Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет157/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Кальций ортофосфатын алу
және олардың қасиеттері
6.Үш сынауыққа 3 тамшыдан кальций хлоридінің ерітіндісін құйып, біріншісіне Na2HPO4 екінші сынауыққа NaH2PO4 және аммиак ерітіндісін, үшіншісіне NaH2PO4 ерітінділерін қосыңдар. Не түзілетінін байқап, реакция теңдеулерін жазыңдар.
Тұнбаларды үйірткілеп, олардың сірке қышқылында ерігіштігін тексеріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Фосфаттарды боялған
қанатшалар түрінде алу
7.Сынауыққа 2-3 микроқалақша натрий-аммоний гидрофосфатын NaNH4HPO4(4H2O салып, оны жанарғымен қыздырып, балқытыңдар. Аммиак пен су буының бөлінуі тоқтағаннан кейін сұйық массаға кобальт тұзының немесе кобальт (ІІ) оксидінің бірнеше кристалын салыңдар. Балқыған массаның кобальттың сусыз тұздарына тән көк түске боялғанын байқаңдар. Кобальт қосылыстарының орнына хром тұздарының немесе хром (ІІІ) оксидінің түйіршіктерін алып тәжірибені қайталаңдар. Бұл жағдайда балқыманың түсі қалай өзгереді? Натрий-аммоний гидрофосфатының ыдырау және боялған інжу тұздарының түзілу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Мұнда біріншілік фосфаттарды қыздырғанда сәйкес метафосфаттар және су, екіншілік фосфаттарды қыздырғанда сәйкес дифосфаттар, ал үшіншілік фосфаттарды қыздырғанда ешқандай өзгеріс болмайтынын ескеріңдер. Бұл тәжірибеде түзілген натрий метафосфаты кобальт және хром оксидтерімен әрекеттесіп олардың фосфаттарын немесе қос тұздарын NaCoPO4 және 2СrPO4( Na3PO4 түзеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет