.К. Әрінов  
 
Агрономия  мамандықтарына  арналған  оқу  құралында  "Өсімдік  шаруашылығы" 
пәні бойынша зертханалық сабақтардың жадығаттары келтірілген. Өндірістік маңызы 
бар  негізгі  екпе  дақылдардың  морфологиялық  ерекшеліктері,  түрлері,  түршелері, 
Қазақстан  Республикасында  пайдалануға  рұқсат  етілген  сорттары,  екпе  дақылдар 
өнімін  бағдарламалау,  барынша  жоғары  мүмкін  өнім  алуда  қарқынды  өсіру 
технологияларының  теориялық  негіздері,  аймақтардың  биоклиматын  бағалау 
әдістемесі  және  осы  жағдайларда  дақылдар,  сорттар  мен  будандар  өсірудің 
мүмкіндіктері  қарастырылған.  Сонымен  қатар  қажетті  анықтамалық  жадығаттар, 
тұқымтану,  операциялық  қарқынды  өсіру  технологияларын  жасау  және  өсімдік 
шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау әдістемелері қамтылған. 
 
Пікір жазғандар: 
Ауылшаруашылығы 
ғылымдарының 
кандидаты, 
Еуразия 
гуманитарлық 
институтының профессоры Қ.М.Мұқажанов; 
Ауыл  шаруашылық  ғылымдарының  кандидаты,  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ 
агротехникалық университетінің доценті И.И.Жұмағұлов. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
03
)
05
(
00
4310020000

П
                
ISBN 9965-451-32-Х                              © Қ.К.Әрінов, Н.И.Можаев, Н.А. Шестакова, 
                                                                     М.Ә.Ысқақов, Н.А.Серекпаев 
               
 
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2014ж. 

 

 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
Өсімдік  шаруашылығы  —  ауылшаруашылығының  негізгі  саласы,  ол 
еліміздің  астық,  мал  азығы  және  басқа  ауылшаруашылық  өнімдерінің 
түрлерімен қажетті мөлшерде қамтамасыз етуге тиіс. 
Бұл  саланы  тиімді  жүргізу  үшін  ауыл  шаруашылық  өндірісінің 
технологы  ретінде  агрономнан  шаруашылық  меншігінің  түрлеріне, 
фермер екендігіне қарамай екпе дақылдар өсімдіктерінің морфологиясы, 
жүйеленуі, биологиясы мен агротехникасынан берік білімдері болуы талап 
етіледі,  осының  негізінде  сауатты  түрде  аймақтық  топырақ-климат 
жағдайлары  мен  қалыптасқан  нақты  өтпелі  маусымның  ерекшеліктерін 
ескере отырып дақылдардың өсіру технологиясын жасап және оны іске 
асыра  білгені  жөн.  Технологияларды  жасауда  творчестволық  тәсілмен 
келуге 
үйренген 
дұрыс, 
үзілді-кесілді 
көзқарастан 
арылып, 
агротехникалық  әдістерді  жыл  ерекшеліктеріне  қарай  бейімдеу  шарт. 
Сондықтан  агротехникалық  мәселелерді  шешерде  алдына  нақты  сұрақ 
қою  керек:  "Мұны  мен  не  үшін  істеймін,  бұлай  істеген  дұрыс  па, 
қалыптасқан  жағдайда  қалай  істеу  керек  ?",  осыған  орай  медицинада 
қабылданған  "Зиянға  ұшыратпа"  қағидасын  сақтаған  дұрыс,  басқаша 
айтқанда,  егістікке,  шалғындыққа  негізсіз  іс-қимылдармен,  өңдеу 
шараларымен, күтіп-баптаумен ж.б. зиян келтірме. 
Соңғы  уақытқа  дейін  республиканың  жоғарғы  оқу  орындарында 
"Өсімдік  шаруашылығы"  пәнін  оқығанда  Тимирязев  ауылшаруашылық 
академиясының 
өсімдік 
шаруашылығы 
кафедрасы 
ұжымымен 
дайындалған  "Өсімдік  шаруашылығы  практикумы"  негізгі  оқу  құралы 
болып келді. 
Республикамызда  тұңғыш  рет  Ақмола  аграрлық  университетінің 
өсімдік  шаруашылығы  кафедрасының  оқытушылар  ұжымымен  1996 
жылы  "Өсімдік  шаруашылығы  практикумы"  дайындалып  баспадан 
шығарылды. Баспадан шыққаннан кейін 2 жылдың ішінде бүкіл тиражы 
таралып кетті, соған байланысты 2004 жылы екінші рет шығарылды да ол, 
осы  уақытқа  дейін  пайдаланылады.  Оқу  құралын  қайта  шығаруға  негізгі 
себеп  -    білім  саласындағы  өзгерістер,  ғылыми  жетістіктер  ж.б.  Осыған 
сәйкес қайтадан баспадан шығару қажеттігі туындады. 
Ұсынылып отырған "Өсімдік шаруашылығы практикумы" пәннің оқу 
бағдарламасына сәйкес жасалған және зертханалық-іссаналық сабақтарға 
арналған  оқу-әдістемелік  материалды  қамтиды.  Қазіргі  С.Сейфуллин 
атындағы  Қазақ  агротехникалық  университеті  өсімдік  шаруашылығы 
кафедрасының  бұл  пәнді  оқытудағы,  сонымен  қатар  аталған  оқу 
құралдарын  дайындаудағы    Ресей  мемлекеттік  аграрлық  университеті  
(К.А.Тимирязев  атындағы  Мәскеу  ауылшаруашылық  академиясы)  және 
басқа жоғарғы оқу орындарының ең озық тәжірибелері ескерілген. 
Кітапты қайта шығаруға дайындау үрдісінде қажетті толықтырулар, 
өзгерістер 
енгізілді, 
кейбір 
бөлімдер 
айтарлықтай 
деңгейде 
толықтырылды және қайтадан өңделді. 

 

 
Жекелеген 
тараулар, 
бөлімдер 
төмендегі 
туындыгерлермен 
дайындалды: 
Алғысөз,  І  және  VIIІ  тараулар,  "Мал  азықтық  дақылдар"  ("Мал 
азықтық  тамыр  жемістер"  бөлімінен  басқасын)  —  ауыл  шаруашылығы 
ғылымдарының  докторлары,  профессорлар  Н.И.  Можаев  және 
Н.А.Серікпаевпен. 
VI және VIIІ тараулар, "Тұқымтану", "Талшықты дақылдар", «Дәнді 
астық  дақылдары»,  «Дәнді  бұршақ  дақылдары»,  «Майлы  және 
эфирмайлы  дақылдар»  -  ауыл  шаруашылығы  ғылымдарының 
кандидаттары, профессор Қ.К. Әрінов және доцент Н.А.Шестаковамен; 
ІІ-тарау "Екпе дақылдардың өнімін бағдарламалау әдістемесі"- ауыл 
шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Н.А. Серікпаевпен. 
V  тарау  -  "Түйнекжемістілер"  бөлімін  –  ауылшаруашылығы 
ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ә. Ысқақов дайындады. 
Оқу  құралы  Қазақ    АТУ  өсімдік  шаруашылығы  кафедрасының 
профессоры,  ауылшаруашылығы  ғылымдарының  докторы  Н.И. 
Можаевтың  жалпы  редакциясымен  орыс  тілінде  жазылған,  ал  қазақ 
тіліне  тәржімелеп,  редакциялаған  аталған  кафедраның  профессоры,  ауыл 
шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Әрінов Қ.К. 
Оқу  құралын  одан  әрі  жетілдіру  жөніндегі  ескертпелер  мен 
ұсыныстарды  мына  мекен-жайға  жіберу  сұралады:  000001,  Астана 
қаласы,  Жеңіс  даңғылы,  62-үй,  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ 
агротехникалық  университеті,  егіншілік  және  өсімдік  шаруашылығы 
кафедрасы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
 
I  ТАРАУ. ТҰҚЫМТАНУ 
 
Қазақстан  Республикасында  соңғы  жылдары  дәнді  дақылдардан  тек 
қана  тұқымға  жыл  сайын  1,8-1,9  млн.  т.  пайдаланылды,  ал  солтүстік 
облыстардың ірі шаруашылықтарында – 2,0-2,5 мың т. және одан да көп 
мөлшерде тұқым себілуде. 
Тұқымның себу сапасынан айтарлықтай деңгейде дақылдардың өнімі 
өзгереді,  сондықтан  оның  сапасын  бақылау  маңызды  рөл  атқарады. 
Тұқымдық бақылау әрбір әкімшілік ауданда болатын Мемлекеттік тұқым 
сапасына сараптама жасау зертханаларымен жүзеге асырылады. 
 
ТАПСЫРМА 
 
1. 
Тұқымтану  түсініктері  мен  үлгілерді  сұрыптаудың  әдістемесін 
меңгеру. 
2.  Тұқымның себу сапасын анықтаудың әдістемесін меңгеру. 
3.  Себу  жарамдылығы  мен  тұқымның  себу  мөлшерін  есептеуді 
үйрену. 
4.     Тұқым сапасына құжаттар дайындауды үйрену. 
 
Тұқымның себу сапасының көрсеткіштеріне оның тазалығы, өну 
энергиясы  мен  зертханалық  өнгіштігі,  тіршілікке  қабілеттілігі, 
ылғалдылығы,  1000  тұқымның  массасы,  аурулар  мен  залалдануы  және 
зиянкестермен  қоныстануы  т.б.  жатады.  Негізінен  лабораториялық 
(зертханалық) өнгіштігі мен физикалық тазалығына, сонымен қатар басқа 
дақылдар  мен  арамшөптер  тұқымдарының  санын  қоса  есептегендегі 
қоспалар  мөлшеріне  қарай  тұқымдық  материал дақылға  байланысты  үш, 
немесе  екі  класқа  бөлінеді.  Үлгіқалыптардың  талаптарына  сәйкес 
келмейтін тұқымдар кондициялы емес деп есептеледі және себуге рұқсат 
етілмейді. 
Тұқымның себу сапасын оны сақтауға құйғаннан кейін және себуден 
бір  ай  бұрын  шаруашылықтарда  себуге  дайындалған  тұқым  топтарынан 
МҮҚ  (МСТ)  12036-85  талаптарына  сәйкес  сұрыпталған  орташа  үлгілер 
бойынша  анықтайды.  Орташа  үлгілерді  агроном  немесе  сұрыптауға 
бөлінген өкіл сұрыптап алады. 
Зертханалық  немесе  іссаналық  сабақтарда  студенттер  біріктірілген 
және  орташа  үлгілерді  сұрыптайды,  себудің  сапа  көрсеткіштерін 
анықтаудың  әдістемелерін  меңгереді,  тұқымның  себу  жарамдылығын 
және мөлшерін есептейді, тұқымның себу сапасына құжаттар дайындауды 
үйренеді. Алайда ол үшін әуелі тұқымдық негізгі түсініктермен танысқан 
жөн. 
Тұқым  тобы  –  бір  құжатпен  куәлендірілген  біртекті  тұқым 
сапасының  (бір  дақыл  мен  сорттың,  бір  репродукция  мен  сорт 
тазалығының категориясы, бір жылдағы өнімнің) кез-келген мөлшері. 
Бақылаудың  бір  өлшемі  (бақылау  бірлігі)  —  бір  біріктірілген  үлгі 

 

 
сұрыптап,  тұқым  сапасын  анықтайтын  жекелеген  тұқым  тобының 
немесе оның бөлігінің шекті мөлшері. 
Біріктірілген  үлгі  —  тұқым  тобынан,  немесе  оның  бір  бөлігінен 
(бақылау  бірлігінен)  сұрыптап  алынған  барлық  нүктелік  үлгілер 
жиынтығы. 
Нүктелік  үлгі  —  біріктірілген  үлгіні  құрастыру  үшін  тұқым 
тобынан  немесе  бақылау  бірлігінен  бір  қимылмен  алынған  тұқымның 
шамалы бөлігі. 
Орташа үлгі — себу сапасының нақты көрсеткіштерін анықтау үшін 
сұрыпталған біріктірілген үлгінің бір бөлігі. 
Тұқым  шөкімі  (навескасы)  —  орташа  үлгінің  белгілі  бір  бөлігі. 
Оның  массасы  талдау  түріне  (тұқым  тазалығын  немесе  ылғалдылығын 
анықтау үшін т.б.) байланысты өзгереді. 
МҮҚ  талаптарына  сәйкес  тұқымның  себу  сапасын  белгілі  бір 
шарттарды  қанағаттандыратын  тұқым  тобының,  немесе  оның  бір 
бөлігінен  орташа  үлгіні  сұрыптау  жолымен  анықтайды.  Бүкіл  тұқым 
тобын  (немесе  бақылау  бірлігін)  сипаттайтын  орташа  үлгіні  сұрыптау 
нүктелік  үлгі  алу  және  біріктірілген  үлгі  қалыптастыру  арқылы  жүзеге 
асырылады,  ал  соңынан  біріктірілген  үлгіден  орташа  үлгі  бөлінеді.  Ол 
үшін конус тәрізді, цилиндрлі және қаптардан сұрыптайтын қуыс бұрғы 
қолданылады.  Енді  үйінді  түрінде  және  қаптарда  сақталған  тұқым 
топтарынан орташа үлгі сұрыптаудың әдістемесін қарастырайық. 
Үлгілерді сұрыптаудың әдістемелері (12036-85 МҮҚ)  
А)  Тұқым  үйіндісінен  нүктелік  үлгі  сұрыптаудың  әдістемесі:  үлгі 
тұқым  тобының  немесе  бақылау  бірлігінен  1  және  2  –  суреттерде 
көрсетілген кескінге сәйкес тұқым тобы 250 ц және одан кем болғанда 5 
нүктеден, ал егер 250 ц жоғары болғанда II нүктеден үлгі алынады.  
 
 
 
 
 
1-сурет 

Нүктелік 
үлгілерді 
сұрыптайтын  бұрғылар:  1-  цилиндрлі; 
2-конусты;  3-қаптық;    4-беделік;  5-дән 
үлгісін сұрыптағыш 
 
2-сурет  -  Тұқымның  нүктелік  үлгісін 
сұрыптау  кескіні.        1-тұқым  тобы 
бақылау  бірлігінен  артық  емес;  2-
тұқым  тобы  бақылау  бірлігінен 
артық;  3-  тұқым  тобында  30  қапқа 
дейін 
 

 

 
 
Суреттерде  көрсетілген  әрбір  орыннан  үш  нүктелік  үлгі  алынады: 
жоғарғы  қабатынан  (бетінен  10-20  см  тереңдікте),  ортасынан  және 
еденге  таяу  жерден.  Егер  тұқым  үйіндісінің  массасы  1-кестеде 
келтірілген  өлшемнен  артық  болса,  онда  шартты  түрде  бақылау 
бірліктеріне бөледі де олардың әрқайсысынан нүктелік үлгі сұрыпталады. 
Б) Қаптардағы тұқымнан нүктелік үлгі сұрыптаудың әдістемесі: 
әр  қаптан  бір  нүктелік  үлгі  алынады.  Сұрыптаудың  орны  өзгертіліп 
отырады:  қаптың  аузынан,  ортасынан  және  түбінен  кезектестіріп 
алынады. Нүктелік үлгі алынатын қаптардың саны 2-кестеде келтірілген. 
 
1- кесте – Бақылау бірлігі мен орташа үлгінің массасы 
Дақыл 
Бақылау бірлігіндегі тұқым 
массасы, центнерден артық 
емес 
Орташа үлгінің 
массасы, г 
Бидай,   арпа,   сұлы,   қара бидай,   
асбұршақ,    май бұршақ 
600 
1000 
Жүгері 
400 
1000 
Қарақұмық 
200 
500 
Жоңышқа 
100 
250 
Еркекшөп 
100 
50 
Тары 
100 
500 
 
2 - кесте – Ауылшаруашылық дақылдары тұқымының қаптарда сақтағанда  
нүктелік үлгіні сұрыптау тәсілі 
(көкөніс дақылдары мен жүгеріден басқалары) 
Тұқым тобындағы (бақылау бірлігіндегі) 
қап саны, дана 
Үлгіні сұрыптауға бөлінген қап саны, дана 
5-ке дейін 
Барлығынан 
6-30 
әрбір 3-қап, алайда 5-ден кем емес 
31-400 
әрбір 5-қап, алайда 10-нан кем емес 
401 және одан жоғары 
әрбір 7-қап, алайда 80-нен кем емес 
 
Орташа  үлгіні  құрастыру:  біріктірілген  үлгіден  үш  орташа  үлгі 
алынады – біріншісі тұқым тазалығын, өнгіштігін, тіршілікке қабілеттігін, 
дәлдігін,  1000  тұқымның  массасын  анықтауға  пайдаланылады,  екіншісі 
бойынша  тұқым  ылғалдылығы  мен  қамба  зиянкестерімен  залалдануын 
анықтайды;  үшіншісінен  аурулармен  залалдануын  анықтайды  (ылғалды 
камералар мен қоректік орталарда). 
Орташа  үлгіні  біріктірілген  үлгіден  квадрат  тәсілімен  бөледі              
(3-сурет).  Ол  үшін  біріктірілген  үлгіні  тегіс  бетті  алаңға  төгеді  де 
тыңғылықты  түрде  араластырады,  тұқымды  жинақтап  квадрат  түріне 
келтіреді және қалыңдығы ұсақ тұқымдар үшін 1,5 см, ал ірі тұқымдарда 
5  см-ден  асырылмайды.  Соңынан  квадрат  диагоналымен  4  бөлікке 
(үшбұрышқа) бөлінеді. Қарама-қарсы екі үшбұрышты біріктіріп 1-үлгіні 
құрастырады. 
Бірінші орташа үлгіні дайындау үшін бөлінген тұқымды қайтадан 4 

 

 
үшбұрышқа  бөліп,  қарама-қарсы  үшбұрыштарды  біріктіреді,  қалған 
екеуін  шығарып  тастайды.  Осы  тәсілмен  қажетті  мөлшердегі  орташа 
үлгіні сұрыптап алғанша қайталай береді. 
 
 
                     3-сурет - Квадраттау тәсілі 
 
Екінші  және  үшінші  орташа  үлгілерді  жоғарыда  келтірілген 
тәсілмен  біріктірілген  үлгіні  алғашқы  бөлгеннен  қалған  тұқымнан 
қалыптастырады. 
Бірінші  орташа  үлгіні  1-кестеде  келтірілген  массасымен  матадан 
жасалған қапшыққа салады, ішіне бір этикетка салынады да қапшықтың 
аузы шпагатпен байланады. Соңғысының екі ұшы қапшықтың сыртына 
келтіріліп, төмендегі мына мазмұндағы этикетка жапсырылады. 
Екінші орташа  үлгіні  таза шыны  сауытқа  (көптеген дақылдар үшін 
500  мл  көлемінде)  салады  да  парафин  немесе  сургучпен  ауызын 
пешеттейді. Этикетка жапсырады. Үлгіні пленкалы қапшыққа да салуға 
болады, онда да этикетка жапсырады. 
 
20 ___ жылғы мамырдың «___» жұлдызында №   ______акті бойынша  
                        сұрыпталған орташа тұқым үлгісіне   
Э Т И К Е Т К А  
 
1.  Шаруашылықтың атауы ....................  
2.  Дақыл .................................................  
3. Сорты..................................................  
4. Репродукциясы.................................. 
5. Өнім жылы ..........................................  
6.  Тұқым тобының №  .............................  
7. Тұқым тобының массасы,ц  ..............  
8.  Бақылау бірлігі, №  ............................  
9.  Қандай талдауға арналған _______________ 
 
Үлгіні сұрыптаушы өкіл  ____________  
Комиссия мүшелері _______________________ 
                                                               _______________________  
 
Үшінші орташа үлгіні (массасы 200 г) қағаз пакетке, немесе матадан 

 

 
жасалған қапшыққа салады да этикетка жапсырады. 
Тұқым тобынан тұқымның егістік сапа көрсеткіштерін анықтау үшін 
үлгілердің жалпы сұрыптау кескіні 4-суретте келтірілген.  
Орташа  үлгіні  құжаттау  және  сақтау.  Үлгіге  МҮҚ  12036-85 
талаптарына 
сәйкес 
жасалған 
сұрыптау 
актісі 
толтырылады 
(қосымшаның  1-кестесі).  Актіде  тұқымның  шығу  тегі,  сорттық 
сипаттамасы,  егін  жинағаннан  кейінгі  тұқымды  өңдеу  шаралары 
көрсетіледі.  Қажеттігіне  қарай  жекелеген  тұқым  топтарын  сақтау 
шараларын  жақсартуға  бағытталған  ұсыныстар  да  жазылады.  Орташа 
үлгінің  сұрыптау  актісі  екі  данамен  толтырылады:  бір  данасы 
шаруашылықта  (мекемеде)  қалдырылады,  ал  екінші  данасы  орташа 
үлгілермен  бірге  Мемлекеттік  тұқым  сапасына  сараптама  жасау 
зертханаларына жөнелтіледі. 
Барлық  дақылдардың  орташа  тұқым  үлгілері  сұрыптау  актілерімен 
бірге  екі  тәуліктің  ішінде  тұқым  сапасына  сараптама  жасау 
зертханаларына  жеткізіледі.  Орташа  үлгілерді  сұрыптағанда  және 
оларды  құжаттағанда  қателіктер  жіберілсе,  жоғарыда  аталған 
мемлекеттік тұқым зертханалары оларды шаруашылыққа қабылдамаған 
себептерін көрсетіп қайтарып жібереді. 
4-сурет – Тұқым тобынан тұқымның егістік сапа көрсеткіштерін анықтау үшін 
 

 
10 
 
үлгілердің жалпы сұрыптау кескіні 
 
Үлгілерді сұрыптағандағы жұмыс тәртібі: 
жоғарыда  келтірілген  әдістемеге  сәйкес,  қаптарда  сақтаулы 
тұқым тобынан нүктелік үлгілерді сұрыптау керек: 
-  біріктірілген үлгі құрастырылады; 
-  біріктірілген үлгіден орташа үлгілер бөлінеді; 
орташа үлгілерді арнаулы ыдыстарға (қапшықтарға, пакеттерге, ауа 
кірмейтін  сауыттарға)  салады,  этикетка  жапсырады,  ауыздарын байлап, 
немесе тығындап пломбылайды; 
-  үлгілерге сұрыптау актісі толтырылады. 
 
ТҰҚЫМНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН АНЫҚТАУ (МҮҚ 12037-81) 
 
Тұқымның тазалығы – себу сапасының маңызды көрсеткіші. Өлі деп 
аталатын қоспалар (сабан, топырақ түйіршіктері, тастар т.б.) тұқымдық 
материалда  ең  алдымен  артық  салмақ  (балласт)  болып  табылады  және 
қарастырылып  отырған  түрдің  пайыз  мөлшерін  азайтып,  оның 
сақталуын  қиындатады,  ал  тірі  қоспалар  –  тіршілікке  қабілетті 
арамшөптер  мен  басқа  мәдени  өсімдіктердің  тұқымдары  –  себілгенде 
танаптардың  ластануына  әкеліп  соғады  және  соның  нәтижесінде  егін 
өнімінің мөлшері мен сапасын төмендетеді. Осы жағдай агрономдардың 
тұқым тазалығына мұқият қарауын талап етеді. 
Тұқым  тазалығы  –  қапшықтағы  бірінші  орташа  үлгіден  бөлінген 
белгілі бір шөкімдегі (жүгері, асбұршақ, ноқат, атбас бұршақ т.б. — 200 
г;  егістік  ноғатық,  күнбағыс,  майбұршақ,  қарбыз,  т.б.  —  100  г;  бидай, 
арпа,  сұлы,  қара  бидай,  күріш,  қара  құмық,  сиыржоңышқа  т.б.  –  50  г; 
тары, судан шөбі, эспарцет, қызылша т.б. – 20, зығыр, сераделла т.б. – 10 
г. қыша, рапс, тарна, қылтықсыз арпабас, итқонақ, қонақтары – 5 г, сәбіз, 
жоңышқа, түйежоңышқа, еркекшөп т.б. – 1 г) негізгі дақыл тұқымының 
пайыз мөлшері. 
Шөкімді бөліп алар алдында орташа үлгі тегіс жазық бетке төгіледі 
де  тыңғылықты  түрде  қаралады.  Егер  бүкіл  массасына  біркелкі 
таратылмайтын ірі қоспалар (тастар, топырақ кесегі, өсімдік сабағы т.б.) 
кездессе, онда оларды жеке теріп алып, таразыларда өлшейді де барлық 
орташа үлгі массасына есептеп % мөлшерін анықтайды. Ірі қоспалардың 
бұл  пайызын  шөкімді  талдағанда  табылатын  қоспалардың  орташа 
пайызына қосады. 
Шөкім  екі  әдіспен  –  арнаулы  механикалық  бөлгіштерде  5-сурет 
және  қолмен  алу  жолымен-құрастырылады.  Арнаулы  бөлгіш  болмаған 
жағдайда екінші әдіс қолданылады. Оның мәні мынада: тегіс жазық бетке 
төгілген  орташа  үлгі  жақсылап  араластырылады  да  қалыңдығы  1  см 
аспайтын  етіп  төртбұрыш  түрінде  тегістеледі  және  қос  қалақшаның 
көмегімен әрқайсысы 16 орыннан «шахмат» тәртібімен шым-шымдап 2 рет 
тұқым 
алынады. 
Оларды 
жеке-жеке 
біріктіріп, 
екі 
шөкім 

 
11 
 
қалыптастырады. Шөкімдерді негізгі дақылдың тұқымына және қоспаға 
ажыратады.  
Негізгі  дақыл  тұқымдарына  мыналар  жатады:  түсіне  қарамай 
қалыпты  дамыған  бүтін  тұқымдар  жеткілікті  толықпаған,  қалыпты 
мөлшерінің үштен бір бөлігі семген тұқымдар; ұрылған және астық қоры 
зиянкестерімен  жарақаттанған  (егер  тұқымның  жартысынан  сақталған 
болса  және  ұрығының  бар-жоғына  қарамай)  тұқымдар;  мұрт  жарған 
тұқымдар,  басқаша  айтқанда,  тамыршасы  немесе  тамыршасы  мен  өскіні 
қабығын  жарып  шыққан,  бірақ  оның  сыртына  шығып  үлгермеген 
тұқымдар ж.б. 
Талданып  отырған  дақылдағы  қоспаларға  (қоқыстарға)  және 
бөгде  (бөтен)  қоспаларға  (басқа  мәдени  өсімдіктердің  тұқымдары, 
арамшөп  тұқымдары,  қаракүйе  қапшықтары,  қара  күйе  слероцкийлері, 
қастауыштар,  топырақ  кесектері,  тірі  және  өлі  зиянкестер,  тас 
қиыршықтары  ж.б.  сонымен  бірге  және  негізгі  дақылдың  ақаулы 
тұқымдары,  елеуіш  саңылауларынан  өткен  ұсақ  және  семген  тұқымдар 
(жаншылған, шіріген, жартысы және одан үлкен бөлігі уатылғандар т.б.). 
Ұсақ тұқымды дақылдарда (шөкімі 5 г-нан аспайтын) шөкімді бірден 
талдап  негізгі  дақылдың  тұқымдарына  және  қоспаларға  ажыратады,  ал 
көптеген  екпе  дақылдардың  тұқым  шөкімін  талдау  алдында  әуелі  ұсақ 
және семген тұқымдарды елеуіштерді (бидай, арпа, күріш үшін саңылауы 
2,0x20 қара бидай, сұлыны – 1,5x20; жүгеріні – 2,5x20; қызылшаны 4x20; 
3x20; 5x20 елеуіштер жиынтығымен, бұршақ тұқымдас шөптерді – 0,5 мм 
ж.б.)  пайдаланып  РКФ-1  классификаторында  немесе  3  минут  бойы 
қолмен  елейді.  Соңынан  шөкімді  талдайды.  Елеуіштен  шыққан  және 
елеуіште қалған қоспаларды біріктіреді. 
 
 
5-сурет - Классификаторлар: 
1-Пневматикалық КСП -1; 2-елеуішті РКФ-1 
 
Негізгі  дақылдың  тұқым  мөлшерін  шөкімнен  қоспаларды  шегеріп, 
тастап,  шөкім  массасына  пайызбен  есептейді.  Бір  ескере  кететін  жәйт, 
тұқымды  талдауға  кірісерде  анықталған  ірі  қоспалардың  %  мөлшерін 

 
12 
 
бірге  есептеуді  ұмытпау  керек.  Қоспалардан  мәдени  өсімдіктер  мен 
арамшөптердің  қоспасын  әрбір  шөкім  үшін  жеке-жеке  есептеп, 
нәтижелерін жұмыс бланкісіне жазады (қосымшаның 2-кестесі). 
Екі  шөкім  арасындағы  айырмашылық  мемлекеттік  үлгіқалыппен 
қарастырылған  шамадан  аспаса,  тұқымдық  талдау  дұрыс  деп  есептеледі 
(МҮҚ 12037-81, 3-кесте). 
Егер  айырмашылық  шекті  шамадан  асқан  жағдайда,  жоғарыда 
келтірілген  тәсілмен  тегіс  жазық  бетте  қалған  орташа  үлгідегі  тұқым 
массасынан  үшінші  шөкім  алынады  да  талдау  мен  есептеу  қайтадан 
жүргізіледі.  Тұқым  тазалығын  алғашқы  шөкімнің  бірі  және  үшінші 
шөкім  нәтижелерінің  орташа  арифметикалық  көрсеткіші  бойынша 
анықтайды.  Ал  егер  үшінші  және  бірінші  шөкімдер  арасындағы 
айырмашылық  шекті  ауытқудан  асып  кетсе,  онда  тұқым  тазалығы 
барлық үш шөкімнің орташа арифметикалық шамасымен белгіленеді. 
Тазалығын  анықтағаннан  кейін  негізгі  дақылдың  тұқымдарын  қағаз 
пакеттерге,  әрбір  шөкімді  жеке-жеке  салып,  себу  сапасының  басқа 
көрсеткіштерін  (1000  тұқымның  массасын,  өну  энергиясы  мен 
зертханалық өнгіштігін, тұқымның тіршілікке қабілеттілігін т.б.) анықтау 
үшін сақтап қояды. 
3-кесте –   Екі шөкім талдауы нәтижесінің орташа  
арифметикалық көрсеткіштерінен ауытқу шегі, % 
 
Екі шөкім тұқымның 
талдауының нәтижесінде 
есептелінген тазалықтың 
орташа арифметикалық 
көрсеткіші 
Екі шөкім тұқымның 
талдауының нәтижесінде 
есептелінген қалдықтың 
(немесе қоспаның) орташа 
арифметикалық 
көрсеткіштері 
Екі шөкім 
тұқымның 
талдауының 
нәтижесіндегі 
ауытқу шегі 



99,50-100 
0-0,50 
0,2 
99,00-99,49 
0,51-1,00 
0,4 
98,00-98,99 
1,01-2,00 
0,6 
97,00-97,99 
2,01-3,00 
0,8 
96,00-96,99 
3,01-4,00 
1,0 
95,00-95,99 
4,01-5,00 
1,2 
94,00-94,99 
5,01-6,00 
1,4 
93,00-93,99 
6,01-7,00 
1,6 
92,00-92,99 
7,01-8,00 
1,8 
91,00-91,99 
8,01-9,00 
2,0 
90,00-90,99 
9,01-10,00 
2,2 
85,00-89,99 
10,01-15,00 
3,0 
75,00-84,99 
15,01-25,00 
3,8 
65,00-74,99 
25,01-35,00 
4,6 
55,00-64,99 
35,01-45,00 
5,4 
45,00-54,99 
 
6,2 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет