Практикумы қ айта өңделіп, толықтырылып үшінші шығарылуы


Топырақтың  құналылығын  оңтайландыру



Pdf көрінісі
бет8/28
Дата17.04.2020
өлшемі15,54 Mb.
#62881
түріПрактикум
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
osimdik sharuash l g praktikum (2)


Топырақтың  құналылығын  оңтайландыру.  Ғылыми-зерттеу 
мекемелердің 
зерттеулері 
және 
географиялық 
жүйесінің 
тыңайтқыштармен  жүргізілген  стационарлық  тәжірибелер  арқылы 
агрохимиялық  және  агрофизикалық  көрсеткіштер  бойынша  оның 
жоспарланған 
(бағдарламаланған) 
жоғары 
өніміне 
топырақтың 
кұнарлығын  оңтайландыруы  мүмкін  болды.  Топырақ  құнарлығын 
көрсеткіштері  оңтайлы  деп  санауға  болады  осындай  жағдайда  егер  олар 
ауыспалы  егістің  барлық  дақылдарының  жоғары  бағдарламаланған 
өнімін  және  өнім  сапасын  қалыптасуын  қамтамасыз  етсе  (В.Г.Минеев, 
1950). 
Топырақ  құнарлығының  оңтайлы  параметрлері  ауыспалы  егістің 
барлық  дақылдарының  биологиядық  талаптарына  сәйкес  болуы  керек 
және  олардың  потенциалды  өнім  алуын  іске  асыруына  мүмкіндік 
туғызу. 
Топырақтың  мынадай  агрофизикалық  қасиеттері  ескеріледі: 
жыртылатын  қабаты,  см;  тығыздығы,  г/см
3
;  жалпы  уақ  тесіктігі,  %, 
массасының  ылғалдылығы,  %,  суға  төзімді  агрегаттар  0,25  мм,  %  және 
топырақтың  төмендегідей  агрохимиялық,  физико-химиялық  қасиеттері: 
гумус,  %  және  т/га:  азот,  %  және  т/га;  жылжымалы  фосфор,  мг/100  г 
топыраққа, алмасу калий, мг/100 г топыраққа. 
Топырақ  құнарлығының  оңтайлы  параметрлерінің  негізгі 
көрсеткіштері  агротехникалық  және  агрохимикалық  тәсілдер  қолдану 
арқылы жасалады. 

 
69 
 
Топырақты  жалпы  құнарландырудың  маңызды  сипаттамасының 
бірі  жылжымалы  фосфордың  құрамы  болып  табылады.  Оның 
нәтижесінде өсіріп отырған дақылдың жоғары өнім деңгейі калыптасады 
және қосымша енгізілген фосфор тыңайтқыштарының тиімді әсері жоқ. 
Сонымен нақты топырақ-климат жағдайында маңызды және фосфор мен 
қоректену  деңгейіне  жоғары  талап  ететін  ауыспалы  егіс  дақылдарына 
бейімделу керек. 
Топырақтағы  фосфор  (Р
2
0
5
)  құрамы  оңтайлы  деп  саналады  егер 
максималды  өнім  деңгейінен  90-95%  алынуы  мүмкін,  ал  жетіспейтін  5-
10%  (тәжірибенің  шындық  шекарасында)  фосфор  тыңайтқыштарымен 
толықтырылады,  олардың  өніммен  шығарылатын  қоректік  затпен  орны 
толықтырылады.  33-кестеде  қоңыр  және  карбонатты  қара  топырақтағы 
жылжымалы  фосфордың  оңтайлы  көрсеткіштері  келтірілген  және 
топырақтағы  жылжымалы  фосфордын  1  мг/100  г,  арттыруына  фосфор 
тыңайтқыштарының шығындалуы, кг/га. 
 
33-кесте – Жылжымалы фосфордың оңтайлы құрамы (Минеев В.Г., 
1990) 
Топырақ және 
анықтау әдестемесі 
Р
2
О
5-
дың оңталы 
құрамының төменгі 
шекарасы, мг/100г 
Топырақтағы жылжымалы 
фосфордың 1 мг/100 г 
фосфор 
тыңайтқыштарының 
шығындалуы, кг/га 
Карбонатты қара 
және қоңыр 
топырақ (Мачигин 
бойынша) 
3,1-4,5 
90-170 
Сұр топырақ
 
(Мачигин бойынша)
 
3,1-4,5 
130-400 
Карбонатты емес 
қара топырақ 
(Уприков бойынша) 
10,1-15,0 
50-120 
 
Егер  Солтүстік  Қазақстан  көптеген  қара-қоңыр  топырақтарының 
фосфор  (Р
2
О
5
)  құрамы  орташа  1,0-1,5  мг/100  г,  кәдімгі  қара 
топырақтарда 1,5-2,5 мг/100 г назар аударсақ, онда оңтайлы құрамының 
төменгі шекарасына жету үшін ғана фосфор құрамын минимум 2-3 мг/100 
г топыраққа арттыру қажет, ол үшін 180-500 кг кем емес Р
2
О

енгізу керек 
немесе қос суперфосфатқа айналдырғанда 4-11 ц/га және одан басқа, жыл 
сайын  өніммен  шығарылатын  фосфор  мөлшерін  толықтыру  керек,  оның 
бәрі үлкен қаражат шығынымен және олардың орнын толықтырудың ұзақ 
мерзімімен байланысты, соңдықтан шаруашылықтың нақты жағдайында 
бұл  әдісті  "оңтайландыру"  қолданудың  мақсатқа  лайықтылығының 
экономикалық бағасы қажет. 
 
 

 
70 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1.   Тыңайтқыш мөлшерін есептеудің әдістемесі және негізгі әдістері. 
2.    Баланс  анықтамасын  (кіріс  және  шығыс  бөлігі)  қоректік  заттар 
бойынша жасау тұжырымдамасы. 
3.    Топырақ      құнарлығын    және      өнімділік    деңгейін    ескеріп 
тыңайтқыш мөлшерін есептеу әдістемесі. 
4.  Органикалық            тыңайтқыш              енгізілгенде              минералды                    
тыңайтқыш мөлшерін есептеу әдістемесі. 
5. 
Есептеу            анықтамасын            қолданбағанда            минералдық                     
тыңайтқыш мөлшерін есептеудің маңызы? 
  6.  Топырақ  құнарлығына  байланысты  өнім  мөлшерін  есептеу 
әдістемесі.   
7.  Топырақ 
және 
тыңайтқыш 
қоректік 
затты 
пайдалану 
коэффициенттерін есептеу әдістемесі. 
8.  Көп  жылдық  шөп  егістіктеріне  тыңайтқыш  мөлшерін  есептеу 
ерекшеліктері. 
9.  Топырақтың  қандай  агрофизикалық,  агрохимиялық  қасиеттері 
бойынша  топырақ  құнарлығының  оңтайландыруы  жүргізіледі  (Минеев 
В.Г. бойынша)? 
10.  Р
2
О
5
 
құрамы 
бойынша 
топырақ 
құнарлығының 
оңтайландыруының  маңызы  (Минеев  В.Г.  бойынша)  және  осы  әдістің, 
экономикалық мүмкіншілігі мен мақсатқа лайықтылығы. 
 
ЕКПЕ  ДАҚЫЛДАРДЫҢ  ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ӨСІРУ  
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУДЫҢ  ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Т А П С Ы Р М А 
 
1. 
Ең жоғары мүмкін өнім алуға әсер ететін барлық факторларды 
іске  асыруды  ескеріп  екпе  дақылдардың  операциялық  өсіру 
технологиясын жасаудағы негізгі принциптерді (қағидаларды) меңгеру. 
2. 
Агрохимия,  механизация,  өсімдіктерді  химиялық  қорғау  т.б. 
арналған анықтамалық материалдарды қолдана білуді үйрену. 
3. 
Пәрменді  түрдегі  операциялық  технологияны  жасағанда 
төмендегі негізгі мәселелерді шешу қажет: 
1.    Жұмысты  одан  әрі  жалғастыру  үшін  "қимыл"  орнын  және  
бастапқы материалдарды анықтап алу қажет. 
2.    Есептеу бөлімін орындау керек (ылғалмен қамтамасыз етілуіне 
қарай  НМӨ,  жоспарланған  өнімге  тыңайтқыштар  мөлшерін,  тұқымның 
себу мөлшерін). 
3. Барлық бастапқы деректерді ескеріп нақты шаруашылық, танап 
жағдайында операциялық технология жасау. 
Студент  алғашқы  деректерді  өзінің  шаруашылығынан  алады 

 
71 
 
немесе  нақты  облыс,  аудан  жағдайларына  үлгілейді  (моделдейді)  және 
мыналарды қарастырады: 
1. Ылғалдану жағдайлары (бір жылда және өсіп-жетілу кезеңінде ай-
сайын түсетін көпжылдық орташа ылғал мөлшері, нақты танап бойынша 
топырақтың  1  м  қабатында  себу  алдындағы  немесе  дақылдың  өсіп-
жетілуінің  басындағы  өнімді  ылғал  қоры  және  өсіп-жетілу  кезеңінде 
түсетін күтілген ылғал мөлшері). 
2. Картограммадан  нақты  танап  бойынша  сіңімді  қоректік  заттардың 
мөлшері, ал танап тарихы кітабынан соңғы жылдардағы дақылдар  өнімі 
және енгізілген тыңайтқыштар туралы деректер алынады. 
3. Танаптардың 
арамшөптермен 
ластануы 
картасының 
арамшөптердің  түр  құрамы  және  олардың  шаршы  метрге  данамен 
алынған саны жөніндегі мәліметтер алынады. 
4. Бастапқы деректер негізінде төмендегідей есептеулер жүргізіледі: 
1. Ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай НМӨ, ал суармалы жағдайда 
бағдарланған өнімге негіздеп суармалы мөлшерін. 
2. Ылғалмен  қамтамасыз  етілуіне  қарай  бағдарланған  НМӨ-ге 
картограмма  материалдарына  сүйене  отырып  органикальгқ  және 
минералдық тыңайтқыштардың енгізу мөлшері есептеледі. 
   3. 
Нақты  жағдайларды  ескеріп  егін  жинау  қарсаңындағы 
қолайлы  сабақ  бітіктігінің  мәнін  анықтайды,  тұқымның  далалық 
өнгіштігі  мен  өсімдіктердің  сақталуы  үлгіленеді,  зертханалық 
өнгіштік  және  тұқым  тазалығы  жөніндегі  деректер  алынады  да 
тұқымның себу мөлшері есептеледі. 
Операциялық 
технологияны 
жасағаңда 
төмендегідей 
негізгі 
сұрақтарды есепке алу қажет: 
1. 
Технология  пәрменді  болуға  тиіс  және  дақылды  өсірудің 
барлық негізгі мәселелері қамтылу керек. 
2.  Технологияны  жасағанда  барлық  есептеулер  мен  бастапқы 
материалдарға сүйенген дұрыс және оларды пайдаланған жөн, сонымен 
бірге мынаны белгілейді: 
а. сорт немесе будан; 
б. алғы дақыл және ауыспалы егістегі орны (ауыспалы егіс кескіні); 
в. есептелген тыңайтқыш мөлшерін енгізудің орны, уақыты және әдісі; 
г.  негізгі  және  себу  алдындағы  топырақ  өндеудің  мерзімдері  және 
әдістері; 
д.  арамшөптермен  ластануын  және  олардың  ботаникалық  құрамын 
ескере  отырып  арамшөптерге,  зиянкестер  мен  ауруларға  қарсы  себуге 
дейін және себуден кейінгі күрес шаралары; 
е. дақылдың биологиясы мен топырақ-климат және метеорологиялық 
жағдайларға байланысты себу мерзімдері мен әдістері; 
ж. егістікті күтіп-баптау (мерзімі, әдісі т.б.) 
з. егін жинау.  
 

 
72 
 
Бүкіл  осы  аталған  мәселелерді  шешу  үшін  ұсынылып  отырған 
кескінді  (34-кесте)  пайдалану  керек,  оның  үстіне  ескерте  кететін  жәйт, 
жұмыстарды жүргізу мерзімдерідегі ұзақтық 3-5 тәуліктен аспауға тиіс, 
нақты жағдайда, студенттің (агрономның) көзқарасы бойынша, барынша 
жақсы  құралдар,  ауылшаруашылық  машиналары,  гербицидтер  таңдап 
алынады. 
 
34-кесте – Өсіру технологиясы мен егін жинаудың операциялық  
Т Е Х Н О Л О Г И Я С Ы  
Пункт ................ Алғы дақыл және ................  
ауыспалы егістегі кескіні ........  
Облыс ...............................................................  
Себу алдындағы өнімді ылғал қоры (мм) .......  
Өсіп-жетілу кезеңіңдегі жауын-шашын мөлшері, мм   
Сіңімді қоректік заттар қоры, 100 г/мг: 
азот .............. фосфор .......... калий ..............  
Егістіктегі басым арамшөптер, дана/м
2
 ...........  
Ылғалмен  қамтамасыз  етілуі  бойынша,  немесе  суару  мөлшеріне 
қарай (суармалы жерлер).................................  
 
 
НМӨ-ді есептеу ...............................................  
Егін  жинау  қарсаңындағы  ең  қолайлы  сабақ  жиілігіне  себу 
мөлшерін есептеу..................................................       
Тыңайтқыш мөлшерін есептеу ........................ .......
 
Будан, сорт ....................................................  
 
Тексеру сұрақтары 
 
1.  Екпе  дақылдардың  өсіру  технологиясы  туралы  түсінік. 
Өнеркәсіп  және  қарқынды  технологиялар  түсініктеріне  анықтама 
беріңіз. 
2.  Қарқынды 
технологияның 
негізгі 
элементтері. 
Өнімді 
бағдарламалау  ұстанымдары  мен  қарқынды  технология  элементтерінің 
арасындағы байланыс. 
3.  Мал  азықтық  ауыспалы  егістің  типтері  мен  түрлері.  Солтүстік 
Қазақстанда  негізгі  топырақ-климат  аймақтарында  мал  азықтық 
ауыспалы егістің үлгі тәсілі. 
4.  Мал  азықтық  ауыспалы  егіс  жүйесіне  қойылатын  негізгі 
талаптар. 
Операция 
 
 
Агротехникалық талаптар 
Ауылшаруашылық 
құралдар, машиналар 
 
 
операцияны 
жүргізу мерзімі 
сапа көрсеткіштері 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
73 
 
5.  Мал азықтық ауыспалы егістің өнімділігін бағалау әдістемесі. 
 
Тарау бойынша анықтамалық жадығаттар  
және әдебиеттер 
1  Алпатьев  А.М.  Биоклиматический  метод  обоснования  водного 
баланса  растений  и  использование  его  в  земледелии.  В  сб.  Водный 
режим растений в  засушливых  районах  СССР.  -М.:  Изд.  АН  СССР, 
1961. 
2  Афендулов К.П., Лантухова А.И. Удобрения под планируемый урожай. 
-М.: Колос, 1978. 
3  Каюмов  М.К.  Программирование  урожаев  сельскохозяйственных 
культур. -М: Агропромиздат, 1989. 
4  Каюмов М.К. Справочник по программированию урожаев. -М.:1989. 
5  Можаев 
А.Н.  Состояние  и  резервы  кормопроизводства  в 
Целиноградском районе / Труды, ЦСХИ, 1990. 
6  Можаев 
А.Н.  Опыт  интенсификации  кормопроизводства  на 
орошаемых землях/ Тр./ЦСХИ, 1986. 
7  Можаев  А.Н.  и  др.  Зеленый  конвейер  в  совхозе  им.  М.  Маметовой 
Целиноградского 
района. 
Интенсивные 
технологии 
в 
кормопроизводстве в Северном Казахстане. -Акмола, 1994. 
8  Можаев  Н.И.,  Аринов  К.К.,  Щепетков  Н.Г.,  Карипов  Р.Х.  Фонд 
комплексных 
заданий 
по 
специальности 
4501-Агрономия. 
(Методическое пособие). Под общей редакцией Можаева Н.И.  
     -Акмола, 1996. 
9  Можаев Н.И. Площадь питания многолетних трав// Сибирский вестник 
с.-х. науки, 1977, № 5. 
10 Можаев  Н.И.  Расход  влаги  многолетними  травами  в  зависимости  от 
агротехники//Корма, 1979, №2. 
11 Можаев  Н.И.  Создание  посевов  оптимальной  структуры  при 
программировании  урожаев.  В  кн.:  Природопользование  Северного 
Казахстана. -Алма-Ата: Кайнар, 1983. 
12 Можаев  Н.И.  Формирование  оптимального  агрофитоценоза  для 
получения  запрограммированных  урожаев  люцерны  /Тр.  ЦСХИ,  т.  52, 
1983. 
13 Можаев  Н.И.  Программирование  урожаев  культур  и  основные  пути 
внедрения  его  элементов  в  производственную  практику./Тр.  ЦСХИ, 
т.65, 1985. 
14 Можаев 
Н.И. 
Основы 
программирования 
урожаев. 
Кормо-
производство. -Алма-Ата, 1986. 
15 Можаев  Н.И.  Методические  указания  к  семинарским  занятиям  по 
полевому  кормопроизводству  по  теме:  «Разработать  интенсивные 
технология выращивания кормовых культур».-Целиноград,1985, 1996. 
16 Минеев В.Г. Агрохимия. М.: Изд-во МГУ, 1990. 
17 Научные  основы  программирования  урожаев  с.-х.  культур.  Под  ред. 

 
74 
 
Шатилова И.С. -М.: Колос, 1978. 
18 Ничипорович А.А. и др. Фотосинтетическая деятельность растений в 
посевах. -М., 1981. 
19  Труды ЦСХИ, т.65, 1985; т.72,1986; т. 24,1979; т.18, 1978; т.52, 1983. 
20. Ягодин Б.А., Смирнов П.М., Петербургский А.В. и др. Агрохимия.     
Под ред. Б.А. Ягодина. -М.: Агропромиздат, 1989. 
 
ІІІ -ТАРАУ.  ДӘНДІ АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ 
 
Екпе  дақылда  барынша  іс  саналық  маңызы  бар  өсімдіктер 
қоңырбастар  немесе  астық  тұқымдастарға  (Роасеае)  жататын  дәнді 
дақылдар тобы. Олардың құрамына сегіз ботаникалық туыстықтар кіреді 
және көпшілігі бірнеше түрлерді біріктіреді. Мысалы, бидай туыстығында 
– 27, сұлыда – 16, шай жүгеріде – 30-дан артық түр бар. 
Түрдің ішінде айтарлықтай ұсақ жүйелі бірліктер – түршелер, ал олар 
-  сорттарға  біріктіріледі,  соңғылары  ұқсас  морфологиялық  белгілері  және 
шаруашылық-биологиялық  қасиеттерімен  ерекшеленетін  өсімдіктер 
тобы. 
Дәнді  (астық)  дақылдарын  туыстық  айырмашылықтарына  қарай 
астық  дақылдарының  бірінші  тобына  –  бидай,  қара  бидай,  арпа,  сұлы 
және екінші тобына – жүгері, тары, шай жүгері және күріш бөледі. 
Астық  дақылдары  өзінің  құрылысы  мен  дамуында  көп 
ұқсастықтармен ерекшеленеді (35-кесте).   
 
35-кесте – Астықтың бірінші және екінші топтарының 
туыстық айырмашылықтары 
 
Белгілері 
Астықтың I тобы 
Астықтың II тобы 
Дәнінде ойығы мен 
айдарының барлығы 
Іш жағында анық көрінген ұзынша 
ойығы,  ал  төбесінде  айдары  бар 
(арпадан басқаларында) 
Ойығы болмайды, 
айдары жоқ 
Дәннің өсу кезіндегі 
ұрықтық тамыршалар саны 
3-тен 8-ге дейін 

Масақшадағы жоғарғы 
және төменгі гүлдердің 
салыстырмалы дамуы 
Төменгі гүлдер басым дамыған 
Жоғарғы гүлдер 
басым дамыған 
Жылуға қажетсінуі 
Жоғары емес 
Жоғары 
Ылғалға қажетсінуі 
Жоғары 
Шамалы, күріштен 
 
басқалары 
Күннің ұзақтығына 
қатынасы 
Ұзақ күннің өсімдіктері 
Қысқа күннің 
өсімдіктері 
Жаздық және күздік 
формаларының барлығы 
Жаздық және күздік 
Тек қана жаздық 
Алғашқы кезеңдердегі 
даму шапшандығы 
Шапшаң 
Баяу 
 

 
75 
 
ТАПСЫРМА 
 
1.  Дәнді  дақылдар  өсімдіктерінің  құрылысындағы  ерекшеліктерді 
оқып-үйрену. 
2.  Дәннің анатомиялық құрылысын оқып-үйрену. 
3.  Астық 
дақылдарының  бірінші  және  екінші  топтарының    
морфологиялық және биологиялық айырмашылықтарын оқып-үйрену.     
4.  Дәнді      дақылдарды      өскіндері,      егін      көгі,      тілшелер      мен  
құлақшалар, гүл шоғырлары мен дәндері бойынша оқып-білу. 
5.  Дәнді          дақылдардың          органогенез          және          өсіп-жетілу 
кезеңдерін оқып-үйрену. 
 
ӨСІМДІКТЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Дәнді  дақылдардың  тамыр  жүйесі  –  шашақты.  Тамыр  жүйесінің 
құрылысы мен оның даму сипаты өсімдік түрі мен сортына байланысты 
өзгереді.  Тамыр  жүйесінің  дамуы  ұрықтық  (алғашқы)  тамыршалардың 
пайда болуынан басталады (олардың саны бидайда – 3-5, қара бидайда – 4, 
арпада – 5-8, сұлыда – 3, тары тәрізді астықтарда – 1). Соңынан түптену 
буынынан  қосалқы  (буын)  тамырлары  түзіледі,  олар  топыраққа  тез 
бойлайды  (ылғалды  және  борпылдақ  топырақта).  Олар  егін  көгі 
шықаннан  кейін  сұлыда  2-3  тәулікте  (1-2  жапырақ  кезеңі),  бидай  мен 
арпада – 12-14 тәуліктен кейін (3-4 жапырақ кезеңі), қара бидайда – 7-9, 
жүгеріде – 3-4, тарыда – 5-6 тәулікте (3-4 жапырақ кезеңі) пайда болады.  
Кәдімгі  астықтың  ұрықтық  тамырлары  бүкіл  өсіп-жетілу  кезеңінде 
өсімдіктердің  қоректенуіне  қатысады.  Буын  тамырлардан  бұрын  түзіліп, 
оларды ұзындығы бойынша басып озады да өсіп-жетілу кезеңінің соңына 
қарай  150  см  және  одан  да  ұзын  шамаға  жетеді.  Алайда  жоғары  өнімді 
буын  тамырлары  жақсы  дамығанда  ғана  алуға  болады.  Қуаңшылықты 
жылдары, әдетте, буын (екінші, қосалқы) тамырлар түзілмейді, ал бидай 
мен арпаның астық өнімі ұрықтық тамырлар есебінен қалыптасады және 
5-8 ц/га мөлшермен шектеледі. 
Әртүрлі  дәнді  астық  дақылдары  түрлерінің  тамыр  жүйесі  топырақ 
ылғалы  мен  ондағы  қоректік  заттарды  пайдалануында  өзінің  қуаты  және 
қабілеттілігімен  ерекшеленеді.  Мәселен,  күздік  астық  дақылдарында 
күздік  қара  бидай  күздік  бидай  және  күздік  арпамен  салыстырғанда 
қуаттырақ  тамыр  жүйесін  қалыптастырады.  Жаздықтарда  сұлыда  арпаға 
қарағанда қуатты тамыр жүйесі дамиды ( 10,11- суреттер). 
Сабағы  —  сабан,  сабақтар  буындарымен  шектелген  5-8  буын 
аралығынан тұрады. Буын аралығының саны жапырақтар санына сәйкес 
келеді.  Сабаны  қуыс,  жүгері  мен  шай  жүгері  де  ғана  паренхимамен 
толтырылған.  Сабақтың  орта  бөлігі  барынша  жуан,  ал  жоғары  бөлігі 
жіңішке  келеді.  Буын  аралықтарының  негізінде  меристемалық 
ұлпасымен  (тканімен)  өсу  аймағы  (интеркалерлы  өсу  аймағы) 
орналасқан (12-сурет). 

 
76 
 
 
 
10-сурет – Сұлының (1), жаздық арпаның (2) және күздік бидайдың  
тамыр жүйесі (Rutz, 2006) 
 
 
 
11-сурет – Ұрықтық және түйін тамырлары (Rutz, 2006) 
 
 
 
 
 
 
Түйін немесе екіншілік 
(қосалқы) тамырлар 
Ұрық тамыршаларының 
әртүрлі түзілу кезеңдері 
 
Ұрықтық немесе 
біріншілік тамырлар 
12-сурет – Дәнді астық дақылдары сабағының құрылыс кескіні. 
А – сабақ кесіндісі (сыртқы түрі мен көлденең қимасы); Б – құлақша мен лигула; 
В – сабақтың жалпы түр кескіні 

 
77 
 
Жапырақтары  дәнді  дақылдардың  көпшілігінде  2  түрде  –  ұрықтық 
(3-4) және сабақтық болады. Сабақтық жапырақтар жапырақ  қынабынан 
және  жапырақ  тақтасынан  тұрады.  Жапырақ  қынабының  тақтаға  ауысар 
орнында  тілше  (ligulа)  деп  аталатын  жұқа  түссіз  қабық  болады.  Тілше 
сабаққа  тығыз  жабысқан  және  жапырақ  қынабының  ішіне  судың  өтуін 
бөгейді.  Жапырақ  қынабының  негізінде  (басында)  ұзынша  құлақшалар 
немесе мүйізшелер (аuriculaе) түзіледі, олар сабақты орай өседі. 
Гүл  шоғыры  –  масақ  (бидай,  қара  бидай,  арпа)  сіпсебас  немесе 
шашақ  (сұлы,  шай  жүгері,  тары,  күріш),  жүгеріде  –  шашақ  және  собық 
(13-14-суреттер). 
13-сурет  –  Масақты  астық  дақылдарының  гүл  шоғырлары:  1-қылтықты 
жұмсақ  бидай;  2-қылтықсыз  жұмсақ  бидай;  3-қатты  бидай;  4-қара  бидай;  5-
көпқатарлы арпа;    6-қосқатарлы арпа
  
 
Масақ  мүшелі  біліктен  және  масақшалардан  тұрады.  Білік  өзара 
әртүрлі  күйде  орналасқан  мүшеліктерден  тұрады,  олар  түзу  немесе 
иілген,  жалаңаш  немесе  түкті  (қара  бидайда)  болуы  мүмкін.  Әдетте, 
мүшеліктер  қысыңқы  келеді  де  екі  кең  жақтары  мен  екі  қабырғасы 
болады.  Біліктің  кең  жағын  бет  жағы,  ал  қыр  жағын  бүйір  жағы  деп 
атайды.  Білік  бойынша  масақтың  бет  және  бүйір  жақтарын  жеңіл 
ажыратады. 
 
 

 
78 
 
 
14-сурет – Жүгері   мен  шашақты  астық  дакылдарының  гүл   шоғырлары: 
1-жүгерінің собығы; 2-жүгерінің шашағы; 3-тарының шашағы; 4-күріштің шашағы;     
5-сұлының шашағы 
 
Әрбір  мүшеліктің  төбесі  жуаңданып  бітеді  де  тұғыр  (кемер)  деп 
аталады,  онда  масақшалар  орналасады.  Әдетте  бидай  мен  қара  бидайда 
біліктің  әрбір    мүшелігінде    бір-бір  масақша    бекиді,      ал  арпада    үш 
масақша орналасқан. Әрбір  масақша (15-сурет) екі жағынан қапталдасып 
орналасқан  екі  масақша  қауызынан  (қабығынан)  тұрады.  Масақша 
қабықшалары  әртүрлі  деңгейде  дамыған,  кейбіреулеріңде  (арпада)  масақ 
сыртында орналасқан екі жіңішке қабықшаға айналады.  
15-сурет – Бидайдың масақшасы: І-масақша; ІІ-масақша құрылысының кескіні;
 
ІІІ-аналық пен лодикуле; 
1-масақша қауыздары; 2-сыртқы гүл қауызы; 3-ішкі гүл қауызы;  4-аталықтар; 5-
аналық ауызы; 6-жатын; 7-лодикуле; 8-гүл сабағы 
 
Сіпсебас,  немесе  шашақ  буындары  мен  буынаралықтары  бар 
орталық  біліктен  тұрады,  одан  бірініші,  екінші  және  одан  кейінгі 
дәрежедегі  бүйір  бұтақтары  өсіп  шығады.  Бұтақтардың  ұшар  басында 

 
79 
 
масақшалар  орналасқан.  Масақша  екі  масақша  қабықшасы  мен  бір 
немесе бірнеше гүлден тұрады. 
Масақша қабықшасы бидайда қайықша құрылысын еске түсіреді, кең 
және көпжүйкелі, әрі ұзынша келген килі бар, қара бидайда бір жүйкелі 
өте жіңішке, арпада өте жіңішке және линиялы, сұлыда кең, әрі көптеген 
дөңес келген ұзынша жүйкелері бар. 
Әрбір  гүлде  екі  қабықшасы  болады:  масақ  қабықшасына  таяу 
орналасқаны  қалыңдау  болады  да  ол  сыртқы  гүл  қабықшасы  деп 
аталады,  ал  екіншісі  өте  жұқа,  әрі  нәзік  келеді  және  оны  ішкі  гүл 
қабықшасы  деп  атайды.  Гүл  қабықшаларының  арасында  екі  қалақты 
аналық аузы бар жатын мен үш аталық (күріште алтау) орналасқан. 
Жемісі  –  дән.  Қабықты  астықтарда  ол  гүл  қабықшаларымен 
қапталған. Жалаңаш дәнді бидайлар мен қара бидай дәндері қабықшадан 
жеңіл  ажырайды,  тары  ажырайды,  тары  мен  күріште  гүл  қабықшалары 
дәнді  тығыз  қабыстырады,  ал  қабықты  арпада  олар  дәнмен  бірігіп 
кеткен. Дәнді астықдақылдары гүл шоғырларының белгілері 36-кестеде 
келтірілген. 
 
36-кесте – Дәнді астық дақылдары гүл шоғырларының  
айырмашылық белгілері 
Дақыл 
Гүл шоғыры 
Білік тұғырындағы 
немесе шашақ 
бұтағының ұшар 
басындағы 
масақшалар саны 
Масақшадағы 
гүлдер саны 
Бидай 
Масақ 

3-5 
Қара бидай 
-//- 

2, кейде 3 
Арпа  
-//- 


Сұлы  
Шашақ  

2-4 
Жүгері:  
 
 
 
            аталық гүл шоғыры 
Шашақ 


            аналық гүл шоғыры 
Собық  
Масақшалар қос-
қостан орналасқан 
2, жоғарғысы 
ғана жеміс 
береді 
Тары  
Шашақ  

1-2 
Күріш  
-//- 
Бірнешеу  

Шай жүгері (сорго) 
-//- 


 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет